Бұл ӨКПЕ ауруының БЕЛГІЛЕРІ

0
49 130

​Өте САҚ болыңыз, дер кезінде САУЛЫҒЫҢЫЗДЫ сақтаңыз


Бұл ӨКПЕ ауруының БЕЛГІЛЕРІ

фото: medtub.ru

Пневмония – өкпенің қабынуы. Оған вирус немесе бактерия себеп болады. Көп жағдайда өкпе иммунитеттің төмендеуінен ауыра бастайды. Өкпеге суық тигенде тұмаудың белгілері белең алады. Мамандар бір ғана белгімен өкпенің ауырғанын білу қиын екенін алға тартады. Сондай-ақ олар бірнеше белгілер арқылы өкпенің саулығын анықтауға кеңес береді.


Өкпе ауруының алғашқы белгілері:

  • салмақтағы өзгеріс;
  • ұйқының бұзылуы;
  • арқаның ауруы.


Мұнан өзге мына белгілер де өкпе туралы айта алды.


1. САЛМАҚ ҚОСУ

Еш себепсіз салмақ қосу – өкпе ауруының бастапқы белгілері. Әсіресе, ұзаққа созылған шаршау, ентігу, тыныс алудың қиындауы, тыныс жолдарының ауруы дереу дәрігерге тексерілуге үндейді. Өйткені бұл белгілерді дер кезінде анықтамасаңыз, арты айықпас дертке алып келуі ғажап емес.


2. САЛМАҚ ЖОҒАЛТУ

фото: zen.yandex.ru

Керісінше тым тез салмақ жоғалту да – қорқыныш туғызады. Егер сіз тамақтану режиміне ешқандай өзгерту енгізбесеңіз де, диета ұстамасаңыз да салмақ жоғалтып жатсаңыз онда созылмалды өкпенің обструктивті ауруына шалдығудың алдында тұрсыз. Осы кезде қатты суықтасаңыз өкпенің көлемі үлкейіп, асқазанмен түйісіп қалуы ықтимал. Бұл тамақтану кезінде қиындық тудырады әрі күн өткен сайын тәбетіңіз төмендей бастайды.


3. АЯҚТЫҢ ІСІНУІ

Аяқ түрлі себептермен ісінеді. Егер бұл жайсыздық күн сайын қайталанса әрі аяғыңыз ауыратын болса, дереу арнайы дәрігерге қаралыңыз. Аяқтың үнемі ауруы мен табанның безілдеуі өкпе жұмысының бұзылғанынан дерек береді. Оттегінің жетіспеуінен қан тамырлар жұмысын жүйелі жүргізе алмайды. Салдарынан сұйықтықтың айналуы нашарлайды. Сонымен қатар бүйрек пен бауырға да сұйықтық жеткізе алмай, бірден үш ағзаның жұмысына кедергі келтіреді.

Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы – ағзаны улы заттардан тазартып, артық сұйықтықты сыртқа шығару болып табылады. Сонда ісік басылады, өкпеге ауа еркін кіреді де, тыныс алу жеңілдейді.


4. ЕНТІГУ

Тыныс алуыңызда қиындық тудырса, аз ғана қуат жұмсасаңыз да ентігуіңіз басылмаса ол да өкпенің саулығының дұрыс еместігін айқындайды. Себепсіз ентігу – өкпе мен жүректің жұмысының нашарлағанын білдіреді.


5. ЕРІН мен ТЫРНАҚТЫҢ КӨГЕРУІ

Егер ерніңіз бен тырнағыңыз көгеріп бастаса, сізге денсаулығыңыз туралы ойлануға тура келеді. Өйткені өкпесі сыр берген жандарда осындай өзгерістер орын алады. Көгеру – қанға оттегінің өз мөлшерінде жетпегенде пайда болады. Ал қанға оттегі өкпе дұрыс жұмыс істегенде ғана жеткілікті деңгейде баратынын ұмытпаңыз.


6. ШАРШАУ

Өкпе дұрыс жұмыс істемеген жағдайда адам үздіксіз шаршау үстінде болады. Егер қан оттегі жеткіліксіздігін сезінсе, онда адамның барлық ағзасы өз жұмысын баяулатады. Әсіресе, күші сарқылып, қуаты төмендейді


7. АРҚАНЫҢ АУРУЫ

фото: adme.ru

Өкпе ауруының кей түрі арқаға беріледі. Желке құрысып, арқаңыз тартып ауыра бастаса, бұлшық ет пен омыртқа ауырса дәрігерден кеңес алыңыз.


8. СОЗЫЛМАЛЫ ЖӨТЕЛ

Басылмайтын жөтел өзіңізге де, өзгелерге де жайсыздық тудырады. Көптің көңілінде «туберкулез емес пе?» деген ой қалыптастырады. Жөтел – көп ауруды айтып береді. Егер жөтеліңіз 8 аптадан асып кетсе, онда сізге тыныс жолдарын, тамақты емдетуді доғарып, өкпені тексерту керек. Ұзақ әрі қақырықты жөтел болса және бұл түнгі уақытта аса қатты мазалайтын болса, онда уақыт оздырмай дертке ден қоюға тура келеді.


9. ҰЙҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Түнгі ұйқыңызды ұзаққа созылған жөтел мен тыныс алудың нашарлауы бұзып жүр ме? Олай болса, өкпені тексертуге тура келеді. Түнгі уақытты тәтті ұйқымен емес, жөтелмен арпалысып өткізу сізге жақсылық әкелмейді. Уақыт оздырмай дәрігерге қаралыңыз.


10. БАС АУРУЫ

фото: news.myseldon.com

Таңертеңгі бас ауруы – өкпе жұмысының бұзылғанын айғақтайды. Созылмалды өкпенің обструктивті ауруы кезінде тыныс алу нашарлайды әрі деміңізден көмір қышқыл газы шығады. Міне, осы екеуі бастың ауруы мен айналуына себеп болады.


Жалпы, өкпенің ауруы еш білінбей басталуы да мүмкін. Немесе басқа да аурулармен шатастырады. Мейлінше жоғарыда жазылған белгілер біліне басталысымен-ақ ПУЛЬМОНОЛОГ дәрігерінің қабылдауына жазылыңыз.


Жадыңызда жүрсін! ӨКПЕНІ ПУЛЬМОНОЛОГ дәрігер тексереді.


Дереккөз: adme.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына АЛТЫ дәрумен ИММУНИТЕТТІ көтереді


ТІС ауруын ДӘРІСІЗ емдеуге болады

ТІЗЕНІҢ қақсап ауырғанын БІР КҮНДЕ емдеуге болады