​Бұл СЕГІЗ әдіс ЖҮРЕК ауруынан САҚТАЙДЫ

0
2 756

ЖҮРЕКТІ жылдар бойы ЕМДЕТКЕНШЕ, осы ӘДІСТІ қолданып көріңіз...


​Бұл СЕГІЗ әдіс ЖҮРЕК ауруынан САҚТАЙДЫ

фото: wikiluv.net

Жүрек пен қан тамыр аурулары мүгедектікке немесе өлімге әкелетіні сөзсіз. Сондықтан да бұл екі ағзаны сау кезінде сақтаңыз. Жүрек сыр берсе бұл бас ауыртар басты мәселе болмақ. Егер бір рет кардиолог дәрігердің қабылдауында болып, ем-шараларын жүргізген болсаңыз, сізге айтарлықтай сақтанып жүруге тура келеді. Өйткені жүрек бір секундта сыр беріп, қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін.


Дәрігерлер жүректі жақсылап күтіңіздер деп дабыл қағады. Жасты да, жағдайды да таңдамайтын жүрек ауруына шалдыққанша, оның алдын алып, күтім жасаған әлде-қайда арзан, жеңіл әрі сенімді. Бүгінгі айтылатын кеңес өзін, жақындарын жақсы көретін жандарға арналады. Біз ұсынған 8 әдіс арқылы жүректің жұмысын жақсартып ғана қоймайсыз, жалпы саулығыңызды шыңдайсыз. Сонымен қатар бұл әдіс:

  • инфаркт
  • инсульт
  • қант диабеті
  • ишемиялық жүрек ауруы
  • атеросклероз және созылмалы бүйрек ауруларымен ауыратындарға өте қажет болмақ.


№1

Күніне 10 000 қадам жүріңіз! Бұл жалпы саулығыңызды жақсартады, бойыңызға қуат береді, көңіл-күйіңізді көтереді, жүректің жұмысын жақсартады, барлық ағзаны қайта қалпына келтіреді. Тіпті, ағзаны шлак пен улы заттардан тазартады. Осы айтылған кереметке қол жеткізгіңіз келсе, тек қана ЖАЯУ ЖҮРІҢІЗ.

фото: medaboutme.ru

№2

Аптасына 5 рет, 30 минут физикалық белсенділік танытыңыз! Мейлі, жүзуге барыңыз, жаяу жүріңіз, футбол ойнаңыз, билеңіз, йогамен айналысыңыз. Жаныңыз қалаған кез келген спорт түрімен айналысыңыз. Егер спортпен айналысып рахаттансаңыз, ағзаңыз да қарқынды күшке мініп, ұзақ жұмыс істеуге кіріседі.

Үнемі физикалық қозғалыста болсаңыз, қан қысымы қалыпты болады, тоқ ішекті рак ауруынан сақтайсыз, артық салмақ жинамайсыз, сүт безі қатерлі ісікке шалдықпайды, инфаркт, инсульт алмайсыз, депрессияға түспейсіз.


№3

Темекіден бас тартыңыз! Темекі шегетіндердің басым бөлігінің өкпесі мен жүрегі ерте қартаяды. Олар көбінесе рак және диабет ауруына шалдығады. Оған қоса, инсульт немесе инфаркт алғандарды кездестіруге болады. Өздеріңіз де білесіздер, бұл аталған аурулардың ешқайсысы да жақсы емес. Шындап келгенде, бұл дерттің дауасы да жоқ. Дәм-тұзы таусылғанша үкімін күтіп күн өткізеді. Өзіңізді осындай шарасыздыққа қиғыңыз келмесе, темікіні тап қазір тастаңыз. Қайта қолыңызға алмаңыз. Біз сіздің темекіден де мықты екеніңізді білеміз әрі сізге сенім артамыз.


№4

Алкогольді шектеңіз! Ішімдік ішетіндердің ең бірінші бауыры зақымдалады. Сонымен қатар жүрек те зардап шегеді. Қанның ұюы көз ілеспес жылдамдықта болады да, сізге араша түсуіге білікті дәрігерлер де дәрменсіздік танытады. Сондықтан да спиртті ішімдікпен бүгін қош айтыспасаңыз, сіз күтпеген уақытта жақындарыңыз сізбен қимай қоштасуы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

фото: zira.uz

№5

Қан қысымын қадағалаңыз! Бұл сіздің бұлжытпай орындайтын жұмысыңыз болу керек. Егер қан қысымыңыз өз нормасынан ауытқып, көтеріліп немесе түсіп кетсе, дереу дәрігерге барыңыз. Өз бетіңізше ем қабылдаудан сақтаныңыз.


