​Әйелдердің ІШІ ШЫҒЫП кетуіне мына 7 жағдай СЕБЕП болады

0
15 546

Көп әйелдің проблемасы да осы...


​Әйелдердің ІШІ ШЫҒЫП кетуіне мына 7 жағдай СЕБЕП болады

ото: albom.kz

Іштің шығуы – әйелдердегі ең басты проблема. Оны жоятын жолдың сан түрін іздейді. Әрқайсысын сынап көреді. Нәтижесіне көзі жетпей жатып, құрбыларын үгіттейді. Өйткені екі әйелдің басы қосылғанда толып кеткендерін сөз етеді. Арықтау үшін қандай әдісті қолданып жүргенін де жасырмайды. Десе де, толықтық жасқа, генге, мінезге байланысты болады. Ал өзі арық, бірақ іші шығып кеткен мүсін ше? Ол ненің белгісі? Іштің шығуына не себеп болады? Бұл туралы білгіңіз келсе, төмендегі жазбаға назар аударыңыз.


Іштің шығуына:

  • іштің бұлшық етінің әлсіздігі;
  • зат алмасудың нашарлығы;
  • жүріс-тұрыстың аздығы;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • жас қосу;
  • стресс;
  • ұйқының бұзылуы себеп болады.

Біздің бүгінгі қозғап отырған тақырыбымыз өте маңызды әрі үш әйелдің жанын жеп жүрген проблема. Бірақ ішті кетірудің медициналық та, косметикалық та, диеталық та түрін ұсынбаймыз. Кез келгеніміздің қолымыздан келетін, қалтамыз көтеретін денсаулығымызға да, сұлулығымызға да пайдалы кеңестерге назарыңызды аудартамыз.


1. ІШТІҢ БҰЛШЫҚ ЕТІНІҢ ӘЛСІЗДІГІ

Қарын – май жиналатын орын емес. Оның жиналуына бұлшық етіннің әлсіздігі, физикалық салмақтың жеткіліксіздігінен ішкі ағзалар төмен түседі. Салдарынан тері созылып, нәтижесінде қарын үлкейеді. Бұл кез келген нәзікжандылар үшін проблема. Қай жаста да сымбатымыздың сымдай болғанын қалайтынымызды жасырмаймыз. Қарынның шығуы асқазан мен ішек жұмысына да кері әсерін тигізеді. Сондықтан да бұл келеңсіз жағдаймен күресудің амалын қарастырамыз.

Не істеу керек?

Бұл бас ауыртар проблеманың шешуі – физикалық салмақты көбірек салу керек, ішке пресс жасайсыз, баяу жүгіресіз, жаяу жүресіз. Мүмкіндік болса дәріханада сатылатын арнайы корсет киесіз.


2. ЗАТ АЛМАСУДЫҢ НАШАРЛАУЫ

Зат алмасу жүйесі – эндокриндік және жүйке жүйесінің жұмысына жауапты. Одан бөлек, мидың жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Егер сіздегі қалқанша безде немесе жүйкеңізде қандай да бір өзгеріс болса, онда дұрыс тамақтанғаныңыз да, диета ұстағаныңыз да, тіпті жаттығу жасағаныңыз да көмектесе алмайды. Аталған ағзаны емдемейінше, ішіңіздің кішіреймейтініне сенімді болыңыз.

Не істеу керек?

Егер қалқанша без ауруынан күмәніңіз болса, онда уақыт созбай эндокринолог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Тіпті, невропатолог маманмен де кеңесіп алудың артықтығы болмайды.


3. ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҢ АЗДЫҒЫ

Байқасаңыздар, күн ұзақ бір орында отыратындардың, көлік (әсіресе ұзақ жолға жүретін еркектердің) жүргізетіндердің қарны шамадан артық өсіп кетеді. Қарынның үлкендігі майға нан жағып жеп, жата қалатын жандарды елестететіні анық. Сондықтан да танымайтын адамның ойында «ашкөз» деген атты арқаламау үшін, қозғалысты көбейтіңіз.

Не істеу керек?

