Жас қызбен билеген Төреғалидің әкесі желіде қызу талқыға түсті (видео)

0
12 325

Төреәлі мырзаның Гранд-баллда жас қызбен секіріп билеген видеосы тарады


Жас қызбен билеген Төреғалидің әкесі желіде қызу талқыға түсті (видео)

Айтқан әні де, жүрген жері де хит Төреғалидің бұл жолы әкесі хит болды.

Продюсер мырза Оралда өткен Гранд-баллда биші қыздармен секіріп билейді. Мұны көрген желі оқырмандары "Әкеңіз сізге ұқсап билейді екен. Биді сізден үйренген бе?", "Мамаңыз жас қыздардан қызғанбай ма?", "Мамаңыздың күйеуі жақсы билейді екен" деген сынды пікірлерін қалдырған.

Естеріңізге сала кетейік, осымен төртінші рет өткізіліп отырған қайырымдылық балдың ұйымдастырушысы танымал продюсер Алпамыс Шәрімов. Бұл жолы да балда еліміздің танымал тұлғалары бой көрсетті. Олардың қатарында тележурналист, кәсіпкер Динара Сатжан, әнші Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова сынды белгілі жұлдыздар бар.

Фото-видео әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