№6

Стресспен күресіңіз! Бұл ең қиын әрі нәзік әдіс. Адамдар көбінесе стреске түскенде темекі мен ішімдікті серік етеді. Тулаған жанына осы екеуі арқылы тыныштық табады. Алайда мұның уақытша көмек екенін ұмытып жатады. Стрессті жеңу, одан оңай шығып кету бәріміздің қолымыздан келеді. Тек қана сенімді қадам керек. Егер өзіңіздің шамаңыз келмесе, онда психолог немесе психотерапевт мамандардың көмегіне жүгініңіз. Олар сізді кез келген тығырықтан шығып, қиыншылықты еңсеруге көмек береді.

Психологқа барудан ұялмаңыз. Біле білсеңіз, бұл маман дені сау, өзін сүйетін, өмір сүруге құштар жанның таңдаған жолы екенін ескеріңіз. Өз өмірін өзі қалағандай сүргісі келетіндер әр қадамынан ұялмауы, тартынбауы керек.

Есіңізде болсын! Стресс – инфарктқа апаратын ең төте жол.


№7

Ұйқыңыз тыныш болсын! Ұйықтан жатқан адамның бәрі демалмайды. Мұндай жағдай өзіңізде де кездескен болар. Түнімен ұйықтаған болсаңыз да, ұйқыдан сергек ояна алмаймыз. Бейне бір түнімен ұйықтамағандай кейіп танытасыз. Себебі сіз дұрыс ұйықтаған жоқсыз. Мұның бірден-бір емі – бір уақытта ұйықтау. Яғни, түн ауып кеткенше жүру өзіңізге қиянат жасағанмен бірдей. Сондықтан да деніңіздің саулығын сақтағыңыз келсе, ұзақ әрі жақсы өмір сүргіңіз келсе, онда күнде бір уақытта ұйқыға жатыңыз. Айталық, 22.00 үлкендерге де, кішкентайларға да өте керемет уақыт. Егер сіз ұйқы режимін өзгертіп жүретін болсаңыз ең бірінші жүрек, диабет ауруына жол ашасыз.

фото: bbc.co.uk

№8

Салмағыңызды қалыпты ұстаңыз! Қандай ауруға шалдықсаңыз да алдымен дене массасының индексін (ДМИ) анықтайды. Бұл сан да сіздегі бірнеше аурулардың белең алуына септігін тигізетінін білмейтін боларсыз. Бүгінгі ақпаратқа сүйенсек, науқастардың 95 пайызы ДМИ қалыпты ұстамағаннан ауруға шалдығатын көрінеді. Мұны анықтау үшін арнайы дәрігерге барудың қажеті жоқ. Бар болғаны мына нұсқаулық арқылы өзіңіз есептеп алыңыз.


  • Дене массасы индексінің жетімсіздігі – 18,5
  • Дене массасы индексінің қалыптылығы – 18,5-24,9
  • Дене массасы индексінің көптігі – 25,0-29,9
  • Семіздік – 30.0


Мәселен, адамның салмағы = 85 келі, бойы = 164 см делік. Енді осының ДМИ мөлшерін анықтаймыз.

ДМИ = 85 : (1,64 х 1,64) = 31,6.

Демек, бұл науқастың тізімдегі ауруына "семіздік" ауруы да қосылып, бүкіл аурудың қозуына себепші болып жатқаны айқындалады.

Сондықтан да ДМИ-ді қалыпты ұстауға кеңес береміз.


Ал егер де сіз біз ұсынған 8 кеңесті бұлжытпай орындап жүрсеңіз, жүрек ауруын емдейтін дәрігердің қалай аталатынын да білмейтін боласыз.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БІР қасық КУРКУМА өкпені ҚАҚЫРЫҚТАН тазалайды


ГОРМОННЫҢ бұзылуы АҒЗАҒА өте ҚАУІПТІ екенін білесіз бе?


ТЕМПЕРАТУРАНЫ бес минутта ДӘРІСІЗ түсіруге болады


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет