"Жоспарлаған жоқпыз": Нұрғали Нүсіпжанов пен жас келіншегі шипажайда концерт берді (видео)

0
4 823

Жадыра Сейдеш әншінің концертін өзі жүргізген.


Әлеуметтік желіні шулатып 82 жасында өзінен 45 жас кіші журналист қызбен отау құрған Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов пен жас келіншегінің шипажайда өткізген концертінің видеосы пайда болды. Концертті әншінің жас жұбайы Жадыра Сейдештің өзі жүргізген.

Кештің үзіндісін бейнежазбаға түсіріп алған "Жаркент Арасан" шипажайы оны өзінің желідегі парақшаларының бірінде бөліскен.

Видеода әншінінің жас әйелі тележүргізуші Жадыра Сейдеш санаторийде емделіп жатқандардың барлығына мықты денсаулық тілеп, өзінің жұбайының барлық атақ-даңқын тізіп шыққан.

"Армысыздар, ардақты ағайындар! Шипажайда біз концерт береміз деп жоспарлаған жоқпыз. Әсіресе менің жүргізуім аяқ асынан болып тұр. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Алып жатқан емдеріңіз күш-қуат беріп, аман-есен оралуды жазсын. Бала-шағаларыңызбен қауышуларыңызға тілектеспіз. Қасиетті жер жәннаты Жетісуға Нұрғали Нүсіпжановтың келуі бірінші рет емес. Бұл кісі осы өңірден түлеп ұшқан. Сондықтан Нұрғали Нүсіпжанов ағамызды шақыруға рұқсат етіңіздер", - дейді Жадыра Сейдеш.

Әнші өз өнерін тамашалауға жиналған көпшілік алдында бірнеше ән орындаған.