Құрсақ көтеруге тамақтанудың әсері бар ма?

0
4 589

Гарвард университетінің оқымыстылары кейбір тағамдардың әйел денсаулығына кері әсер ететінін, тіпті, бала көтере алмай қалу қаупі бар екенін анықтапты. Балалы болуды армандап жүргендер емделумен қатар, тамақтану мәзіріне де назар аударулары тиіс екендігін айтады.


Құрсақ көтеруге тамақтанудың әсері бар ма?

Гарвард университетінің оқымыстылары кейбір тағамдардың әйел денсаулығына кері әсер ететінін, тіпті, бала көтере алмай қалу қаупі бар екенін анықтапты. Балалы болуды армандап жүргендер емделумен қатар, тамақтану мәзіріне де назар аударулары тиіс екендігін айтады. Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану көптеген аурулардың алдын алатыны анық. Сондықтан да ана болу бақытына ие болғыңыз келсе, онда құрамында дәрумендері мен минералды заттары бар құнарлы тағамдарды тұтыныңыз. Көміртекті көбірек тұтыну керек. Ол қандағы қант мөлшерін реттеуге ықпал етеді. Ал оның көптігі жүктілікке бейімдейтін гормондарға кері әсер етеді де сізді бедеулікке алып келеді.

Мұның алдын алу үшін құрамында көміртек заттегі бар тағамдарды қолдануды ұсынамыз. Атап айтсақ, қоңыр түсті күріш, дәнді-дақылдар мен нан өнімдерін, картоп, арпа мен басқа да көкөністерді көбірек жеу керек. Ал ақ нанды, жарма тағамдарын, ақ күріш пен ақ картопты аздап қолдануға кеңес береміз. Сонымен қатар, тәтті күлше, тәтті нандар, газды сусындар мен тәттілерді шектеу қажет.

Май мен майлы тағамдарды да ұмытқаныңыз жөн. Күнделікті тұтынуға зәйтүн, авокадо, балық, жаңғақ пен күнбағыс майын қолдануды ұсынамыз. Ал, адам ағзасы үшінқауіпті саналатын маргарин, крекер, чипсы денсаулығыңызға тек қана зиянын тигізеді. Ет пен тауық, үндік еттерін балық етімен немесе жұмыртқамен алмастырсаңыз тіпті жақсы.

Майлы сүт те қоздырғыш гармондарыңыздың қызметін бәсеңдетіп, бедеулікке алып келуі ықтимал. Негізінде аптасына 1-2 рет қаимағы алынбаған сүт, балмұздық, майсыз йогурт пен төрт пайыздық ірімшікті тұтыныңыз. Жүктілікті болдыру үшінқұрамында темір элементі мен арнайы дәрумені бар дәрумендер қабылдау керек.

Күнделікті жейтін тағамдарыңызға көкөністер мен көктерді көбірек қосыңыз. Сонымен қатар бұршақты өсімдіктердің де пайдасы орасан.

Жүкті болу үшін қандай тағамдар жеу керек?

* Ерлерге құрамында фруктоза заты бар тағамдарды көбірек қолдану керек. Аталық ұрықты күшейтетін бұл затты апельсиннің, алманың, грейпфруттың, шоколад пен лимонның құрамынан кездестіруге болады. Сонымен қатар теңіз өнімдері де белсенділік сыйлап, ұрыққа күш береді. Ұрықты белсендендіруге балдың, асқабақ, күнбағыс және күнжіт дәнінің де тигізер ықпалы орасан.

Ал қызанақтың құрамындағы ликопен заттегі қуық, безіндегі суықты алып, ұрықты күшейтеді.

* Әйелдер құрамында фосфор элементі бар тағамдарды көбірек тұтыну керек. Бұл минералды затты теңіз өнімдерінен аласыз. Ал ақбас қырыққабаттың құрамындағы U тобындағы дәрумен жатырдың жұмысын жақсартса, жаңғақтың дәннің, сұлының, күріштің, цитрусты жемістер мен нанның құрамындағы С, Е және В дәрумені мен магний элементі еттеккірдің келуін реттейді.

* Баланы армандаған жұптар кептірілген жемісті, үйде дайындалған сүт өнімдерін, жеміс-жидек пен көкөністі көбірек жеулері керек. Сонымен қатар, күнбағыс, зығыр, асқабақ, жүгері, күнжіт майларын қолдануды ұсынамыз. Майсыз етті жеу керек. Кептірілген жемістердің ішіндегі інжір, кептірілген өрік, қара өрік пен мейіздің тигізер пайдасы орасан. Қантты балмен ауыстырыңыз. Дәмдеуіштерден насыбайгүлді, жауқазынды, жебіршөпті, әністі және жанжәбілді қолдану керек.

Қандай сусын ішкен дұрыс?

1. Әйелдер күнде жатар алдында 1 ас қасық жаңадан сығылған беке шырынын ішуді әдетке айналдырыңыз. Емді еттеккірдің келген күнінен бастау керек.
2. Күнделікті шайдың орнына шайқурайдан, гүлзардақтан, сәлбеннен, жолжелкеннен, бақытгүлінен, түйебұршақтан, өгейшөптен, толғақшөптен, қырмызыдан, түймедақтан, қалақайдан демделген тұнба немесе қайнатпаны ішіңіз. Бұл шөптен жасалған емдік тұнбаның тигізер пайдасы орасан. Сонымен қатар бұдан ванна жасасаңыз да көмегі тиеді.