Өте қарапайым. Ішті қалпына келтіру үшін сізге 7-10 күн жетеді. Таңертең ұйқыдан тұра салысымен 1 стақан жылы су ішіп, 15-20 минут жаяу жүріңіз. Қарама-қарсы душ қабылдаңыз. Сосын ішке пресс жасап алып, 1 сағаттан соң таңғы асқа отырыңыз. Міне, осы кеңесті үзбей әрі уақытылы жүргізсеңіз, өзіңіз ойлаған сұлу мүсіннің иесі боласыз.

фото: Яндекс.Новости

4. ДҰРЫС ТАМАҚТАНБАУ

Егер сіз тамақтану мәзіріңіздегі ыстық шоколад пен май жағылған тоқашты алып тастасаңыз, бірінші проблемаңыз шешіледі. Өйткені бұлай тамақтану ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді де, нәтижесінде ішіңіз үлкейіп, денсаулығыңыз нашарлайды.

Біздің дұрыс тамақтану дегеніміз – майды, ақуыз бен көмірсуды 1:1:4,5 көлемінде қабылдау. Тап осы сәйкестің сіздің дұрыс тамақтанатыныңызды айғақтайды. Егер сіз күш салып жұмыс істейтін болсаңыз, ақуызды азайтып, есесіне май мен көмірсуды көбейту керек. Сондықтан да денсаулығымыздың басты қаруының – тамақ екенін ескерсек, оның дұрыс, уақытылы әрі құнарлы болғанына да көңіл бөлуіміз керек. Тамақтану мәзіріңізді май, ақуыз, көмірсу, жасұнық, дәрумендер мен минералды заттармен толықтырыңыз. Егер сізге дұрыс тамақтану кестесін құру қиындық тудырса, онда диетолог маманның көмегіне жүгініңіз.


5. ЖАС ҚОСУ

Адам жыл сайын бір жас қосады. Тәніміз бен терімізде де өзгеріс болады. Жас ұлғайған сайын қалқанша бездің жұмысы нашарлайды, эстрогеннің көлемі азаяды. Әсіресе, қимыл-қозғалысы көп әйелдердің қуаты кемиді де, қарны шыға бастайды. Одан бөлек, климакс басталғанда да әйелдердің іші қатты өзгеріске ұшырайды. Бұл түсінікті жағдай. Еттеккірдің үзілісі кейбір гормондардың бөлінуіне кері әсер етеді. Тәбеті де өзгеріп, тәттіге құмарта бастайды.

Бірақ ішті кетіру үшін диета ұстау, аштыққа отыру өте қате шешім. Бұл әдіспен керісінше саулығыңызды құртып аласыз. Нәтижесінде, ұйқысыздық, теңселу, тері ауруларына шалдығасыз.


6. СТРЕСС

Көтеріңкі көңіл-күй мен болашаққа деген сенімділік – әдемі мүсіннің кепілі. Ал мазасыздық пен стресс – іштің шығуына себепші болады екен. Бұндай жағдайда кейбіреулер салмақ тастағанымен, іші сол қалпы қалады. Ал жағдай тұрақталған соң жоғалтқан салмағын қайта жинап алады. Стресс кезінде адам ағзасындағы кортизол гормоны белсенді түрде бөлінеді. Нәтижесінде майдың бәрі қарын мен желкеге жиналады.


7. ҰЙҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Ұйқының қанбауы мен көп ұйықтау салмақтың артуына әрі іштің шығуына ықпал етеді. Дені сау адам 8 сағат ұйықтау керек. Егер сіз 10-12 сағат ұйықтайтын болсаңыз, онда іштегі жиналған маймен күресіп күніңіз өтеді. Ал 4-5 сағаттық ұйық кортизолдың бөлінуін жеделдетіп, стреске шалдықтырады. Сондықтан да ғалымдардың ең тиімді деп тапқан 8 сағаттық ұйқысын қанағат етіп, саулығыңызды сақтауға кеңес береміз.


Дереккөз: wday.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АНТИБИОТИК қабылдағаннан кейін АҒЗАНЫ қалай қалпына келтіруге болады?


МАРГАНЕЦ ерітіндісі АНГИНАНЫ емдейді


ТӘТТІГЕ құмарлық қандай ҚАУІПТІҢ белгісі екенін білесіз бе?