​Әр аурудың өз "иісі" бар: денеңізден бөтен иіс шыға ма?

0
7 469

Пневмония болған адамнан күйген еттің иісі шығады екен.


​Әр аурудың өз

Ауру белгілері көп ретте ағзаны ауыртып белгі береді. Алайда, білінбей денеде ұзақ жүріп барып бірден алып түсетін аурулар да бар. Тек ауырған кезде ғана емес сондай-ақ денедегі өзгерістерге,тіпті ауыз бен денеден шығатын иіс арқылы да ауруды анықтап алдын алуға болады.

Ауыздан шыққан жағымсыз иістің себебі жеген сарымсақ пен жуылмаған тістен ғана болмауы мүмкін. Себебі көптеген аурулардың өзіне тән иісі болады. Мысалы, бауыр ауруында несепнәрдің иісі ерекше тәтті болып шығады. Демнен бөлек ағзаның қалыпты иісі де өзгеруі мүмкін. Денедегі мұндай өзгеріс зат алмасу, асқорыту, тынысалу жүйелерінің, гормоналды тепе-теңдіктің бұзылуынан, тіпті қатерлі ісік ауруларынан да хабар береді. Ағзадағы сасық иіс арқылы ауруды анықтау ерте кезден болған. Сол кездегі дәрігерлер иісті диагоз қоюдың бір тәсілі ретінде қарастырған. Қазіргі кезде ғалымдар аурудың түрін анықтайтын арнайы жасанды мұрын құрылғысынқұрастыу жолында белсенді жұмыс жасауда екен. Осыған байланысты мамандар денедегі және ауыздан шыққан иіске, оның өзгерсіне мән беріп қарауды ұсынады.


Денедегі иіс - ол не?

Әрбір адамның өзіндік ерекше иісі болады және ол өмір ағымында өзгеріске ұшырайды. Біздің денеміздегі иістер көп ретте не ішіп, не жегенімізге байланысты болады. Алайда өмір сүружағдайы мен жас ерекшелігіне қарамай-ақ пайда болатын кейбір ерекше иістер - уақыт өткізбей дәрігерге қаралу керектігінің белгісі. Себебі инфекция адам ағзасына түскен соң оның иісін өзгерте алатыны ғылыми түрде дәлелденген. Жағдайға байланысты сасық иіс дененің әр жерінен шығуы мүмкін – бастан аяққа дейін.


Иіс және иммунды жүйе

Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, иммунды жүйесі аурумен күресуді бастаған адамның ағзасында ерекше иіс пайда болады. Ол иіс иммунды жүйе аурумен күресе бастаған сәттен кейін 4 сағаттан соң-ақ шыға бастайды. Ауру адамның иммунды жүйесі белсенді жұмыс жасаған сайын бөлінген тердің иісі қатты сасық шығады.


Денедегі тердің иісі нені білдіреді?

Қатты терлейтін адамның жанында тұру өте қиын жағдай. Әсіресе одан шығатын тердің иісі өте қатты және сасық болса тіптен қиын.


Ащы, сасық тер иісі

Өмірдің белгілі бір кезеңдерінде тіпті сау адамның өзі әдеттегіден қатты терлеп, одан сасық иіс шығуы мүмкін. Бұл жағдай енді өсіп, жыныстық жетілу кезеңінен өтіп жатқан жасөспірімдерде және еттеккір үзілісінде жүрген әйелдерде болады. Бұл жағдайда тершеңдік гормондық фонның өзгеруі салдарынан орын алады.

Ал басқа кезде дәл осындай қатты, сасық тер иісі шығатын болса, онда денсаулықта мәселе бар деген белгінің бірі. Бірден шығатын қатты иіс қалқанша безі ауруынан хабар береді. Мұндай кезе әсіресе қолтық пен сыртқы жыныс ағзаларынан қатты сасық иіс шығып тұрады.


Қой жүніне ұқсас тер иісі

Бүйрек безі ауруына шалдыққан жандардың денесінен қой жүнінен шығатын иіске ұқсас иіс шығып тұрады.


Ацетон иісі

Егер денеден ацетонға ұқсас иіс шығатын болса, онда ол бауыр ауруынан, эндокринді бұзылыстардан, көмірсу жетіспеушілігі немесе вирус жұққанның көрінісі. Алайда денеден ацетон исінің шығуы көп жағдайда қант диабеті ауруынан болады.

Ацетон мен қант диабетінің байланысы. Ағзаға инсулин жетіспеген кезде (бұл тек қант диабеті кезінде орын алады) глюкоза тінге жинала бастайды. Ал бұл өз кезегінде кетондық денелердің артуына алып келеді. Олар денеден зәр мен тер арқылы шығып отырады және дәл осы жағдай ацетон секілді иіс бөледі. Егер денеден шыққан ацетон иісімен қатар адамда ұйқысыздық немесе керісінше үнемі ұйқыға тартып тұру, шаршаңқылық, тәбеттің жоғалуы секілді жағдай орын алса онда бұл – қалқанша безі ауруының көрінісі.


