"Жандүнием еркек": Боянып, тырнақ жалғатқан қазақ жігіті көрерменнен таяқ жеді

0
10 425

Қазақ жігіті бағдарламаға мойнына кірес тағып, басына тақия киіп келген.


КТК арнасындағы Астарлы ақиқат бағдарламасына басына тақия киіп, кірес таққан бет әрлеуші қазақ жігіті көрерменнің ашуын тудырды.

Әділ Хэйнс 4-сыныптан бастап алғаш боянып көріп, кейіннен ол туралы ұмытып, 9-сыныпта бояуларды қайта қолдана бастағанын айтады. Өзінің бүгінде толықтай макияжбен жүретінін, тіпті тырнағының өзіне 5 сағат уақытын жұмсағанын ашып айтты.

"Ата-анам бастапқыда мені түсіне алмады. Қазір бәрі жақсы. Мені осылай қабылдады. Менің жандүнием еркек. Мен тек сырт келбетімнің әдемі болғанын қалаймын. Сондықтан боянып жүрем. Өзім мұсылманмын. Құранды оқығанмын. Жан дүниемде өзімді әйел деп санамаймын. Жынысымды да өзгертпеймін 100% өзімді еркек санаймын", - дейді бет әрлеуші жігіт.

Сондай-ақ Әділ бағдарламаға не себепті қазақтың тақиясын киіп шыққанын да түсіндіре өтті.

"Тақияның мен үшін маңызы зор. Себебі ол өмірден өткен атамның тақиясы. Қазір өмірде жоқ. Алайда әруағы қолдап жүрсін деп кидім. Ал мойнымдағы кірес - жай ғана әшекей. Мен мұсылманмын", - дейді Әділ.

Бағдарлама қонақтары Әділдің іс-әрекетін қазақтың жігітіне тән қасиет емес деп бағалады.