"Жансақтау бөлімінде жатыр": Индира Расылхан отадан шықты

0
1 579

Екі сағат болуы керек ота уақытынан бұрын аяқталған.


Денсаулығы сыр беріп, ота үстелінен бірақ шыққан әнші Индира Расылханның қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды. Бұл туралы әншінің көмекшісі инстаграм парақшасында жазды. 2 сағатқа жоспарланған отаның сәтті өткенін, отадан кейін өнер иесінің жағдайы қалыпты екенін айтып, жұрттың дүға-тілектеріне алғыс білдірді.

"Аллаға мыңда бір Шүкір! Индира ханымның отасы сәтті аяқталда. Қазір жан сақтау бөлімінде! Толассыз келген хаттарыңызбен, тілеген тілек, дұғаларыңызға Алла разы болсын! Көрерменнің шынайы тілекші болғаны, құрбыларының, әріптестерінің ішінде беделді екені осыдан-ақ көрініп тұр! Екі сағатқа жоспарланған ота, бір сағатқа толмай сәтті аяқталды! Алаңдап жазған хаттарыңызбен, қоңырауларыңыз үшін үлкен рахмет! Көптің жақсы тілегімен аман-есен сол күндерді артқа тастадық! Алла қаласа, орталарыңызға әсем әнімен оралуын жазсын!" - дейді Арай есімді әншінің көмекшісі.

Еске салайық бұдан алдын әншіге ота жасалатыны туралы жазған болатынбыз.

ERNUR.KZ.