КОРОНАВИРУС, АЛЛЕРГИЯ, ТҰМАУ немесе СУЫҚ ТИЮ - АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ қандай?

0
4 055

Көктемдегі келеңсіздікті қайталап алмау үшін аса қажет әрі құнды ақпарат ұсынамыз


КОРОНАВИРУС, АЛЛЕРГИЯ, ТҰМАУ немесе СУЫҚ ТИЮ - АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ қандай?

фото: mosregion.info

Күз мезгілінде тұмау, аллергия, тамақ ауруларының қозатыны белгілі. Былтырдан бері оған КОРОНОВИРУС қосылды. Енді аталған аурулардың бір-бірінен атауы бөлек болғанымен, белгілері бірдей айырмашылықтарын біліп алайық.


АЛЛЕРГИЯНЫҢ белгілері:

фото: ot-allergii.ru

Аллергия маусымдық ауру. Әсіресе көктемде ағаштардың, гүлдердің , шөптердің иістері, ал күзде ауаның салқындығы, тозаң, жел секілді дүниелер аллергияның өршуіне себеп болады. Негізінде аллергиясы қозған адам:

  • жиі түшкіреді;
  • мұрынан су ағады;
  • мұрны бітеледі;
  • көзі қышып, жас ағады;
  • денесі қыши бастайды.

Кей жағдайда ғана тамағы ауырып, мазалайды.

ЖӨТЕЛ – аллергияның белгісі емес. Бірақ өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергиясы (поллиноз) барлардың тамағы ауырып, жөтеледі немесе қырылдап қалады. Бұл жайсыздықты жеңілдету үшін мұрынға тамызатын арнайы тамшылардың немесе гистаминге қарсы заттардың көмегіне жүгінесіз.

Міндетті түрде АЛЛЕРГОЛОГ дәрігердің кеңесін алып, ұсынған емін қабылдайсыз.


СУЫҚ ТИЮДІҢ белгілері:

фото: e-pitanie.ru

Суық тию немесе тыныс алу жолдарындағы инфекция күзде мазалайтын ауру. Әсіресе балабақшаға, мектепке баратын балаларда көбірек кездеседі. Таңғы және кешкі салқын бірден тамаққа кері әсерін тигізбей қоймайды. Балалардың ауруы үлкендерге де жұғып, салдарынан бүкіл отбасы түгел ауырады.

Суық тигізген науқастың:

  • мұрны бітеді;
  • мұрыннан сарғыш-жасыл түсті сұйықтық ағады;
  • қызуы шала көтеріледі;
  • басы ауырады.

Бұл белгілер көбінесе балаларда кездеседі. Ал үлкендерде елеусіз өтуі мүмкін. Кейде жеңіл жөтел пайда болады әрі ұзаққа созылады. Суық тигізген адамда ентігу, асқазан-ішек жолдарында мазасыздық, іш өту, іш қату, басын көтере алмай ауыру секілді белгілер болмайды.


ТҰМАУДЫҢ белгілері:

фото: medvestnik.ru

Мезгілдік тұмау қазан-қараша айларында өршиді. Бұл кезде сізде аллергия мен суық тигізгендегі белгілер білінуі мүмкін. Одан бөлек:

  • тұла бойыңыз ауырады;
  • бойыңызды әлсіздік билейді;
  • шаршайсыз;
  • тамағыңыз ауырады;
  • құрғақ жөтел пайда болады.

Бұл аурудың алдын алу үшін екпе салғызу керек. Өйткені тұмаудан жылына қанша адам ауруханаға жатады, кей кездерде қайғылы жағдай орын алады.

Тұмауға қарсы екпенің пайдасы орасан. Әсіресе демікпесі барларға өте қажет. Аталған белгілер біліне басталғаннан-ақ ТЕРАПЕВТ дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Тиісті ем-шараларын алып, дәрумендер қабылдаңыз.


КОРОНАВИРУСТЫҢ белгілері:

фото: arnapress.kz

Бұл вирустық инфекция пандемияның тууына себепші болды әрі бүкіл әлемнің өмір сүру салтын өзгертті. Аты жаман ауру егделерді де, жастарды да, орта буынды да ажал аузынан аман қалдырмады. Тіпті, әлемдік деңгейде ең жаман ауру тізіміндегі диабет, жүрек ауруы, қан қысымының көтерілуі секілді ауруларды басып озды десек те болады.

Әлемге COVID-19 атымен танылған ауруға шалдыққандардың:

  • денесі қалтырайды;
  • қызуы көтеріледі;
  • құрғақ жөтеледі;
  • ауа жетпей жанталасып ентігеді.

Бұл белгілер басқа ауруларда да көрініс береді. Алайда бұдан бөлек иіс сезбей, дәм білмей жатсаңыз, дереу отбасы мүшелерінен оңашаланып, арнайы дәрігерді шақыртыңыз.

Коронавирус кезінде асқазан-ішек жолдарында да жайсыздық орын алады. Тамаққа тәбетіңіз төмендеп, жүрек айнып, құсқың келеді. Іш өтіп, бойыңызды әлсіздік билейді.

Егер аталған белгілерді байқасаңыз:

  • Соңғы 14 күнде кімдермен жақын араласқаныңызды есіңізге түсіріңіз;
  • Емханаға бармаңыз;
  • Үйге дәрігер шақыртыңыз;
  • Отбасыңыздан оқшауланыңыз;
  • Міндетті түрде тест тапсырыңыз.

Егер тыныс алуыңыз қиындаса, көкірегіңіздің айналасы шыдатпай ауыртса, ерніңіз немесе бетіңіз көгеріп бастаса, ауруханаға жатыңыз.


Сонымен жоғарыда айтылған қай-қайсы ауру болса да жазылуы бір күнде емес, бірнеше күнге ұласады. Айналаңызға қауіп төндірмеу үшін мейлінше сақтанып жүріңіз. Мүмкіндігінше үйде емделіңіз, сыртқа шыққанда бетперде киіңіз. Арақашықтықты сақтаңыз, тұмауға қарсы екпе салдырыңыз.


Дереккөз: kiz.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ашқарынға БАЛ жесеңіз АҒЗА қандай ӨЗГЕРІСКЕ ұшырайтынын білесіз бе?


ҚИЯР шырыны ЦИСТИТТЕН құтқарады


Сізге МЫНА емдік ШӨПТЕРДІ қолдануға БОЛМАЙДЫ