​Мына ЖЕТІ әдіс МИДЫҢ ерте ҚАРТАЮЫНА жол бермейді

0
5 212

Өзі қарапайым әрі қызықты әдісті жасауға асығыңыз


​Мына ЖЕТІ әдіс МИДЫҢ ерте ҚАРТАЮЫНА жол бермейді

фото: canadianprotein.com

Мидың ұйқыны жақсы көретінін білесіз бе? Оны үнемі түртіп тұру керек. Сонда жақсы ойланып, өз жұмысын мүлтіксіз атқарады. Әйтпесе, түрлі ауруларға шалдығу қаупі туындайды. Нақтырақ айтқанда, ақыл-естің кемістігі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, ұмытшақтық және басқа дерттің дендеуі ғажап емес. Сондықтан миды ұзақ ұйқыға жібермеу үшін мына 7 түрлі әдісті жасап жүріңіз.

Мидың жақсы жұмыс істеуі тікелей нейропластикаға байланысты. Ал нейропластика түрлі тәжірибенің әсерінен өзгереді, зақымданудан немесе сыртқы әсерлерден кейін миды қалпына келтіретін мидың қасиеті. Бұл кезде нейрогенез маңызды рөл атқарады. Ол мидағы жаңа нейрондардың пайда болуына ықпал етеді. Өздеріңізге мәлім, адам есейген сайын оның миы «жалқау» бола бастайды. Ал кішкентайларда керісінше, мидың оқуға, білуге ынтасы артады.


ҚИМЫЛДАУ

Мидың белсенді жұмыс істеуіне қимыл-қозғалыстың керемет әсері бар. Әсіресе аэробты жаттығулар нейрогенезге оң әсер етеді. Бұлшық ет моторикасын қолдау үшін оттегі негізгі энергия көзі ретінде пайдаланылады. Ал ағзаға қажетті оттегіні алу үшін физикалық белсенділік өте қажет. Аэробты жаттығуларға:

  • жүру;
  • жүгіру және бір орында тұрып жүгіру;
  • жүзу;
  • баспалдақпен жоғары-төмен шығып-түсу;
  • скейтбордпен, конькимен, роликпен және конькимен сырғанау;
  • билеу;
  • теннис және баскетбол кіреді.

Осы жаттығулардың біреуін немесе бірнешеуін үзбей жасап жүрсеңіз, мидың қартаюына жол бермейсіз. Оған қоса, көздің, бауыр-бүйректің, өкпенің, жүректің саулығын жақсартады. Бұлшық етіңіз шынығып, бойдағы әлсіздікті жеңесіз.

фото: zhenskij.mirtesen.ru


ТАМАҚТАНУ

Мидың ең сүйікті асы – тәтті деп білеміз. Бірақ олай емес. Онсыз да ұйқы безі денені әртүрлі тағамдардан алынатын қажетті глюкозамен қамтамасыз етеді. Миды жақсарту үшін қосымша қант жеудің қажеті жоқ.

Ал мидың жұмысын белсенді ету үшін қант, бал, торт емес, ащы шоколад жеуге болады. Ол мидың қабілетін дамытуға, ақпаратты жылдам қабылдап, өңдеуге, жан-жақты ойлауды жақсартуға ықпал етеді.

Қара шоколадта миды нәрлендіретін маңызды фосфор және жасушалық тепе-теңдікке жауап беретін магний бар. Сондай-ақ, бұл нәзіктік ми жасушаларын белсендіреді, қан тамырларын кеңейтеді және миды оттегімен қамтамасыз етуге қатысады.


ҰЙҚЫ

Ұйқының бұзылуы Альцгеймер және шизофрения ауруының алғашқы белгілері болуы мүмкін. Мидың жұмысы түнде басталады. Ол барлық дене жүйелерінің жұмысын тексеріп, өзін-өзі емдеу ісіне кіріседі. Сол кезде ми бос ақпараттан тазарады. Сондықтан түнгі ұйқының бұзылмауын қадағалаңыз. Егер адам жеткілікті ұйықтамаса, оның есте сақтау қабілеті де нашарлайды. Ендеше, кем дегенде 7 сағат ұйықтауға тырысыңыз. Ұйықтау үшін арнайы дәрі ішуге болмайтынын ескертеміз. Мейлінше табиғи жолмен жеткілікті ұйықтауыңыз керек.

фото: famous-mathematicians.com


НИКОТИННЕН бас тартыңыз

Темекі шегентіндердің 45 пайызы ақыл-есінен айырылады екен. Ал 14 пайызы Альцгеймер дертінен зардап шегеді. Сондықтан миға кері әсер ететін темекімен қоштасыңыз.


Көбірек ОҚЫҢЫЗ

Егер сіз кітапты, газетті немесе журналды парақтап, көз жүгіртіп шыққан кезде ми талай тірлікті тындырады. Тыныс белгілерді, әріпті таниды, талдайды, өңдейді және қорытады. Бұл өте күрделі процесс ойлауды тамаша жаттықтырады. Оқу барысында біздің санамыз көру, есту және фонематикалық қабылдау процестерін белсендіреді.

Ендеше, миды жасарту үшін күнде 1-2 сағат кітап оқуды әдетке айналдырыңыз.


Жаңа нәрсе ҮЙРЕНІҢІЗ

Жаңа нәрсе үйренуден қашпаңыз. Бұл миға керемет әсер береді. Мәселен, тісіңізді сол қолмен жуыңыз, бас қатырғыш шешіңіз, басқа жолмен, тіпті басқа қоғамдық көлікпен барыңыз. Түрлі курстарға жазылыңыз. Шет тілдерін оқыңыз. Бұл жағдайлар сіздің миыңызды жаттықтырып, жасартады.


ЖАТТЫҒУ жасаңыз

  • Бір-бірімен байланысы жоқ әріптер мен сандарды қатарынан жазып, көзіңізді жұмып қайталаңыз. Осылайша біртіндеп таңбалар санын көбейтіңіз.
  • Қолыңызға айна ұстап алып, межелі жеріңізге кері жүріңіз. Мәселен, дүкенге бару үшін артқа қарай жүріңіз.
  • Шуға қарсы иммунитетті дамытыңыз. Қатты рок әуендерін тыңдаңыз. Дауыстап кітап оқыңыз. Теледидардың даусын көтеріп қойыңыз. Айқайлап өлең айтыңыз.
  • Ментальды арифметика жасаңыз. Оның көмегімен санау жылдамдығы ғана емес, сонымен бірге зейін, аналитикалық және шығармашылық ойлау, бақылау, есте сақтау дамиды.
  • Әр түрлі бағытта екі қолмен ауаға сурет салыңыз. Мейлі, жазу жазыңыз, геометриялық фигураларды салыңыз. Бұл әресет те мидың жасаруына себепші болады.


Ми – адам өміріндегі ең қажетті мүше. Оны секунд сайын қозғап отыруымыз керек. Ол үшін жоғарыда жазылған кеңесті орындаңыз.


Дереккөз: mag.103.by


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТЕРІ астындағы КЕНЕ қауіпті ДЕРТ


ХОЛЕЦИСТИТ кезінде ҚАЙ жеріңіз АУЫРАДЫ?


ЖЕТІ дана ІНЖІР іріңдеген АНГИНАҒА ем болады