​Кімге БАЛМҰЗДАҚ жеуге БОЛМАЙДЫ?

0
4 301

Балмұздақты қай уақытта жеу керектігін біле жүріңіз


​Кімге БАЛМҰЗДАҚ жеуге БОЛМАЙДЫ?

фото: prochado.ru

Балмұздақ – кез келген жастағы адамның сүйікті асы. Одан бас тарту мүмкін емес. Тіпті, жыл бойы балмұздақ жейтін адамдар бар. Оның бірі шоколадты, енді бірі сүтті, кейінгісі жемісті түрлерін таңдайды. Қай қайсысы болса да адам ағзасы үшін пайдалы және зиян екенін де ескеріңіз. Ендеше, балмұздақты кімге жеуге болмайтынын бірге білейік...


Балмұздақтың құрамында не бар?

Өздеріңіз білетіндей, балмұздақ сүттен немесе кілегейден жасалады. Оған қант, су және қоюлатқыш қосылады. Бәрін бір ыдысқа салып, жақсылап араластырасыз. Сосын мұздатқышқа салады. Тәбетіңізге қарай шоколад, карамель, жеміс-жидек, жаңғақ қосуға болады.


Балмұздақтың пайдасы

Балмұздақ – сергіткіш десерт. Егер артығымен жесеңіз, денсаулығыңызға айтарлықтай зиян болады. Десе де, балмұздақ басқа тағамдар секілді түрлі дәрумен мен минералға және зиянды заттарға бай. Нақтырақ айтқанда:

Балмұздақ – сүтті азық. Оның құрамы адам ағзасы үшін пайдалы элементке бай. Қимыл-тірек аппаратының жұмысын жақсартып, нығайтатын кальций элементін кездестіруге болады. Одан бөлек, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартуға ықпал ететін магний мен калий элементін аласыз. Оған қоса, адам ағзасын А, С, E дәрумендерімен байытады.

фото: milalink.ru


СТРЕСПЕН күреседі

Балмұздақ жүйкені тынықтыратын ең керемет дәрі. Басқа тәттілер сияқты балмұздақ та эндорфин бөледі де, жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрегіңізге тыныштық сыйлайды.


АС ҚОРЫТУ жолдарын жақсартады

Жемісті балмұздақ жасұныққа бай. Ал бұл зат асқазан мен ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартатын күшке ие. Ал йогуртты балмұздақ ішектің жұмысын реттейді.


АРТЫҚ САЛМАҚТАН арылтады

Құрамында ешқандай бояу мен қоспалар жоқ балмұздақ адам ағзасы үшін өте пайдалы. Калориясы аз бұл азықты артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеу ұсынылады. Алайда диетологтар шектеп жеу керектігін де ескертеді.

фото: lancasterfamilysmiles.com


Балмұздақтың зияны

Балмұздақ түрлі дәрумендер мен минералды заттарға бай. Бірақ оны кез келген адамға жеуге болмайды. Оның тәттілігі соншалықты тойғаныңды білмейсің. Сондықтан да тойып жеуге асықпай, денсаулығыңызды да ойлауды ұмытпаңыз. Ендеше, мына адамдарға балмұздақ жеуге болмайтынын ескертеміз.

  • Семіздікке бейім болсаңыз;
  • Гастритпен немесе панкреатитпен ауыратындарға;
  • Қант диабетімен ауыратындарға;
  • Холестерин деңгейі жоғарыларға;
  • Гипертониктерге балмұздақ жеуге болмайды.

Балмұздақпен бірге ыстық сусын ішуге болмайды. Ондай жағдайда тіс эмалін құртып алатынымызды ұмытпайық.


Тамақ ауырғанда балмұздақ жеу керек

Осыған сенесіз бе? Иә, балмұздақ – тәтті азық. Оның құрамындағы қант жұтқыншақтың зақымдануына әкеледі. Бұл кезде балмұздақ жесеңіз, ауруды асқындырып алуыңыз мүмкін. Дәрігерлер жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында суық тағамды қолдануға рұқсат бермейді. Себебі, тәтті, салқын тағамдар тамақтың шырышты қабығының ісінуіне ықпал етеді. Сондықтан да сіз тамақ ауруын салқынмен емдеуге жаттықпаған болсаңыз, балмұздақтан бас тарта тұрғаныңыз жөн.


Жалпы, деніңіз сау, тамағыңыз ауырмаған кезде – тамағыңызды салқын сумен шаюды әдетке айналдырыңыз. Сонда иммунитетіңіз көтеріліп, тамақ ауруынан арылтады.


Дереккөз: sport-express.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ана СҮТІН көбейту үшін ҚАРБЫЗ жеу керек


ІРІҢДІ ангинаны ҚАЛАЙ емдеп жүрсіз?


Жазда СУЫҚТАП ҚАЛМАУ үшін НЕ ІСТЕУ керек?