Коронавирустан САҚТАНУДЫҢ 7 жолы бар

0
10 344

Дәрігердің бұл кеңесіне құлақ ассаңыз, дерттен таза боласыз


Коронавирустан САҚТАНУДЫҢ 7 жолы бар

фото: malotroickoe31.ru

Короновирус қысқа уақыт ішінде әлемді жайлады. Талайды мәңгілік мекеніне аттандырса, енді біраз халықты денсаулығынан айырды. Вируспен күресуге дәрігерлер барын салса да түбегейлі көзін жоя алмай отыр. Бұл инфекциялық дерттің емі нақты анықталмағанымен, сақтанудың жолдарын қарастырып бағуда. Короновирусқа қарсы вакцина салдырсаңыз да, сақтық шараларын естен шығармаңыз. Өйткені иммунитетіңіздің жағдайына қарай вирус жұқтырып алуыңыз ғажап емес. Вакцина вирустан жүз пайыз қорғайды деген сеніміңізге мына сақтық шараларын да қосып қойсаңыз тіпті керемет болады.


1. БЕТПЕРДЕ ТАҒЫҢЫЗ

Вирус біз жұтып жатқан ауада бар. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан да үйден тысқа шығатын кезде міндетті түрде маска тағыңыз. Қоғамдық көлікке мінгенде де, базар аралағанда да, дүкенде де, дәріханада да, тіпті дәрігердің алдына барғанда да маскаңызды шешпеңіз. Өйткені кез келген орыннан вирус жұқтырып алуыңыз мүмкін. Тіпті, дәл жаныңызда коронавируспен ауырған адам отыруы да ықтимал ғой. Ендеше, өзіңізді де, жақындарыңызды да аурудан қорғағыңыз келсе, сақтаныңыз.


2. СЫРТҚА ШЫҚПАҢЫЗ

Тап қазір эпидемияның қайтадан өршіген кезі. Қатты қажеттілік болмаса сыртқа шықпай-ақ қойғандарыңыз мақұл. Әрине, төрт қабырғаға қамалып отыру біздің миымызға сыймасы анық. Десе де, денсаулық үшін шыдауға тура келеді. Үйдегі үлкендерді, кішкентайларды қорғаңыз. Мүмкіндігінше иммунитетті көтеретін дәрумендер беріңіз. Құнарлы тағамдар тұтыныңыз.


3. ҚОЛЫҢЫЗДЫ ЖИІ ЖУЫҢЫЗ

Қолыңызды жиі сабындап жуыңыз. Бұл тазалық аурудан қорғайтынын ескеріңіз. Әсіресе, сырттан келген соң үйдегілермен амандаспай тұрып, қолыңызды жуыңыз. Өйткені сіз мекеменің тұтқасын ұстадыңыз, қоғамдық көлікке міндіңіз, ақша ұстадыңыз. Вирус кез келген жерде болуы мүмкін. Ол көз ілеспес жылдамдықта өте тез таралады. Қай кезде, қашан вирусты жұқтырып алғаныңызды байқамай да қаласыз.


4. КӨБІРЕК СУ ІШІҢІЗ

Коронавирусқа қарсы тұру үшін көбірек су ішіңіз. Сұйықтықтың көлемін күндегіден көбейткеніңіз дұрыс. Суды жиі ішетін болсаңыз, тамағыңыз құрғамайды, жөтел қыспайды. Оған қоса, судың ағзаның қорғаныс қасиетін арттыратын қасиеті бар екенін ұмытпаңыз.


5. ЕРТЕ ҰЙЫҚТАҢЫЗ

Аурудан сақтану үшін күнделікті режиміңізді өзгертуге тура келеді. Арамызда түннің бір уақытына дейін теледидар қарап, интернет көріп отыратындар бар. Ұйқының қануы, тыныш болуы көптеген дерттің алдын алады. Сондықтан да ағзаны қуаттандырып, көңіл-күйіңізді жақсартқыңыз келсе, жақсылап тынығыңыз. Түнгі 22-00-де ұйқыға жатыңыз. Ұйқы арқылы иммунитетіңізді нығайтасыз, ағзаңызды қуаттандырасыз әрі бойыңызға сергектік сыйлайсыз.


6. ЖАНУАРЛАРҒА ЖАҚЫНДАМАҢЫЗ

Әсіресе жабайы жануарлардан алшақ болғаныңыз жөн. Біраз уақытқа жануарлар саябағына бармай-ақ қойыңыз. Үйдегі ит-мысықтармен де ойнамаңыз. Химиялық заттардың көмегімен шыбын, маса секілді жәндіктердің көзін құртуға тырысыңыз.


7. ТАЗАЛЫҚҚА МӘН БЕРІҢІЗ

Үйдің де, киімнің де тазалығы маңызды рөл ойнайды. Барлық бөлмені күніне екі рет сулы сүлгімен сүртіңіз. Шкаф сөрелері де, теледидар, компьютер, кондиционер секілді бұйымдарды да сүртуді ұмытпаңыз. Тазалық – денсаулықтың кепілі екенін ескеріңіз.


Бұл кеңестер өте оңай. Оларды жүзеге асыру көп уақытыңызды алмайды. Есесіне, аты жаман дерттен өзіңізді де, жақындарыңызды да сақтай аласыз.


Дереккөз: fb.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БҮЙРЕК ауруынан САҚТАНУДЫҢ 8 әдісі


ТЫНЫС алуыңыз қиындаса КОФЕ ішіңіз


Өкшеге ЙОД жағу арқылы ЗОБТЫ емдеуге болады