"ЖҮРГІЗУШІСІ ЖОҚ": Қытайда Димаштың әндері орындалатын жаңа көлік шығарылды

0
342

Қытайда жүргізушісіз компьютермен басқарылатын көлік шықты. Оның ішінде Димаш Құдайбергеновтың әндері орындалатын караоке бар.


Аспанасты елінде Димаштың әндері орындалатын караокесі бар су жаңа көлік шықты. Бір қызығы, ол жүргізушісіз қозғалады. Бұл туралы көліктің тұсау кесерінде болған Димаш инстаграмдағы өз парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Әлі сатылымға шықпаған жаңа нұсқадағы көліктің түсірілімінде болдық. Бұл көліктердің ішіндегі караокеде менің әндерім бар. Және де, аталған көлік жүргізушісіз қозғалады. Бұл көлікпен белгілі бір жерге жету үшін тек қана компьютерге нұсқау беріп, барар жеріңді белгілесең болғаны. Технология ғасыры.. Бейжің. Қытай", - деген жазба қалдырды әнші.



Естеріңізде болса, бұған дейін Димаштың суреті бейнеленіп, есімі берілген ұшақ та Қытайдан шыққан болатын.


Ал, Димаштың жанкүйерлері әдеттегідей құттықтап, қолдау бірдіріп жатыр.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет