Жазира Байырбекова: "Халық қатты қошеметтеген күні үйге келіп көзіме жас алдым"

0
5 935

Жазира Байырбекова халық қатты қошеметтеген күні көзіне жас алғанын айтты.


Жазира Байырбекова:

Жазира Байырбекова халық қатты қошеметтеген күні көзіне жас алғанын айтты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жан-сырын ақтарып төмендегідей жазба жариялады.

Жазира Байырбекова: "Халықтың ортасына түскенде xалық мені құшақтап, сүйіп,қолымнан алып,шын жүректерімен жылы лебіздерін айтып,қатты қошеметтеген күні үйге келіп көзіме жас алдым. Мені соншама xалық жақсы көретіндей мен xалық үшін не істедім.Аллам маған осындай бақ берді мен оны бағалай алып жүрмін бе?Неге мен жалқаумын.Осы қошеметке лайықты болу үшін тағы не істеуім керек.Деген ойлар мені мазалады. "Әр нәрсені жүрегіңмен қабылдай берме,жеңіл қара,аса салмақты болма,ертеңіңді ойлап уйымдай берме .Өз ісіңе мақтанышпен қара. Сен салт дәстүрімізге үлес қосып ,әріптес қыздарға (қыз ұзату,тұсау кесу әндерін бастап) жол көрсеттің.Олар саған алғыс айтып жүр.Қаншама сәбилер сенің әндеріңмен ұйықтайды. Қалай ештеме істемедім дейсің"-деп жұбатты мені Жанболат. Әр нәрсені терең ойлана берсең де қиын екен.Бұл жағынан әпкең Лаззаттан үлгі ал. Сондай көңілді жүр, жеңіл қабылда дейді. Туған әпкем Лаззат екеуміздің екі түрлі болғанымыздың да бір жақсылығы бар шығар. Бір-бірімізден үлгі алып жүреміз..."

Мұны оқыған желі қолданушылары шынымен балаларының Жазираның әнімен ұйықтайтынын айтып, "Жақсы көрем сізді үлгі тұтар қазақ қызысыз. Ұлдарым сіздің әлдиіңізбен ұйықтайды. Аллам сізге нәресте нәсіп етсін! Сонда басқа ойлар басыңызды қатырмайды. Жанболатыңыз аман болсын бастысы", "2 дуниеде де Алланың сүйген құлысыз деп ойлаймын. Сондықтан болар сізге бақ беріп отырғаны. Сіз бізге өнерде де, тұрмыста да үлгісіз! Сіз шетелге еліктеп жалаңаштанып, қалай болса солай киініп жүрген жоқсыз. Қазақтың болмысын, салт-дәстүрін насихаттап жүрсіз!" деген сынды ақжарма тілектерімен сүйікті әншілерін демеп қойды.

Фото: @zhanbolatzhaziraa

ERNUR.KZ