"Жіберемін мамалатып": 91 тобы жаңа стильдегі бейнебаянымен елді тағы шулатты (видео)

0
4 966

Бейнебаян өте қарқынды таралып жатыр.


Тыңдармандарына "Мен емес" деп аталатын жаңа бейнабаян ұсынған Ninety one тобы көпшілікті тағы да шулатты. Бұл жолы бейнебаян стилі мүлде өзгеше. Топты тек заманауи стильде көріп, көзі үйренген жанкүйерлерінің таңғалысы басым. Видео Youtube желісіндегі NINETY ONE тобында жарияланды.

Бейнебаяннан қазақы салт-дәстүрге тән бүркіт, киіз үй, күлтегін ескерткіші, тазы ит, ежелгі түркі жазулары, қазақтың ақын-жазушыларының суреттерін көруге болады. Бірақ топ әншілерінің сырт келбеті өзгермеген. Киім мен шаш үлгісі бұрынғы қалыпта.

Бейнебаянды көрген желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Жастар жағы бұл өзгерісті жақсы қабылдап:

"Қазақстанда әлі болмаған бейнебаян", "Көп күттірген бейнебаян", "Сәтті шыққан туынды", "Сапаға жұмыс істейтіндерін тағы бір мәрте дәлелдеді", "Ән де бейнебаян да тамаша", "Үлкен еңбекпен келген клип екендігі көрініп тұр", "Жарайсыңдар жігіттер" - деген пікірлерін қалдырып жатыр.

"Сырға тағып, бүркіт ұстаған жігіттерді бірінші рет көрдім", "Хайп үшін түсірілген дүние", "Сөзінің еш мәні жоқ, сөзі мен көрінісінде мүлдем үйлесім жоқ" - деген сын пікірлер де жазылған.

ERNUR.KZ.