"Жауап беретін кез келді": Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші мен әзілкешті сотқа берді

0
5 578

Адамның "пікірі" болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс.


ERNUR.KZ. Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповты сотқа берді, - деп жазады tengrinews.kz.

Сұлтанқызының адвокаттарының айтуынша, сотқа шағымдануға әлеуметтік желілерде Ләйлә Сұлтанқызы жайлы көрінеу жалған мәлімет тарату және ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін пікірлер себеп болған.

"Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Жеке адамның қадір-қасиеті жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің нормаларымен қорғалады. Олардың арасында жала жабу және адамды қорлау. Егер адамның "пікірі" болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс", - деп мәлімдеді Ләйлә Сұлтанқызының құқыққорғаушылары.

Сотқа шағым түсіргенін Instagram желісінде Ләйлә Сұлтанқызының өзі де жазды.