​«Жылқылардың жамбасында KN таңба...»: Қайрат Нұртас 100 бие, 80 жабағысын сатылымға шығарды

0
19 803

«65 миллионға береміз»


​«Жылқылардың жамбасында KN таңба...»: Қайрат Нұртас 100 бие, 80 жабағысын сатылымға шығарды


Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков «Инстаграмдағы» прақшасына жарнама салды.


«Достар, сатылатын 100 бие, 80 жабағы бар. Степногорск қаласында. Жас жылқылар. Айырбастау қарастырылады», - деп жазды әншінің әкесі.


Қызығы сол, жарнамадағы суреттер мен видеодан сатылатын жылқылардың бәріне «KN» таңбасы басылғанын байқайсың. Нұртас Айдарбековтың оқырмандары бұл жарнаманы қызу талқыға салды.


«Қайраттың жылқылары болғым келіп кетті ғой», «Таңбаны қатырыпсыздар», «Өлең айтатын жылқылар сияқты», «Жағдайларыңыз түк жоқ екен ғой», «Анда барсаң КН, мында барсаң КН, енді жылқының жамбасы да КН бопты ғой» деп жазды көпшілік.


ERNUR.KZ тілшісі жарнамада көрсетілген нөмірге хабарласып, жылқылардың бағасын білді. Тұтқаны жұлдызды отбасының екінші келіні Әйгерім Сәркенова көтерді. «Қора-жайы бар жоғын білмеймін, оны папамнан сұрап көру керек. Ал негізінде бәрін 65 миллионға бағалап отыр. Нақтысын папамның өзіне звондап біле аласыздар», - деді ол.


Қысақасы, қалтаңызда 65 миллион теңге болса, Қайрат Нұртастың таңбасы басылған 100 жылқы мен 80 жабағы сіздікі болмақ. Кімге бұйырар екен?