Жұлдыз Әбдікәрімова: "Мені құтырған әйел деп ойлайды екен..."

0
4 017

Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің желідегі парақшасына "Мені құтырған әйел деп те ойлайды екен..."​ деп өзінің желіде кең тарап кеткен төмендегі суретіне түсінік берді.


Жұлдыз Әбдікәрімова:

Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің желідегі парақшасына "Мені құтырған әйел деп те ойлайды екен..." деп өзінің желіде кең тарап кеткен төмендегі суретіне түсінік берді.


"Осы фото суреттің өмірбаянын қысқаша жазып кетпеске болмас, себебі көптеген басқа парақшаларда қыдырып, ел арасында қызу талқыға түсіп жүр екен. Әркім өз тарапынан әртүрлі нұсқалар жазып, тіптен қазір мені (шешіп тастап ) құтырған әйел деп те ойлайды екен.

2009 жылы Астана қаласында, меганың ішінде Сезімді ойнатып болып, отырған сәтте естелікке "өзімізге" деп түскен едік негізі. Ескі танысымыздың телефонына түсен едік. Менің жасым шамамен 20-да, жүктілік 8ай (Алауға), Сезім 1 жаста, Ақпатшамды айына 1-ақ рет көрсем көрдім көрмесем "ақ жол" деп, тілеп отыратын кез. Себебі сол кезеңдерде концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарға көп шығатын. Үстімдегі киімге тоқталатын болсақ: Басымдағы қара повязка, шашым ұзыыын, үстімдегі кең қара туника. (Иығымның бір кішкене бөлігі көрініп тұр)" деген әншінің жары бұл суретте өзінің орамал тақпағанын айтты.

Мұны оқыған желі қолданушылары "Жұлдыз хиджап киіп алған" деп ойлап жүргендерін жасырмады. Арасында ғана иығының ашық тұсын байқағандар табылған. Десе де Жұлдыздың түсіндірмесіне дейін көп адам бұл суретке аса мән беріп қарамағандықтарын айтты.

Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial

ERNUR.KZ.