МЫНА 11 белгі ағзаға СУ жетіспейтінін білдіреді

0
15 192

Ағзаға су жетіспесе не болатынын біле жүріңіз... Қауіптің алдын алғаныңыз өзіңізге жақсы.


МЫНА 11 белгі ағзаға СУ жетіспейтінін білдіреді

фото: svidomitov.net

СУ – ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Өйткені су біздің ағзамыз үшін аса қажет. Егер суды аз ішсеңіз, дененің және ағзаның жұмысына кері әсер етеді. Алайда көпшілігіміз өзіміздегі өзгерісті судың тапшылығынан екенін біле бермейміз. Шөлдеген кезде ғана су ішу қате пікір екенін біле жүріңіз. Егер ағза су тапшылығына ұшыраса, мынадай белгілер көрініс береді.


АУЫЗДЫҢ ҚҰРҒАУЫең алғашқы белгісі болып табылады. Егер сіз шөлдей бастасаңыз, жеміс шырынына немесе кока-колаға қол созбаңыз. Бұл сусындар сіздің шөліңізді уақытша қандырады. Оның орнына кәдімгі су ішкен әлдеқайда жақсы. Судың құрамында зиянды қоспалар жоқ болғандықтан шөлді қандыра алады.


ТЕРІНІҢ ҚҰРҒАУЫағзаның сусыздануынан дерек береді. Әсіресе, күз, қыс мезгілдерінде адамның терісі құрғап, кремнің көмегіне жүгініп жатады. Бұл кезде кейбіріміз дәрумен жетіспейді деп топшыласақ, енді біріміз салқын ауа теріге кері әсер етеді деген пікір қалыптастырамыз. Иә, бұл екі себеп орынды. Десе де, терінің құрғауына суды аз ішкеннен, ағзаның ылғалдылығын жоғалтуынан болатынын білгеніңіз жөн. Мұның алдын алу үшін кемінде 1,5-2 литр су ішуді әдетке айналдырыңыз.

фото: vodavsochi.ru

ҚАТТЫ ШӨЛДЕУсуды тым аз ішетініңізді білдіреді. Мейлінше мөлшерге сай сұйықтық ішуге әдеттеніңіз. Әсіресе алкогольді ішімдік ішкен соң қатты шөл қысады. Осы кезде шөлді қандырмасаңз, ағза су тапшылығына ұшырап, келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін.


КӨЗДІҢ ҚЫЗАРУЫсудың аздығын айқындайды. Бірақ көз қызара бастаса шаршағанның белгісі деп қателеседі екенбіз. Компьютердің алдында ұзақ отырғаннан, кітапты көп оқығаннан көз шаршап қызарады деп көзге дәрі тамызып ем жасауға кірісеміз. Алайда оның бірден-бір емі – ағзаны сумен қамтамасыз ету екен.


БУЫН АУРУЫсуды аз ішкеннен пайда болады. Әсіресе, қозғалыс кезінде буын ауырса, нақтырақ айтқанда, жүргенде, отырғанда, тұрғанда ауырлық сезімі байқалса, онда күніне белгіленген мөлшерде су ішуге тырысыңыз. Ағзаның сусыздануы буын ауруының белең алуына ықпал етеді.


БҰЛШЫҚЕТ МАССАСЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІағзаның сусыздануынан хабар береді. Бұлшық ет ұлпасы судан тұрады. Егер суды аз ішетін болсаңыз немесе жаттығу залында көп жаттықсаңыз бұлшықет массасы төмендейді. Судың жеткілікті мөлшерде болуы өзіңізді жақсы сезінуге ықпал етеді. Ағза су тапшылығына ұшырамаса ауырсыну, қабыну секілді жайсыздықтар орын алмайды.

фото: svidomitov.netuarp.org

АУРУДАН АЙЫҒУ ҚИЫНДАСАсу ішіп әлденіңіз. Егер суық тиіп ауырсаңыз, вирус немесе бактерия жұқтырып алсаңыз, онда көбірек су ішіңіз. Су ағзадағы артық заттың сыртқа шығуына ықпал етеді. Судың артықшылығы – ағзадан артық токсиндерді кетіру арқылы емдеу процесін едәуір жеделдетеді. Егер суды жеткіліксіз ішсеңіз, онда ағзаның жұмыс істеуі бәсеңдеп, емделу мерзімі ұзаққа созылады.


ӘЛСІЗДІК және ШАРШАУсудың жеткіліксіздігін білдіреді. Ағза суға зәру болса дене құрғап, ағза солғын тартады. Бұл ең қауіпті ауру екенін біле жүріңіз. Өйткені барлық ішкі ағзаларға қажет қандағы оттегінің жетіспеушілігін тудыруы мүмкін. Нәтижесінде бойыңызды қатты шаршау және енжарлық билейді. Уақыт өте келе, бұл ұйқының қанбауына, көңіл-күйдің төмендеуіне, қанша уақыт тынықсаңыз да шаршауды жеңе алмайтыныңызға әкеледі. Бұл жайсыздықтан кофе мен сергітетін сусындар құтқара алмайды. Сізді ұйқыңыздан оятып, бойыңызға сергектік сыйлайтын – кәдімгі су екенін біліңіз.


ҮНЕМІ АШТЫҚТЫ СЕЗІНУағзаның су тапшылығына ұшырағанын білдіреді. Біздің денемізге су жетіспесе, қарнымыз ашқандай сезімде боламыз. Бұл кезде тоя тамақтану денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Ешқашан су мен тағамды шатастырып алмаңыз. Тамақ – асқазанға ауырлық түсіріп, ішектің жұмысын баяулатса, ал су – денені тазартады, ағзаның жұмысын қуаттандырады.

фото: healthyness.ru

АС ҚОРЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НАШАРЛАУЫсу тапшылығының әсерінен болады. Ауыз қуысының құрғамауы үшін жеткілікті мөлшерде су ішу керектігін білесіз. Сол сияқты ас қорыту мен ішектің жұмысын жақсарту үшін де судың маңызды екенін білгеніңіз жөн. Су ішу арқылы ғана ас қорыту жүйесінің ылғалдылығын сақтай аласыз. Әйтпесе, шырышты қабық жұқара бастайды, соның салдарынан асқазандағы қышқыл ішкі органдарға зиянын тигізуі мүмкін. Нәтижесінде асқазанның бұзылуы, қыжыл және басқа жағымсыз белгілер пайда болады.


ЕРТЕ ҚАРТАЮсудың аздығынан болады. Ағзаның сусыздануы терінің тез қартаюына ықпал етеді. Сондықтан да суды қалыпты мөлшерде ішуге әдеттеніңіз. Негізінде жас ұлғайған сайын суды көбірек ішу керек.


Бір сөзбен айтқанда, судың жетіспеушілігі – сыртқы келбетіміз арқылы сайрап тұрады екен. Сондықтан да ішкі және сыртқы саулығыңыздың жақсы болуын қаласақ, су ішуді бастайық.


Дереккөз: vilkin.pro


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ



Тағы оқыңыз:


КОФЕГЕ қанттың орнына БАЛ қосып ішсеңіз АҒЗАДА қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?


Таңертең ҰЙҚЫДАН ШАРШАП оянуға МЫНА аурулар себеп болады


БҰРЫШ пен БАЛ бір күнде ЖӨТЕЛДІ емдейді