ДӘРІНІ мына СУСЫНМЕН ішсеңіз АУРУЫҢЫЗ асқынады

0
8 138

Ендеше немен, қашан, қалай ішу керектігін біле жүріңіз


ДӘРІНІ мына СУСЫНМЕН ішсеңіз АУРУЫҢЫЗ асқынады

Фото: anatom-mgmsu.ru

Байқасаңыздар, дәріні кез келген сұйықтықпен іше салатындар бар. Кейбір ащы дәмі жоқ дәріні сусыз да жұтатындар кездеседі. Негізінде кез келген дәріні ішудің өзіндік ережесі, тәртібі бар. Біреуін тамақтан алдын, енді бірін тамақпен бірге ішу керек болса, үшінші түрін тамақтан жарты сағаттан соң ішу керек. Сондай-ақ, дәрі қабылдап жүрген кезде ішіп-жеуге болмайтын жемістер, азықтар, сусындар да бар. Дәрігерлер дәріні көп көлемдегі сумен ішіңіз деп ескертеді. Демек, дәрі ішудің де талап-тәртібін орындауымыз керек. Ендеше, дәріні қалай және қай кезде ішу керектігі туралы нақты ақпарат береміз.


Шай

Дәріні шаймен ішуге бола ма? Өте орынды сұрақ. Себебі, өзіміз де бірнеше рет шаймен бірге жұта салғанымыз бар.

Шайдың құрамындағы танин дәрінің ағзада сіңуін баяулатады. Мәселен, жүйке, ми, бас ауруларын қойдыратын дәріні сумен емес, шаймен ішсеңіз, керісінше ауруыңыз қоза түседі. Бойыңызды балқытып, жаныңызды тыныштандырудың орнына, ашуланшақ, күйгелек болып аласыз. Себебі танин химиялық реакция береді де, жүрекке салмақ салады. Сондықтан ешқандай дәріні шаймен ішпеңіз.

фото: about-tea.ru


Минералды су

Ал минералды сумен ше? Кейбір дәрілерге рұқсат етіледі. Нақтырақ айтқанда, асқазан, асқорыту жүйелері ауруына қарсы ішетін дәріні минералды сумен ішуге болады. Оған қоса, антибиотик пен йодты да 1 стақан минералды сумен жұтуға рұқсат етіледі.

Минералды судың құрамындағы заттар кей дәрілердің ағзаға сіңіп, оң әсер беруіне кедергі келтіреді.


Грейпфрут

Грейпфрут – диеталық жеміс. Ол ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне ықпал ететін С дәрумені мен калий элементінің қайнар көзі. Алайда сіз дәрі қабылдап жүрген кезде бұл жемісті жемей тұрғаныңыз дұрыс. Себебі оның құрамындағы кейбір заттар дәрінің ағзада сіңуін баяулатады. Әсіресе, холестерин деңгейін, қан қысымын түсіретін, аллергияға қарсы дәрі ішіп жүрген кезде грейпфрут пен апельсинді ұмыта тұрыңыз.

фото: fb.ru


Жеміс шырыны

Ғалымдар 400 мл алма шырыны дәрінің әсер ету үшін 40 пайызға жоятынын дәлелдеген. Демек, алма шырынымен ішкен дәрі сізге ешқандай әсер етпейді деген сөз. Есесіне, сүт безі қатерлі ісігіне қарсы дәріні анар мен грейпфрут шырынымен ішсе, керемет әсер етеді екен.

Мамандар дәрі қабылдап жүрген кезде мейлінше жеміс шырынын ішпеңіздер деп ескертеді. Егер тәбетіңіз тартып тұрса, онда дәрі қабылдаудан 2-4 сағат алдын ішуге болады.


Сүт және сүт өнімдері

Дәріні сүтпен ішуге бола ма? Қисынсыз сұрақ... Сүт өнімдері кальций мен магний элементіне бай. Бұл пайдалы минералдармен бірге антибиотик қабылдасаңыз, кері әсер етіп, ауруыңыз асқынады.

Сізді ауруханаға жеткізбесе де, жағдайыңызға кері әсер етеді. Кальций мен магний ерітілмеген антибиотикпен қосылып, ішек арқылы қанға өтеді. Ал қанға өткен ауруды емдеу өте ұзақ уақыт алатынын білесіздер.

Мамандар дәрі ішіп жүрген науқастарға дәрі қабылдаудан 1-2 сағат алдын сүт өнімдерін тұтынуға кеңес береді.


Алкоголь

Дәрі қабылдап жүрген кезде алкоголь ішетін болсаңыз, жағдайыңыз бірден нашарлайды. Құсу, жүрек айну, бас ауру, ұйқышылдық, естен тану немесе өзін-өзі басқара алмау. Кей жағдайда іштен қан кетіп, жүрек пен өкпе жұмысы сыр береді. Себебі алкоголь дәріні ем емес, керісінше уға айналдырады. Бұл жағдайда жедел жәрдем көмегімен ауруханаға барып, ақ халаттылардың емін аласыз.

Егер еміңізге шипа алғыңыз келсе, саулығыңызды жақсартып, ұзақ өмір сүргіңіз келсе, ешқашан, дәрімен бірге ішімдік ішпеңіз.


Дәріні ең дұрысы СУмен ішкен жөн. Су – ағзаны жуатын, тазалайтын, емдейтін, құнарландырып, нәрлендіретін қасиетке ие. Судан артық ем де, азық та жоқ. 1 стақан су дәрінің күшін еселейтінін ескеріңіз. Сумен бірге дертіңізге дауа табыңыз. Ауырмау үшін де көп су ішу керектігін ұмытпаңыз!


Дереккөз: health.mail.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ОТШАШУДАН зардап шеккен жағдайда мына КӨМЕКТІ көрсетіңіз


ҚЫС бойы МЫНА сусынды ішіп жүрсеңіз АУЫРМАЙСЫЗ


ТҰМАУДЫ мына ДӘРІМЕН емдесеңіз ТЕЗ жазылады