​АСПИРИНді КІМГЕ ішуге БОЛМАЙДЫ?

0
19 206

Естеріңізде болар, елімізде короновирус індеті жайлағанда дәрігерлер аспирин ішуді ұсынған болатын.


​АСПИРИНді КІМГЕ ішуге БОЛМАЙДЫ?

фото: ochenklyovo.ru

Аспирин (ацетилсалицил қышқылы) – кеңінен танылған дәрі. Оны кез келген дәріханадан, кез келгеніміздің үйіміздегі дәрі қобдишадан табуға болады. Бұл дәрінің құрамында «Цитрамон», «Аскофен», «Кофицил», «Ацелизин», «Асфен» секілді қызуды түсіретін дәрілер жинақталған.


АСПИРИН ішіп:

  • қызуды түсіруге;
  • ауруды басуға;
  • суықты емдеуге болады.

Бұдан бөлек бір емес, бірнеше дертке дауа болатын қасиеті бар. Нақтырақ айтқанда:

фото: skrbux.ru

1. АСПИРИН – кейбір қатерлі ісік ауруларының қаупін азайтады

Ұзақ уақыт бойы ацетилсалицил қышқылының аз мөлшерін үнемі қолданған адамдар қатерлі ісіктердің мына түрінің алдын алады:

  • Колоректальды қатерлі ісік (тік ішектің және тоқ ішектің ісіктері), сондай-ақ қайталанатын рак алдындағы полиптер (полипті алдырған науқастарда);
  • Сүт безі қатерлі ісігі. Бұл дәріні ішу арқылы ісік қаупін азайтуға және науқас әйелдердің жағдайын жақсартуға болады;
  • Өңештің ісіктері;
  • Қуық асты безінің қатерлі ісігі.

Сіздер дұрыс түсініңіздер, аспирин ісік ауруларын емдейтін дәрі емес. Аз мөлшерде жиі ішу арқылы ісіктің алдын алуға, асқынуына жол бермеуге болады.

Оксфорд университеті ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, бұл препаратты күнделікті 3-5 жыл үзбей ішсе, қатерлі ісік ауруларын 30% -ға дейін төмендетеді. Бұл жағдайда препарат аурудың дамуын ғана емес, сонымен қатар метастаздардың таралуын тоқтатады.

Атап айтқанда, тәулігіне 75 мг аспиринді бес жыл немесе одан да көп қабылдау ішек қатерлі ісігінің қаупін төрттен біріне, ал осы аурудан болатын өлімді үштен біріне азайтады.


2. АСПИРИН – жүкті әйелдердің қан қысымының көтерілмеуіне ықпал етеді

Дәрігерлер қан қысымы өзгермелі науқастарға жүктіліктің екінші кезеңінде аз мөлшерден аспирин ішуге кеңес береді. Ол варикоздың пайда болуына тосқауыл болады, тамырлардың ісінуіне жол бермейді және түсік тастау қаупін болдырмайды.

Сарапшылар ацетилсалицил қышқылының препараттарын қабылдаған жүкті әйелдерде қан қысымының өзгеруіне байланысты асқынулардың даму қаупі шамамен 10%-ға төмендейтінін алға тартады.

фото: budforme.ru

3. АСПИРИН – Альцгеймер және Паркинсон ауруларынан сақтайды

Әсіресе әйелдер қауымына екі аптада бір рет аспирин дәрісін ішуге кеңес береміз. Егер осы кестемен 2-3 ай бойы ішіп жүретін болсаңыз, онда дауасы қиын Паркинсон мен Альцгеймер ауруының сақтанатыныңызға жүз пайыз сенімді болыңыз.


4. АСПИРИН – инсульттің алдын алады

Өздеріңіз білетіндей, аспирин қанды сұйылтады да, ұюына жол бермейді. Тіпті мидың қан айналымын жақсартады. Ал американдық дәрігерлер қоспасында ибупрофен бар ацетилсалицил қышқылы инсульттың алдын алады деп мәлімдейді. Сондықтан да жүрегіңіздің саулығын сақтағыңыз келсе күніне 75 мг дәрі қабылдауды әдетке айналдырыңыз.


5. АСПИРИН – астмаға ем болады

Астма (демікпе) әйелдерде жиі кездесетін ауру. Ауру асқынған кезде жаның шығып кете жаздағандай, жаналқымға келесің. Осындай қатердің алдын алу үшін 2 күнде 1 рет аспирин ішуге кеңес береміз. Бұл емді 45 жастан асқандарға қолдану керек.


Ал емдік қасиеті бөлекше болған АСПИРИН ем болмайтын аурулар да бар. Тіпті ауруды емдеудің орнына, асқындырып жіберетіндей қатерлі екенін біле жүріңіз. Нақтырақ айтқанда:


1. АСПИРИН – асқазанға өте зиян

Ацетилсалицил қышқылы – асқазанның қабырғаларына теріс әсер етеді, шырышты қабатты бұзады, жараларды қоздырады. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғары адамдар үшін асқазан жарасының немесе асқазан-ішектен қан кетудің пайда болу қаупі препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде айтарлықтай жоғары болады. Өкінішке орай, аспириннің ең төменгі мөлшері де асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен қан кету қаупін арттырады, асқазан жарасының асқынуына әкеледі.


2. АСПИРИН – ер-азаматтарға көмектеспейді

Аспириннің емдік қасиеті әйелдерге қарағанда ерлерге тым әлсіз келеді. Егер сіздің (жігіттерге) жүрек тұсыңыз ауыратын болса жалғыз аспиринмен дертіңізге дауа таба алмайсыз. Өйткені дәрінің емдік күші сізді ауруыңыздан айықтыруға қауқарсыз.


3. АСПИРИН – вирустық инфекцияны емдей алмайды

Кейбір вирустық ауруларға аспирин кері әсер береді. Әсіресе кішкентай балаларға ішуге болмайды. Егер аталған ауру белең алғанда аспиринді қабылдасаңыз, онда Рея ауруының белгілері біліне бастайды. Бұл ауру кезде науқастың бауыры мен бас миын жарақаттанады.

Сондықтан да вирустық инфекциямен ауырған науқастардың ешқайсысына АСПИРИН дәрісін беруге БОЛМАЙДЫ.

Одан бөлек, бауыры, бүйрегі, ұйқы безі ауыратындарға да аспирин ішуге рұқсат етілмейді.

фото: sputnik-ossetia.ru

ЕСКЕРІҢІЗ!

Аспирин кез келген дәріханада дәрігердің рұқсатынсыз беріледі. Көпшілігіміз оны зиянсыз деп ойлаймыз. Алайда ацетилсалицил қышқылы тез әсер ететін күшті дәрі екенін білгеніңіз жөн.


Жадыңызда жүрсін!

Аспиринді тамақтан соң қабылдау керек. Мейлінше дәрі күйінде емес, ұнтақтап ішкен пайдалы. Артынан көп мөлшерде су ішу керектігін ұмытпаңыз.


Дереккөз: liveinternet.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


МЫНА 11 белгі ағзаға СУ жетіспейтінін білдіреді


ЛИМОН қабығы ДИАБЕТ ауруын ЕМДЕЙДІ


БҰРЫШ пен БАЛ бір күнде ЖӨТЕЛДІ емдейді