"Жиіркенішті": Төстартқышсыз фотоға түскен Жолдыбаева желіні шулатты

0
5 564

Бірінен бірі өткен ашық фотолар бірден елдің қызу талқысына түсіп, сынға қалған.


Қазақстандық шоу-бизнес өкілі, әнші, актриса, Кәмшат Жолдыбаеваның фотолары желіні тағы бір шулатты. Әнші instagram желісіндегі парақшасында бірден бірнеше ерекше образдағы суреттерімен бөліскен. Бірінен бірі өткен ашық фотолар бірден елдің қызу талқысына түсіп, сынға қалған.

Жолдыбаеваның суреттеріне қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Бірі оны ашық образдары үшін сынап жатса, енді бірі керісінше оның мінсіз мүсініне тамсана қараған.


"Бұл бір кем дүние", "Мынауың ұят енді", "Әбден ұят болды, басқа не айтамын", "Жиркенішті ғой", "Кәмшат, қазақ екеніңді ұмытпағайсың, не істесең де басқа ұлт бола алмайсың, өзіңе деген құрметті жоғалтасың. Қазаққа жат қылық, одан заманауи бола алмайсың!", " Көрмеген жерің қалмады ғой, таза ғана жалаңаш тусе салмадың ба?", - деп жазады сынға алған оқырмандар.


Ал екінші тарап болса, "Сен керемет қызсың. Алла тіл көзден сақтасын!"," Мына жерде от болып тұрсыз. Сөз жоқ! Сіздің фотолорыңыздың барлығы сондай керемет шығады" деп жазады.