​АУЫЗ ҚУЫСЫ қандай АУРУМЕН ауыратыныңызды "АЙТАДЫ"

0
10 242

Ауыз қуысына мұқият назар салып, қандай аурудан сақтану керектігін пайымдай беріңіз.


​АУЫЗ ҚУЫСЫ қандай АУРУМЕН ауыратыныңызды

фото: stomatr.ru

Біздің денсаулығымыз тіс саулығына тікелей байланысты. Шын мәнінде асқазанға тамақ ауыз арқылы баратыны осыған дәлел. Мамандардың айтуына қарағанда, тістің саулығы ішкі ағзалардың саулығына жауапты әрі шлак пен құрттың пайда болуына да әсерін тигізетін көрінеді. Ендеше, ауыз қуысына мұқият қарап алып, қандай аурудан сақтану керектігін пайымдай беріңіз. Егер:


КӨМЕКЕЙ БЕЗ ІСІНСЕ

Онда ағзаның улы заттар мен шлакқа толғанын білдіреді. Бадамша без ағзаны артық заттар тазалауға қабілетті. Егер оған бактерия жабысатын болса, без ісініп, қабынуға алып келеді. Бұл кезде қажетті ем-шараларын жасау керек.


ТІСТІ ШЫҚЫРЛАТУ

Әсіресе түнгі ұйқы кезінде болатын жайсыздық. Таңертең жаныңыздағы адамнан міндетті түрде ескерту еститініңіз анық. Өйткені сізге білінбесе де, оның мазасын алғаныңыз анық. Мойындағыңыз келмейді. Бірақ оған таңертеңгі ұйқыдан басыңыздың ауырып тұрғаны дәлел. Егер түнімен тісіңізді шықырлатқан болсаңыз, онда міндетті түрде таңертең басыңыз ауырады.

Тісті шықырлатудың алғашқы белгісі – стресс. Аталған ждайсыздықтан арылу үшін жүйкеңізді емдеп, жаныңызды тыныштандырыңыз.


ТІЛДІҢ АҒАРУЫ

фото: moi-goda.ru

Тісіңізді тазалаған кезде тіліңізге ақ дақтың жиналғанын байқайсыз ба? Оны щеткамен сүрту арқылы тазалау жеткіліксіз. Одан арылу – емді қажет етеді. Тілдегі дақ қауіпті аурудың белгісі. Міндетті түрде стоматолог және терапевт дәрігермен кеңескеніңіз жөн.

Сонымен қатар, ауыз қуысының тазалығына да ден қойыңыз.


АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ҚҰРҒАУЫ

Үнемі аузыңыз құрғап, ерніңіз кезеріп жүрсе, қауіпті аурудың белгісі екенін біліңіз. Ұзаққа созылған құрғақшылық тіске зақым келтіреді. Мұның алдын алу үшін сұйықтықты көбірек ішіп, жатын бөлмені жиі желдетіңіз. Сондай-ақ, қажетті сараптама жасатып, қандай аурудың белең алғанын анықтаңыз.


ТІСТІҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ

Егер тісіңіз тәттіге, салқынға сезімтал болса, онда тіс эмаліне қауіп төнді деген сөз. Бұл кезде стоматолог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Тістің эмальі көп аурудың асқынуына жол береді. Егер қатердің алдын алғыңыз келсе, әр тамақтан соң 10 минуттан кейін 1 стақан жылы су ішіңіз. Сонымен қатар 1 дана алма немесе сәбіз жеуді әдетке айналдырыңыз.


ҚЫЗЫЛ ИЕК ҚАНАСА

Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін. анығын білу үшін тіс дәрігерінің көмегі қажет. Дәрігер ауыз қуысын толық ттексеруден өткізіп, қанаудың себебін анықтайды. Сонан соң қажетті ем-шараларын ұсынады.


ТІСТІҢ БҮЛІНУІ

Көп адамдарда тісі кеміріліп, өз өзінен жеміріле бастайды. Бұл ағзаға дәруменнің қажет екенін білдіреді. Сіздің тісіңіз бен ағзаңыз В, С, D дәрумендеріне өте мұқтаж. Аталған жайсыздықтан арылу үшін тез арада осы дәрумендерді тұрақты түрде ішіңіз. Оған қоса, балықты, жаңғақты, жемістер мен көкөністі көбірек жеңіз.


АУЫЗДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІС

фото: svetadent.gobalakovo.ru

Егер жағымсыз иіс үнемі сізді мазалайтын болса, бұл бір емес бірнеше аурудың белгісі екенін біліңіз. Ауыздағы жағымсыз иіс – қойнаудың қабынуы (синусит), инфекциялық аурудың белгісі, бронхит пен диабет ауруынан дерек береді. айналаңызға да, өзіңізге де жайсыздық тудыратын жағымсыздықтан арылғыңыз келсе, денсаулығыңызға өте мұқият болыңыз. Терапевт пен стоматолог дәрігермен кеңесіңіз.


ТІС ЕТІНІҢ ІСІНУІ

Бұл ауыз қуысының тазалығын дұрыс сақтамағаннан болады. Сонымен қатар әйелдердің жыныс жолдарының ауыратынын айғақтайды.


Аталған белгілер байқалса, уақытша ғана көмектесетін үй жағдайында ем қабылдамай, дерек дәрігерге тексеріліңіз. Қажетті сараптама мен тексерілу сіздің саулығыңызды жақсартуға септігін тигізеді.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына БЕЛГІЛЕР байқалғанда ЭНДОКРИНОЛОГ дәрігерге қаралыңыз


Балық майы: КІМ және ҚАШАН қабылдау керек?