​ЙОД жетіспесе АҒЗАДА қандай ӨЗГЕРІС болады?

0
26 763

Йодтың осыншалықты маңызды екенін білесіз бе?


​ЙОД жетіспесе АҒЗАДА қандай ӨЗГЕРІС болады?

фото: medaboutme.ru

Йод – қалқанша бездің дұрыс жұмыс істеуіне және гормондардың бөлінуіне ықпал ететін маңызды микроэлемент. Егер ағзаға йод жетіспесе, онда қалқанша без ғана емес, бүкіл ағза зардап шегеді. Аталған элемент зат алмасуды реттейді. Сонымен қатар ішектің, жүйкенің жұмысына жауап береді. Йод жүкті аналар мен жас балаларға өте қажет. Егер жүкті кезде ананың ағзасы йодтапшылығын сезінсе, онда бала миының дамуы кешеуілдейді әрі ақыл-ойы кемшін туылуы мүмкін.


ЙОДТАПШЫЛЫҒЫН қалай білеміз?

фото: youtube.com

Оны бірден байқау қиын. Өйткені элементтің аздығы жайлап көрініс береді. Десе де мына белгілер арқылы байқауға болады:

  • Үнемі ыстықтап жүру және терлеу. Бұл йодтапшылығының алғашқы белгілері

  • Бас ауырып, айналады және бұлшық ет ауырады

  • Депрессияға шалдығады, үнемі абыржулы жүреді, өзін қапасқа қамалғандай сезінеді

  • Диеталық тағамдар тұтынса да семіздікке жол береді. Ас қорыту жүйесінің жұмысы нашарлап, гормондық баланс бұзылады

  • Шаш түсе бастайды

  • Элементтің аздығы қалқанша без көлемінің ұлғаюына әкеледі. Салдарынан зоб ауруы пайда болады

  • Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Тіпті, ойындағысын сол мезетте ұмытып қалады

  • Бедеулікке, белсіздікке әкеледі

  • Климакс ерте басталады

  • Зат алмасу қиындайды


Ал әйелдерде еттеккір келуі өзгеріп, үнемі шаршауды сезінеді.


Өкінішке орай артық салмақ иелері арықтау үшін тексеруден өтудің орнына, диетаға отырады. Онсыз да ағза темір мен йод тапшылығына ұшырағанда диета екініші соққы болады.


ЙОДТЫҢ жеткіліксіздігін өзіңіз тексеріп көріңіз

Ол үшін ұйқыға жатпас бұрын білегіңізге жұқа әрі қалың екі сызық йод жағыңыз. Таңертең тек жұқа сызықтағы йод байқалмаса, онда ағзаңызда йод элементі жеткілікті деңгейде деген сөз. Ал егер қалың етіп сызылған йодтың да ізі байқалмаса, онда дереу дәрігердің қабылдауына жазылыңыз.


Эндокринолог дәрігер сізге қаннан, кіші дәреттен сараптама жасатады әрі қалқанша безді УДЗ-ден өткізеді. Міне, осы үш сараптама йод деңгейін анықтап береді.

фото: yandex.ru

ЙОДТЫҢ орнын қалай толтырамыз?

Дәрігер сараптаманың қорытындысына қарай ем-шараларын жүргізеді. Құрамында йод элементі бар дәрі қабылдап, емдік диета ұстайсыз.


ЙОД элементі қандай азықта болады?

Теңіз өнімдерін әдеттегіден көбірек жеуге кеңсе береміз. Оған қоса, жұмыртқаны, тауықтың майсыз етін, фасоль, қара өрік және мүкжидекті үзбеуге тырысыңыз.


ЕСКЕРІҢІЗ! Йод тапшылығы қаншалықты қауіпті болса, йодтың көбеюі де соншалықты қауіпті болмақ.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: health2.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КАРКАДЕ шайы ҚАН ҚЫСЫМЫН бес МИНУТТА түсіреді


БҮЙРЕК ауруының сіз білмейтін 10 БЕЛГІСІ


ПНЕВМОНИЯНЫ мына ТӨРТ түрлі ШАЙ емдейді