Жазира Байырбекова: "Көмекшілерімнің біріне айтып-айтып тастадым..."

0
2 901

Әнші ашуланған кезде қалай сабырға келудің тәсілімен бөлісті.


Жазира Байырбекова:

Сыпайы, нәзік болмысымен көпшіліктің сүйіктісіне айналған Жазира Байырбекова көмекшісіне ашуланған. Бірақ әнші өз ашуын қалай жеңгенін желіге жариялап, оқырмандарының ойын сұрады.

Жазира Байырбекова: "Іште сақтамай айту керек нәрсені Айтып тастаған дұрыс дейді.Солай ма?!
Ватсапқа аудиомен көмекшілерімнің біріне айтып-айтып тастадым да ,жібермей өшіре салдым.
Сонда да ашуым басылып жеңілдеп қалдым".



желі оқырмандары әншінің ойымен келісіп, кейде іште сақтамай айтқанның дұрыс екенін жазған. Олар "Айтып тастайтын сөзіңде нақты негіз негіз болса ,көптен ішіңде сақтап, айтатын уақыт таба алмай жүрсең, халық жиналған жерде емес,жеке жерде болса, айқайламай, ақырын ғана, көңіліне қарап, неге айтпасқа? Мен де айтып тастаған кездерім болды, бірақ эмоциям басым болған соң, қатты кеттім ғой деймін, көп жыл құрбыммен қарым қаиынасымыз үзілген болатын, жастау кезім ғой, онша мән бермей көңіліне келгеніне эмоцмяма жол бердім, ашуланғанда сөз түйдек-түйдегімен шығып жатты. Дұрыс болмады ғой, бірақ іште ашуын сақтап, ұнатпайтын, ашуын сақтаған адамға өтірік күлімдеп қарап, құшақтап жатқан екіжүзді адамдарды ұнатпаймын", "Тамаша практика, механикалык тұрғыда іштен шықты ма? Шықты. Демек сіз бірнеше қауіпі бар аурудан өзіңізді сақтадыңыз. Дәлелденген" деген сынды пікірлерін жазуда.