«Жігіттер, мыналарың ұят»: Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербек АҚШ қазақтарын сан соқтырып кетті ме?

0
3 371

АҚШ-та тұратын қазақтарды алдап кеткен.


«Жігіттер, мыналарың ұят»: Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербек АҚШ қазақтарын сан соқтырып кетті ме?

Олар өздерінің 3 сәуірде Орландо қаласында жоспарланған концертіне келмеген.

Бұл туралы Facebook парақшасында Айжан Хамит есімді қолданушы жазды. Жазбада айтылғандай, Мейрамбек пен Ғазизханның хит әндерін тыңдау үшін қазақтар әр штаттан жиналған. Алайда концерт болатын күні қос әнші жоспарланған кешке келмеген. Сөйтіп, олардың қымбат ақшаға сатып алған билеттері күйіп кеткен.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=10166905734460599&id=598400598

"Мына жақта масқара болып жатыр. 3 сәуір күні Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербек АҚШ-тың Орландо қаласындағы қазақтарға концерт өткізбекші болған. Қазақтар мәз. Билет сатып алған қазақтар әр түрлі штаттан келген. Алайда екі жұлдыз концертке келген жоқ. Қазақтар телефон соқса, "ойбай концерт па?" деп ештеңе білмегендей отыр. Екі ортада ұйымдастырушылар кінәлі болып қалды. Залдың ақшасын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр. Жігіттер, мыналарың ұят енді. Мына жақта ерігіп жүрген адам жоқ. Барлығы жұмыс істеп ақша тауып Қазақстандағы туыстарын асырап жүр", - деп жазды Айжан Хамит.