Жанар Айжанова карантин кезінде онлайн концертін ақылы түрде өткізбек

0
1 830

Әншінің айтуына қарағанда, желідегі тыңдармандары концерт беруін сұрап өтінген.


Жанар Айжанова карантин кезінде онлайн концертін ақылы түрде өткізбек

ERNUR.KZ. Карантин уақытында әркім сүйікті ісімен айналысуды әдетке айналдырды. Кей әншілер халықты қолдап, онлайн концертін берді. Ал, Жанар Айжанова онлайн концертін ақылы түрде өткізбек.

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады.

"Сіздер мені көндірдіңіздер. Мен жұма күні, сағат 10:00-де онлайн коцертімді беремін деп шештім. Ол концерт "zhanar_apai" парақшасында болады.

Онлайн-концерттің бағасы 3000 теңге. Оны картаға жіберіп, түбіртегін көрсетесіз. Сол арқылы концерт тамашалай аласыз. Өзіміз, шәй ішіп отырғандай, әңгіме-дүкен құрып концерт өткізейік", - дейді әнші.


Әншінің айтуына қарағанда, желідегі тыңдармандары концерт беруін сұрап өтінген.

Бұған дейін Роза Рымбаева, Әлішер Кәрімов, Абай Бегей, Бағлан Әбдірайымов тағы да басқа әншілер халықтың көңілін көтеру үшін жанды дауыста ән айтып, видеосын жүктеп жатты. Мәселен, күні кешек халықтың ерке әншісі Мақпал Жүнісова Болат Сыбановтың әнін шырқап, тыңдарманының көңілін көтерді.