Жанар Хамитова қайтыс болды

0
6 659

Әншінің достары мен әлеуметтік желі оқырмандары Жанардың жақындарына қайғырып көңіл айтты.


Жанар Хамитова қайтыс болды

"Арнау" тобының бұрыңғы әншісі, SuperStar.kz жобасының қатысушысы Жанар Хамитова қайтыс болды. Әнші таңғы сағат тоғыздар шамасында кіндік қаны тамған Қарқаралы жерінде, ата-анасының үйінде өмірден озған.

Бұл жайлы әнші Әбубәкір Ужазов (Әбу Кай) Instagram желісіндегі парақшасында жазған.

"Сене алар емеспін. Ардақты Ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді ЖАНАРДАН айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз ЖАНАР ХАМИТОВА! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...", - деп жазған ол.

Айта кетейік, Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" дуэтінде өнер көрсеткен. Кейін Жанар тұрмысқа шығып, шет елге кеткен еді.