​«Жүрегімді берейін, түтіп жеңіздер»: Гүлзира Айдарбекова кімге ренжулі?

0
12 783

Қайрат Нұртастың анасы ұлын сынағандарға жауап берді.


​«Жүрегімді берейін, түтіп жеңіздер»: Гүлзира Айдарбекова кімге ренжулі?

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді сынайтындар бұрыннан көп. Олардың ішінде өнер әлемінің майталмандары да жоқ емес. Бірнеше уақыт бұрын желіде КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың екі әншіні салыстырып, Қайратты «жерге» теңеген видеосы тараған еді.

Оған қатысты Қайраттың анасы әрі продюсері бүгін желіге жазба жариялады.


«Димаш пен Қайратты Бибігүл апамыздан бастап салыстырып әлек. 3 жыл бұрын бір шулатып еді, жарайды құрметті анамыз, қартайды ғой жарайды дедік, енді мынаны көріп Оған жауап: Димашымыз бәйге атындай әлемдік деңгейдегі баршамыздың мақтанышымыз, оған ешкімнің таласы жоқ! Ал Қайрат көкпардың аты секілді, Бәйгенің аты көкпарды ала алмайды, ал көкпардың аты бәйгені ала алмайды. Қыран құстай самғаған қос қанатымызды бір-біріне улап жатқандарға айтарым: Қыран құстың арқасына мінетін бір-ақ құстың түрі бар, ол қарғалар. Бірақ қыран құс, қарғаны үстінен түсіремін деп әлек болмайды. Ол биікке самғай береді, самғай береді. Ауа жетпеген қарға өзі-ақ сырғып төменге қарай құлдилайды екен.

Мейлі жер дей берсін, жерден бүкіл адамзат қоректенеді, туған жердің бір уыс топырағына зар қаншама шетел асқан бабаларымыз бар, өміріңнің бәрін көкте емес, жерде өткересің, тіптен о дүниелік болғанда сол жердің қойнына кіресің. Жер деп сайрап отырған апамыздың өзі жер басып бақытын елден тауып жүр, көкте ұшып жүрген жоқ. Жеріміз үшін қаншама халқымыз қасық қаны қалмағанша арпалысты да, сол жер біз-ақ бола берейік. Құс қанша ұшса да, оның табатын қорегі жерде, Адам қанша тәккаппар болғанымен баратын жері көрде. Қайрат ешкімнің ала жібін аттап, ешкімнің отбасын ойрандап не болмаса ешкімнің ата-анасын өлтірген жоқ. Не деген өшпенділік, еш түсіне алар емеспін! Көпке топырақ шашпаймын, қолдап-қорғап жүргендер үшін алғысымды айтудан шаршаған емеспін. Бірақ мына апамыздан бастап кей адамдар, халықты Қайратқа жауындай айдап салатындай, Қайратты неге кең жерге сыйдыру соншалықты қиын болып кетті? Айтсам айтты деп ренжімессіздер, Қайрат аты шыққалы жала жабу, жексұрын көрсету хайп болып кетті, өршімесе тоқтар емес. Мен - анамын, менде де жүрек бар. Болмаса берейін, түтіп жеңіздер, мүмкін сол кезде даттаған кісілердің маңдайына қарағайдай мүйіз шығар?! Ұрпағымыз өссін-өнсін деп бата беретін дана аналарымыз осылай деп, немересіндей балаға қадалса, менің айтарға сөзім жоқ”, - деген продюсер жазбаға қоса Қайрат туралы видеоларды топтастырған.

Онда Бибігүл Ахметқызының пікірі мен танымал әнші Өктем Алтаевтың ойы және Қайраттың естелік видеолары бар. Бұл жазбаны оқыған оқырманның кейбірі тіпті көздеріне жас алғандарын айтуда.

Мысалы, «Гүлзира ханым мен сіздің постыңызды оқып, көңілім босап жылап отырмын. АНасыз, иә өзі айтады ғой, құрт та дəмді алмаға түседі деп. Сондықтан да сіз ренжімеңіз, КАЙРАТЫМЫЗДЫҢ орны бөлек ешкім ҚАЙРАТТАЙ бола алмайды тек алға! Əлі талай хит əндер күтеміз ҚАЙРАТТАН, аман болыңыздар!» деген оқырмандар, «Кімнің тыңдарманын анықтау үшін, Қайратпен бірдей уақытта ән кешін өткізсін!» сынды пікірлер айтқан. Ал бір бөлігі әркімнің таңдауы боларын айтып, құрмет танытуды сұрайды.

Сіздің таңдауыңыз қандай әнші? Ойыңызды пікірге бөлісіңіз!

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет