​ПНЕВМОНИЯНЫҢ ең алғашқы 10 БЕЛГІСІ қандай?

0
29 272

ПНЕВМОНИЯНЫ емдеуге ПАРАЦЕТАМОЛ көмектесе ме?


​ПНЕВМОНИЯНЫҢ ең алғашқы 10 БЕЛГІСІ қандай?

фото: s-voi.ru

Пневмония – өкпенің қабынуы. Бұл дерттің асқынуына ВИРУС (тұмау, суықтау) немесе БАКТЕРИЯ (іш өту, тыныс жолдары ауруы) СЕБЕП болады. Ал бүгінгі белең алған пневмония ВИРУСТЫҢ салдарынан көбейгені анық. Ал өкпені суықтан, аурудан, вирустан қорғайтын ең басты қару – иммунитет. Сондықтан да мына індеттің құрығына түсіп қалмау үшін кез келген жастағы адам иммундық жүйесін нығайтуы тиіс.


Бұл пневмонияның белгілері сан алуан. Қазіргі халықтың көпшілігі аурудың асқынып кеткенін байқамай қалуда. Өйткені біз білетін пневмония қызуыңды көтеріп, денеңді дел-сал етуші еді. Ал қазір қарап жүріп пневмония боласың да қаласың. Десе де, біз ұсынатын бұл БЕЛГІЛЕРГЕ бей-жай қарамаңыз. Алдын ала білсеңіз, аурудың алдын алатын боларсыз.

фото: 365news.biz

1. ЖАҒДАЙЫҢЫЗ бірде ЖАҚСАРЫП, бірде НАШАРЛАЙДЫ

Алдымен сізді тұмау айналдырады. Тамағыңыз қышып, жөтеле бастайсыз. Денеңіз бір ысып, бір суиды. Бұл кезде ағза инфекциямен күресіп жатқанда, вирус өкпеге қарай жол тартады. Бірнеше күннен кейін бойыңыздың жеңілдегенін байқайсыз. Тұмаудың белгілері яғни, дене қызуы, мұрыннан су ағу, жөтел, бас ауруы жоғалғандай сезіліп, жақсарып қаласыз.

Ал өкпедегі вирус жайылып, көбейеді. Бірнеше күн бойы тұмаумен күресіп әлсізденген иммунитетіңіз бұл кезде қауқарсыз қалады. Салдарынан иммундық жүйе әлсіздік танытып, денеңізді ауру дендейді. Бұл науқасқа тұмаудың ауыр сипаты секілді сезіледі.


2. ДЕНЕ қызуы 40 °С

Өкпе қабынған кезде дене қалтыратып, қызу көтеріледі. Мұқият байқасаңыз тұмау кезіндегі температурадан айырмашылығы болады. Тұмау кезінде қызу 38 градусқа дейін ғана көтеріледі. Ал 38-39 градустан 40 градусқа дейін көтерілген температура пневмонияның алғашқы белгілерінің бірі болып табылады. Бұл кезде науқастың бойы жылымай, қалтырап-тоңады.


3. Көп ТЕРЛЕСЕҢІЗ...

Қимыл-қозғалысыңыз аз болса да, салқын жерде жүрсеңіз де терлей берсеңіз, онда өкпенің қабынғанын біліңіз. Себепсіз терлеу қуантарлық нышан емес.


4. ТӘБЕТІҢІЗ төмендесе

Тәбет ауыр дертке шалдыққанда төмендейді. Тіпті, түбегейлі тамақтан бас тартатындар да жоқ емес. Тұмау болғанда асқазан, ішек жолдары өз жұмысын ойдағыдай атқарады да, адамнан тамақты талап етеді. Бұл кезде тамақ жеп, қажетті сусындарды көрек етеді.

Ал пневмония кезінде ауру бар күшін инфекциямен күресуге арнайды да, ішек, асқазан, ас қорыту жолдары жұмысын «тоқтатады».


5. Жиі ЖӨТЕЛСЕҢІЗ

Қанша ем қабылдап, дәрі ішсеңіз де жөтеліңіз тоқтамады ма? Тіпті үдей түскенін байқадыңыз ба, онда өкпені тексертуге асығыңыз. Пневмония кезінде жөтел құрғақ та, ылғалды да болады. Мұндай жөтел тыныс жолдары мен өкпенің зардап шегіп жатқанын білдіреді.

фото: upulmanologa.ru

6. ЖӨТЕЛГЕН кезде ҚАҚЫРЫҚ болса

Альвеола – өкпедегі майда тесіктер. Ол тыныс алған кезде ауаны шығарып тұратын қызмет атқарады. Ал егер ол сұйықтықпен немесе іріңмен бітеліп қалса, сізді еріксіз жөтелдіреді. Ал жөтелген кезде әлгі тесіктегі зиянды заттар сыртқа қақырық болып шығады.


