Жасы келіп үйленді: Роза Рымбаева ұлын қайын жұртына майын тамызып мақтады

0
2 135

Желіде Әли Оқаповтың тойынан видеолар тарады.


Жасы келіп үйленді: Роза Рымбаева ұлын қайын жұртына майын тамызып мақтады

Қазақстанның халық әртісі, эстрада дүлділі Роза Рымбаева осыдан біраз күн бұрын келін түсіріп, көптен күткен арманы орындалды. Өнер иесінің тұңғыш ұлы Әли Оқапов үйленіп, анасын қуантты. Әнші жігіттің таңдауы өнердегі әріптесі, "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбайға түскен. Ресми түрде ене атанған Роза Рымбаева ұлының тойын қарапайым етіп өткізді.

Әли Оқаповтың үйленетіні жайлы алып-қашпа әңгімелер ел арасына біраздан бері тараса да, әнші бұл жайлы тіс жарып ештеңе айтпаған. Өзінің шаңырақ көтергені жайлы жеке парақшасында да жарияламады. Тек әлеуметтік желілерде Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойы Атырау қаласында өткені, Әли Оқаповтың күйеу атанған туралы видеолар тарады. Видеолардың бірінде Роза Рымбаеваның ұлын мақтап, құдағиына тілек айтқаны да бар.

"Егер біз бір нәрсені дұрыс жасамай жатсақ, сіздерді сыйламағандық емес, біздің жақтың ерекшелігі сондай. Солай деп қабылдаңыздар. Өмір алда, әлі талай бір-бірімізге барыс-келіс болады. балаларымыздың ортақ қуанышында бір-бірімізге тірек болып жүреміз. Осы балалар үшін ұзақ өмір сүрейік, бірақ алжымайық. Біздің баламыз бен Ақерке екеуі де жастары келіп, ақылдары толысқаннан кейін ғана бір-бірімен қосылып жатыр. Екеуі де бұған дейін көп оқыды. Менің ұлым 6 жасынан бастап фортепианода оқыды. Одан кейін 4 жыл академияда, кейін екі жыл магистратурада оқыды. Мәди де соның жолымен келе жатыр. Біздің Әли барлық оқуын қызыл дипломға бітірген. Мен оған "Мүмкін, балам, Англияға барып оқисың" дедім. Ол "Жоқ мама, мен сенің қасыңда болам. Мен үйдің үлкенімін, мен Мадиге пападаймын деді" , - дейді халық әртісі желіде жарияланған видеода.




Парақша оқырмандары Роза Рымбаеваның жүрекжарды тілеген қуанышпен қабылдап, Әлиді мақтауға лайықты екенін жарыса жазып жатыр.

"Керемет сөз!", "Балаңыз мақтайтындай бала, кішіпейіл", "Бақытты болсын балалар", "Жастар бақытты болсын", "Өте жарасымды", "Роза ханым үшін қуаныштымыз", - деп жазған оқырмандар.


Айта кетсек, Әли мен Ақерке осы уақытқа дейін жақын қарым-қатынаста екендерін жасырып келген. Оқапов сүйіктісіне шілденің басында ұсыныс жасаған болатын. Ақерке Бүркітбай Instagram парақшасына тұрмысқа шығатынын айтып, фото салған.