​Ашқарынға БАЛ жесеңіз АҒЗА қандай ӨЗГЕРІСКЕ ұшырайтынын білесіз бе?

0
13 972

2 аптада нәтижесі білінеді


​Ашқарынға БАЛ жесеңіз АҒЗА қандай ӨЗГЕРІСКЕ ұшырайтынын білесіз бе?

фото: osteohondroz24.ru

Балдың пайдалы екенін бәріміз білеміз. Тіпті, оның емдік қасиетін медицина мамандары да тілге тиек етеді. Арамызда айналасына балдың пайдасын дәріптеп жүргендер де бар. Алайда сан түрлі дертке шипа болатын балды өзіміз қолдана бермейміз. Негізінде балдың өзі емес, бал қосылған судың пайдасы орасан екен.


ЕГЕР ашқарынға БАЛ қосылған СУ ішсеңіз:

  • Ағзадағы клетка мен ұлпаны микроэлементпен қамтамасыз етеді;
  • Суыққа қарсы күресуге күш береді;
  • Ағзаны қуаттандырады;
  • Артық майдан арылтады;
  • Жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады;
  • Холестерин деңгейін реттейді;
  • Асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады;
  • Ағзаны шлактан тазалайды.

Сонымен қатар, терінің, шаштың және тырнақтың саулығына жауап береді.

фото: Яндекс.Дзен

ЕГЕР сізді мына АУРУЛАР мазалап жүрсе БАЛ қосылған СУ ем болады:

  • Ұйқысыздық;
  • Тыныс алу қиындаса;
  • Тері аурулары;
  • Ас қорыту жолы мен ауыз қуысы аурулары;
  • Зат алмасу нашарласа;
  • Қан қысымы құбылса;
  • Бауыр ауырса;
  • Жүйке шаршаса, онда күнде таңертең ашқарынға БАЛ қосылған жылы СУ ішіңіз. Бұл әдісті медицина мамандары құптайды.

Әсіресе таңғы асты кейінге қалдыратындарға немесе таңғы асқа уақыт таппайтындарға міндетті түрде бал қосылған су ішуге кеңес береміз. Егер сіз бал қосылған су ішуді әдетке айналдырсаңыз, онда саулығыңызды сақтайсыз, күні бойы көңіліңіз көтеріңкі болады әрі ағзаны қуаттандырып, өзіңізге сергектік сыйлайсыз.


ЕМ кезінде мынаны ЕСКЕРІҢІЗ!

  1. Яғни, балды көп мөлшерде қабылдауға болмайды. Айталық ересек адамдарға күніне 130 гр. бал жеткілікті. Осы мөлшерді бөліп қабылдасаңыз тіпті керемет болмақ.
  2. Сонымен қатар бал қосылған су ішуді 2 аптадан асырмаңыз. Емделу мерзімі – 2 апта. Сосын 10-15 күндей үзіліс жасап, емді қайтадан жалғастыруға болады.
  3. Бал қосылған су ішкен соң шамамен 25-30 минуттан соң таңғы асқа отырыңыз. Таңғы ас ішу міндетті.
  4. Тамаққа тойып алған соң бұл суды ішуге болмайды. Демек, таңғы, түскі немесе кешкі астан соң бал қосылған су ішуге кеңес бермейміз.

фото: Яндекс.Дзен


БАЛ қай кезде ҚАУІПТІ?

Бал қосылған су барлық уақытта да пайдалы емес. Емдік қасиетімен бағалы саналған балды тым ыстық яғни, 40-50 градустағы қайнаған суға араластыруға болмайды. Бұл кезде адам ағзасына өте улы канцероген заты бөлінеді де, ағзаны аурудан айықтырудың орнына, улай бастайды. Салдарынан сан түрлі аурудың қозуына себепші болады.


Егер БАЛ қосылған СУДЫҢ емдік қасиетін арттырғыңыз келсе:

  • Лимон;
  • Емдік шөптер;
  • Жидектен дайындалған морс;
  • Сүт араластырыңыз.

Сонда ағзаны бір уақытта бірден емдейсіз, дәруменмен қамтамасыз етесіз, шлактан тазалайсыз әрі жасарасыз. Ендеше күнде таңертең ашқарынға БАЛ қосылған СУ ішуді әдетке айналдырыңыз.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КОРОНАВИРУС, АЛЛЕРГИЯ, ТҰМАУ немесе СУЫҚ ТИЮ - АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ қандай?


ТІЗЕНІҢ төменгі жағындағы НҮКТЕНІ уқаласаңыз БАС ауруынан құтыласыз


ҚИЯР шырыны ЦИСТИТТЕН құтқарады