Сіркесуы иісі

Егер адам қатты терлеп, әрі ол сіркесуы секілді иіс бөлсе, онда ол инфекциялық қабыну ауруларымен В және Д дәрумендерінің жетіспеушілігінің көрінісі. Ал егер осы бір бүртүрлі иіске жөтел мен температураның жоғарылауы және әлсіздік қосылса, онда ол өкпе ауруы - туберкулездің басталғаны туралы хабар.


Зәрдің иісі

Адам денесінен зәрдің иісі шығып тұрса, демек бүйрек дұрыс жұмыс атқармай, ауруға шалдыққан. Қанда жиналған азотты шлак зәр иісін бөледі.


Әсел иісі

Тәтті, әселге ұқсас тер иісі – бұл ағзаға берілген дабылды ескерту. Иістің бұлай өзгеруі ағзада өте қауіпті инфекцияның бірі – синегной таяқшасының пайда болуының көрінісі. Бұл инфекция тыныс жолдары, құлақ аурулары, іріңді процесс пен менингиттің өршуіне себеп болуы мүмкін. Ең қорқыныштысы синегной таяқшасының кейбір штаммы антибиотикпен емделе қоймайды. Сондықтан денеден әсел иісі бөліне бастаса, оны сезсеңіз бірден дәрігерге қаралу керек.

Ауыздан шығатын жағымсыз иіс

Ауыздан шыққан сасық иіс - ауызқуысы гигиенасының сақталмауынан, бактериалды инфекциядан, тіс жегі ауруынан орын алуы мүмкін. Алайда кейде үнемі тісті тазалап жүрсең де, антибиотиктермен емделіп, тіс жегі ауруынан құтылсаң да сасық иістің кетпеуі мүмкін. Мұндай кезде оның қандай иіске ұқсайтынына назар аударукерек.


Ацетон. Бұл деген дәрігерге қаралып, қандағы қант мөлшерін тексеріп көру керектігінің белгісі. Тәтті ацетонды немесе сақталған алма иісі - көп ретте қант диабеті ауруының белгісі болып келеді. Кейде ацетон иісі үнемі ем-дәм ұстанып арықтау жолында жүретін жандарда да болады.


Шіріген және тәтті иіс. Бұл бауыр жетіспеушілігі белгісі болуы мүмкін. Егер ауыздан қышқыл тәтті иіс шықса, онда ол бүйректің дұрыс жұмыс жасамайтын білдіреді.

Ал шіріген қырыққабат иісі – асқазанға бактерия түскендігінің белгісі. Ауыздан шығатын шіріген, тұрып қалған көкөніс иісіне асқазан қыжылы, ауыз қуысындағы жағымсыз дәм қосылса, бұл асқазан ауруы мәселесі. Сонымен қатар мұндай шіріген иіспеніштің ауруы қатар жүрсе, дәрігерге қаралып, асқазан жарасы мен онекі елі ішек ауруына тексерілген жөн.


Интимді аймақтан шығатын иіс

Бұл жақтан шығатын жағымсыз иістер де денсаулық мәселесіне назар аудару керектігін білдіреді. Әйелдер үшін интимді аймақтан шығатын қорқынышт иістердің бірі – бұзылған балық иісі. Бұл қынапқа инфекция түскендігінің белгісі. Ал мұндай инфекциядан тек қана дәрігердің емі арқылы ғана құтылуға болады.

Тағы бір қауіпті белгі – ашытқы иісі. Мұндай иістің шығуы зең ауруының белгісі. Интимді аймақтан шығатын бұл иісті елеусіз қалдыруға болмайды. Мұның соңы созылмалы тері ауруына, тіпті кейде онкологиялық ауруларға ұласып жатады.


Аяқтан шығатын сасық иіс

Дені сау, үнемі таза жүретін, дұрыс аяқ киім мен синтетикасы аз шұлық киетін жанның аяғынан сасық иіс шықпауы керек. Ал егер бұл жағдайдың барлығы сақталған күнде де аяқ саситын болса, демек дерматолог дәрігерге көріну қажет. Себебі бұл жағдай аяқ зеңі ауруының белгісі.


Үлкен дәрет иісі

Үлкен дәреттің өз иісі де жағымды емес, дегенмен ол қышқыл, ащы иісті болса және оған үнемі іштің кебуі қосылса, онда ағзада сүт қантын (лактоза) көтере алмаушылық бар. Бұл деген ағза сүт қантын өте аз сіңіреді, асқорыту жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды. Сондықтан қорытылмаған сүт өнімдері ішек ішінде ашып газ түзіледі.

Сондай-ақ пневмония болған адамнан күйген еттің иісі шығады екен.


«Мысық» иісі

Бүйрек ауруы мәселесі адам денесінен мысықтың иісінің шығуына алып келеді. Бұл несеп шығару жолдарыныңдұрыс жұмыс істемеуі салдарынан орын алады. Несепнәр қанға жиналып тер арқылы шығады.Сондай-ақ мысық иісі туберкулез ауруында, семіздікте, асқорыту жүйесінің ауруында да шығуы мүмкін. Оның иісінің ащылығы соншалық ешқандай әтірсу баса алмайды.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.