7. КӨКІРЕК айналасы ШАНШЫП АУЫРСА

Әсіресе жөтелгенде немесе терең тыныс алғанда көкірегіңіз ауырса, онда өкпенің ІСІНГЕНІН білдіреді. Өкпенің көлемі өзгергенде де өзін ыңғайсыз сезініп, көкірегіңізді ауыртады.


8. ЕНТІГУ басталса

Ентігу – ағзаға ауаның жеткіліксіздігін білдіреді. Егер төсектен тұрғанда, әжетханаға барғанда немесе шай құйғанда да ентігетін болсаңыз, бұл пневмонияның белгісі. Дереу өкпені тексертіп, қажетті ем-шараларын жүргізіңіз.


9. ЖҮРЕК ҚАҒЫСЫ өзгерсе

Тамырдың қалыпты соғуы ересектерде минутына 60-100 соққы болады. Мәселен, сізде жай күні жүрек соққысы 80 болса, ал қазір бірде секіріп, бірде түсіп өзгеріп тұрса, бұл қауіпті белгі екенін біліңіз. Жүрек соққысының өзгерісі жүрекке қан жетіспегенін білдіреді. Ал бұл өкпеге ауа жеткізбей, ауруына әкеледі.


10. Өзіңізді ШАРШАУ әрі ҚАЛЖЫРАҒАНДАЙ сезінсеңіз

Бұл себептер де пневмонияның басты белгісі. Өйткені сіздің ағзаңызға қажетті ауа жетпей қысылып тұр. Сондықтан да ағза белсенділік танытпай, дәрменсіздік денеңізді билеуде.


Пневмония КІМДЕРГЕ қауіпті?

  • 60 жастан асқандар мен 2 жасқа толмағандарға;
  • созылмалы өкпе, демікпе, қант диабеті, бауыр, бүйрек, жүрек қан-тамыры ауыратындарға;
  • темекі шегетіндерге;
  • иммундық жүйесі әлсіздерге қауіпті.

фото: medikforum.ru

Пневмонияны анықтау үшін қалай тексерілеміз?


Пульсоксиметрия – саусағыңызды арнайы қысқышпен қысып қояды. Бұл аппарат қанның ауа өткізгішін тексереді. Қалыпты көрсеткіш 95-100 пайыз болу керек. Ал бұл саннан төмен көрсеткіш сіздің жедел түрде емделу керектігіңізді білдіреді.


Рентген – өкпенің жағдайын анықтайды.


КТ «компьютерлік томография) – өкпені жан-жақты тексеретін аппарат. Бұл рентген көре алмаған дертті анықтауға қабілетті.


Қанға сараптама – бойыңызда суықтың бар-жоғын анықтайды.


Қақырыққа сараптама – тамығыңыздан алынады. Бұл жөтелгенде пайда болады. Аталған тест өкпеде инфекцияның бар-жоғын анықтауға қабілетті.


Несепке талдау – пневмонияның бар-жоғын анықтайтын ең жылдам әдіс.


Пневмонияны қайда емдеткен дұрыс?

Мұны дәрігер айтады. Алайда бүгінгі жағдай басқаша болып тұрғанын көз көріп отыр. Егер сізде жеңіл түрі болса, яғни, өзіңіз жүріп-тұра алсаңыз, ентігу болмаса, үйде емделіңіз. Терапевт дәрігердің тағайындаған емін үзбей алсаңыз, ұзағымен 2 аптада ауруыңызды жеңесіз.

Ал егер ауыр түрі болса, бұл үй жағдайында қиындық тудырады. Кейде ауа жетпей, арнайы аппаратпен ауа жеткізетін жағдайлар болады. Бұл кезде науқас 3-4 аптаға дейін аурумен алысады.


Пневмонияны қалай емдейді?

Науқасқа емді ТЕРАПЕВТ немесе ПУЛЬМОНОЛОГ дәрігер тағайындайды. Вирусты пневмонияға арнайы дәрі ЖОҚ. Оны тұмауды емдейтін дәрілермен емдейді.

Жоғарыда аталған белгілерді байқасаңыз, онда:

  • сұйықтықты көбірек ішіңіз;
  • төсектен тұрмай жатыңыз;
  • құнарлы, нәрлі азықтарды тұтыныңыз;
  • дұрыс тамақтаныңыз;
  • қақырықты түсіретін, қызуды түсіретін дәрілерді қабылдаңыз. Мәселен, парацетамол ішкеніңіз дұрыс. Оған қосымша, таза ауада серуендеңіз, өкпеге ауа жеңіл бару үшін жаттығу жасаңыз, қимылдаңыз, үнемі қозғалыста болыңыз.

Ауруды асқындырмай, алдын алыңыз. Жақындарыңызбен білген еміңізді бөліңіз.


Дереккөз: lifehacker.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СІЗГЕ қандай ДӘРУМЕН жетіспейтінін БІЛЕСІЗ БЕ?


ТЕМПЕРАТУРАНЫ бес минутта ДӘРІСІЗ түсіруге болады


БІР қасық КУРКУМА өкпені ҚАҚЫРЫҚТАН тазалайды