​ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ нашарлауы ҚАНДАЙ АУРУЛАРДЫ асқындырады?

0
17 931

ҚАН АЙНАЛЫМЫН жақсартудың БЕС жолы


​ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ нашарлауы ҚАНДАЙ АУРУЛАРДЫ асқындырады?

фото: mirledi24.ru

Қан – тамырлар арқылы айналады. Қан айналымы жүрек-тамыр жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оның нашарлауы ең алдымен ЖҮРЕК пен МИҒА өте қауіпті. Біздің ағзамыз денеміздегі қан тамырлар арқылы қоректенеді. Егер қан айналым нашарласа немесе дұрыс жұмыс істемесе онда саулығымызға айтарлықтай зиянын тигізеді.


Қан айналымының нашарлауының БЕЛГІЛЕРІ:


  • аяқ-қолдың мұздауы;


  • аяқтың ісуі;


  • бас айналу;


  • целлюлит;


  • ұйқысыздық;


  • сіңірдің түйілуі;


  • шаршау;


  • шаштың түсуі.

фото: udalaypsoriaz.ru


Қан айналымның НАШАРЛАУЫНА:


  • физикалық белсенділіктің төмендігі;


  • дұрыс тамақтанбау;


  • өмір салтын дұрыс жүргізбеу;


  • аурудың асқынуы СЕБЕП болады.


Бұдан бөлек МЫНА белгілер арқылы ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ нашарлауын білуге болады:

фото: natpress.net


АЯҚ-ҚОЛДЫҢ ҰЮЫ МЕН ШАНШУЫ

Бұл қанның нашар айналатынынан дерек береді. Кей жағдайларда ауыр жарақат алғанда, тромб пайда болғанда, көктамыр ауырғанда және бір орында ұзақ отырып жұмыс істегенде де аяқ-қол ұюы мүмкін. Десек те, бұған жауапсыз қарауға болмайды. Аяқ-қолдың ұюына түрлі болжам жасап, өз бетіңізше ем-дом жүргізгенше, арнайы дәрігердің тексеруінен өткеніңіз абзал. Ауруды асқындырып алғанша, алдын алған әлдеқайда тиімді әрі жеңіл екенін ескеріңіз.


ТЕРІ ТҮСІНІҢ ӨЗГЕРУІ

Денедегі кейбір жерлерде терінің түсі көгеріп, сарғайып немесе бозарып өзгереді. Әсіресе ұзақ уақыт бойы саусақтарыңызбен пернетақтадан әріп терген кезде саусақ ұштарының түсі өзгереді немесе қолыңызды қысып амандасқанда қолыңыз бозарады. Қатты уайымға берілгенде немесе қысылғанда да тері қызара бастайды. Міне, осы секілді болмашы өзгерістер қан айналымының нашар екенін айқындайды.


БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ БОСАҢСУЫ

Кенеттен аяқтың ақсауы бұлшықеттің әлсіздігінен болады. Бұл тамырларға қан дұрыс жетпегеннен қанайналым нашарлайды да, салдарынан аяқтың ауырсынуы пайда болады. Ауырсыну басылғанша ақсаңдап жүруге тура келеді. Демек, аяқтың ақсаңдауы да қан айналымының дұрыс жүрмегенінен дерек береді.


АЯҚ-ҚОЛДЫҢ ТОҢУЫ

Жазда да аяқ-қолы мұздап жүретіндерді сіз де кезіктірген боларсыз. Бұл да қолды сермей салатын жағдай емес. Аяқ-қолдың тоңуы саулығыңызға айтарлықтай қатер төндіретінін ұмытпаңыз. Егер сіздің қол-аяғыңыз ауа-райына қарамастан, мұздай берсе, қанайналымның дұрыс жүрмейтінін білгеніңіз жөн. Бұл проблеманы жедел түрде шешуге кеңес береміз.


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА СЕЛҚОС ҚАРАУ

Еркектік қауқардың әлсізденуі мен қозудың нашарлауы да қан айналымына тікелей байланысты. Әйелдің де, еркектің де қан айналымы нашар болса, онда оның төсек қатынасына ынтасы болмайды, құштарлығы бәсеңдейді.

Ал егер бұл проблема күйзеліске түсуден немесе стресс алғаннан деп ақталатын болсаңыз да, қан айналым жүйесін тексертуге кеңес береміз.


НЕСЕПТІҢ СИРЕК ШЫҒУЫ

Нашар қан айналымы бүйректің жұмысын баяулатады, нәтижесінде дәретханаға өте сирек жолыңыз түседі. Егер адам ағзасында сұйықтық жеткілікті мөлшерде болса да дәретханаға аз баратын болса, онда дәрігерден кеңес алу артықтық етпейді.

Бұдан бөлек, варикоздың пайда болуы, гемоглобин деңгейіндегі өзгеріс, ми нашар жұмыс істесе, жүрек уақытынан бұрын қартайса, онда тез арада ҚАН АЙНАЛЫМНЫҢ жұмысын тексеруден өткізіңіз.


ҚАНАЙНАЛЫМЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ:


фото: woplan.net


  • Ең тиімді тәсілі – ШОМЫЛУ. Монша, сауна, көл, бассейн, душ осының бәрі қан айналымын жақсартады. Әсіресе, қарама-қарсы душ қабылдасаңыз, ағзаңызды шынықтырасыз әрі қан айналымды жақсартасыз.


  • Екінші тәсіл – ЖАЯУ ЖҮРУ. Кемінде 30 минут жаяу жүру сіздің саулығыңызды жақсартады әрі қан айналымды реттейді.


  • Үшінші тәсіл – ЖАТТЫҒУ. Арнайы жаттығу емес. Тек қана қозғалыс. Мейлі, велосипед тебіңіз, жүзуге барыңыз, жүгіріңіз. Жиі-жиі шынығу - қан айналымды жақсартып, аурудың алдын алады.


  • Төртінші тәсіл – МАССАЖ. Бұл да қан айналымын қалпына келтіретін бірден-бір ем.


  • Бесінші тәсіл – АЯҚТЫ КӨТЕРУ. 5 минутқа тынығып алу үшін жатсаңыз да аяғыңызды жоғары көтеруді ұмытпаңыз. Бұл әдіс қанайналымды жақсартады әрі аяқтың шаршауын басып, қан тамырлардың кеңеюінің алдын алады.


Міне, ардақты оқырман, кез келген дерттің дауасы ӨЗІҢІЗ екенін ұмытпаңыз. Қандай ауру келсе де қаймықпай күресуден шаршамаңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Емізулі АНАЛАРДЫҢ ісінген КӨКІРЕГІН мына 5 ӘДІСПЕН емдеңіз

Пияз ҚАБЫҒЫНЫҢ қайнатпасы ҚАНДАЙ АУРУҒА ем?