​ҚАН тобыңызға қарап қандай ДЕРТТЕН сақтану керектігін білесіз бе?

0
5 271

Өте маңызды мәлімет


​ҚАН тобыңызға қарап қандай ДЕРТТЕН сақтану керектігін білесіз бе?

фото: attuale.ru

Әрбір адам өзінің қан тобын білуі керек. Бұл маңызды. Себебі кез келген уақытта сізге қан керек болады немесе донор болуыңыз ықтимал. Одан басқа, қан тобына қарап қандай аурудан сақтану керектігін білесіз. Ендеше, қан деген не, ағзамыз үшін қызметі мен маңызы туралы толығырақ біле жүрейік!


Қан дегеніміз не?

Оның сұйық бөлігі – плазма. Ол негізгі түзілген элементтерден, яғни эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттерден тұрады. Көлемі бойынша қан жалпы дене салмағының шамамен жеті пайызына (шамамен 5 литр) сәйкес келеді.

Қан басқа маңызды қызметтермен бірге ағзаның ішкі ортасын сақтайды және оны қорғайды. Ал қан тобы – бұл иммундық жүйені ашатын немесе жабатын кілт.

фото: u-f.ru

Қанның қанша тобы бар?

Төрт қан тобы бар: I, II, III және IV. Халықаралық жіктеу бойынша олар – 0, A, B және AB. Әрбір қан тобының өзіндік резус факторы бар. Ол белгілі бір ақуыз болып табылады. Оның болуы – оң, ал болмауы – теріс резусты көрсетеді. Жалпы, белгілі бір қан тобына жататындығы ең алдымен оны құрайтын антиденелер мен антигендердің айырмашылығына байланысты болады.

Қан тобын білу:

- қан құю;

- отада қан жоғалту;

- жүктілік кезінде (ана мен баланың Rh факторларының сәйкес келмеуі мүмкін) аса қажет болады.

Бір сөзбен айтқанда, адамның қан тобы жалпы денсаулығы туралы маңызды мәлімет екенін ескеріңіз!


Қан тобыңызға қарай мына аурудан сақтаныңыз

Бірінші (0) қан тобындағылар – қалқанша безінің қабынуы, асқазан-ішек жолдары, тері аурулары, инфекциялық, аллергиялық ауруларға шалдығуға бейім келеді. Тромбоз және миокард инфарктісінен де сақтануға кеңес береміз.

Екінші (А) қан тобындағылар – бауыр, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, қатерлі ісік, қант диабеті және аллергиялық аурулар.

Үшінші (В) қан тобындағылар – веноздық тромбоз, инсульт, тыныс алу ағзасының аурулары, созылмалы шаршау синдромы, қант диабетіне шалдығуы мүмкін.

Төртінші (АБ) қан тобындағылар – тірек-қимыл аппаратының, тері, инфекциялық, гематологиялық және онкологиялық аурулардан сақтану керек. Оған қоса, гипертония, тромбоз және миокард инфарктісі де көрініс береді.


фото: medaboutme.ru

Нақтырақ айтқанда:

  • 1-ші және 2-ші қан тобына жататындар бронх демікпесі мен ринит дертінен сақтануы керек. Науқас бұл кезде тыныс жолдарының қабынуы немесе жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан тұншығады.
  • Ал артритке ұқсас реакция буындардың қабынуы, қалқанша безінің ауруы, жалпы әлсіздік, шаршау, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы және тітіркену, қалыпты тәбетпен кенеттен салмақ жоғалту секілді аурудың белгілері 1-ші топтағы адамдарда көрініс береді. Одан бөлек, қанның ұюының төмендеуімен көрінетін гемофилия аруына шалдығады.
  • Асқазан-ішек жолдарының аурулары 2-ші және 4-ші қан тобына жататындарда жиі байқалады. Олар гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабатының зақымдануынан пайда болған ашық жаралардан зардап шегеді. Оған қоса, анемияға, тұмауға бейім келеді.
  • 2-ші топтың иелері тұқым қуалайтын гемоглобиннің құрамына кіретін күрделі ақуыздың синтезінің бұзылуымен сипатталатын гемолитикалық анемиядан зардап шегеді.
  • 3-ші және 4-ші қан тобының иелерін туа біткен жүрек ауруы мазалайды.
  • 2-ші, 3-ші және 4-ші қан тобының өкілдері бауыр ауруының түрлерімен ауырады. Нақтырақ айтқанда, вирусты гепатит, инфекциялық В гепатиті, сары ауру, өт қабына тас байлану секілді аурулар мазалайды.
  • Тыныс жолдарының аурулары – бронх жолдарының инфекциялық аурулары мен өкпенің қабынуы және ангина 3-ші қан тобының адамдарында жиі көрінеді.


Қайсы қан топтары бір-біріне сәйкес келеді:

4-ші қан тобындағылар кез келген топтан қан ала алады. Алайда тек 4-ші қан тобындағы адамға донор болады.
2-ші қан тобы 2-ші және 1-ші қан тобындағы адамдарға қан бере алады, 2-ші және 4-ші топтан ала алады.
3-ші топ 3-ші және 1-ші топтан ала алады, 3-ші және 4-ші топқа донор бола алады.
1-ші қан тобындағылар тек 1-ші топтан қан алады, ал барлық топқа донор бола алады.


Мінекей, қан тобына қарай қандай дерттің мазалауы мүмкін екенін білдіңіз. Бізге қан тобын ауыстырудың ешқандай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да аталған аурудан сақтанып, аурудың ауылынан алыстау жүріңіз.

Ол үшін салауатты өмір салтын ұстайсыз, дұрыс тамақтанасыз, жаман әдеттерден (темекі шегу, арақ ішу) арыласыз. Оның орнына спортпен шұғылданып, жүйкені тынықтырасыз.


Дереккөз: health.mail.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Аяқ-қолдың МҰЗДАУЫНА мына АЛТЫ ауру себеп болады


Іш КЕПКЕНДЕ қантқа МАЙ тамызып ЖЕУ керек


ТҰМАУҒА ем болатын ЕКІ әдісті БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