​СІЗГЕ қандай ДӘРУМЕН жетіспейтінін БІЛЕСІЗ БЕ?

0
2 225

Дәрументапшылығы түрлі ауруды асқындыратынын біліп жүріңіз


​СІЗГЕ қандай ДӘРУМЕН жетіспейтінін БІЛЕСІЗ БЕ?

фото: zen.yandex.ru

Дәруменді кішкентай балалар мен жүкті әйелдер ғана қабылдау керек деген ойды санамызға мықтап сақтадық. Негізінде дәрумен бәрімізге қажет. Қартқа да, ер кісілерге де, әйелдерге де, жас балаларға да ауадай керек. Дәрумендер саны өте көп. Әрқайсысының атқаратын қызметі мен беретін пайдасы да әрқилы.


Айталық, бір ағзаңыз сыр беріп, дәрігерге бардыңыз. Жалпы тексеруден өткен соң сараптама қорытындысына қарай дәрігер арнайы ем-шараларын жазып, қолыңызға қағаз ұсынды. Осы тізімде дәріден бөлек, дәрумендер де болу керек. Бірақ, дәрігерлердің көпшілігі дәрумен қабылдауды ұсына бермейді. Сондықтан да ағзаңызды қуаттандырып, бойыңызды тіктеу үшін қандай дәрумен ішуге болатынын сұрап алыңыз. Саулығыңыз өзіңізге керек екенін ұмытпаңыз.


Ал кейбір дәрумендердің жеткіліксіздігі дерт арқылы дерек береді. Қалай дейсіз бе?

фото: panasourceusa.com


«А» дәрумені

Егер ағзаңыз А дәруменіне зәру болса, ең алдымен көзіңіздің саулығы нашарлап, көру қабілеті төмендейді. Әсіресе, кеш түскенде көзіңіз көрмей қалады. Одан бөлек көзіңіз құрғап, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Тіпті көзіңіздің іші дуылдап, қыши бастайды.

Бұл дәруменнің жеткіліксіздігі теріге де әсер етеді. Теріңіз құрғап, қабыршақтана бастаса, крем жағып әуреге түспеңіз. Бұл мәселеңізді А дәруменін ішу арқылы шеше аласыз.

А дәруменінің жеткіліксіздігі иммунитетті түсіріп, түрлі дерттің дендеуіне себепші болады.

Егер жоғарыда айтылған жайсыздықтар білінсе, онда дереу дәрігерге жүгірмей, біз ұсынған А дәруменін қабылдаңыз және тамақтану мәзіріңізге назар салыңыз. Мейлінше құрамында А дәрумені бар тағамдарды көбірек тұтынуға тырысыңыз.


«В» тобындағы дәрумендер

Бұл дәрумендер тобы сіздің көтеріңкі көңіл-күйіңізге, тәтті ұйқыңызға, іш қату немесе іш өтуге, ауыз қуысының ауруларына жауап береді.

Егер ешқандай уайымыңыз болмаса да, көңіліңіз құлазып жүрсе, онда дәріханадан В тобындағы дәрумендерді сатып алып, 1 ай бойы ішіңіз. Алғашқы 15 күнде оң нәтижесін көресіз. Сонымен қатар төртке бөлінген түнгі ұйқыны реттеп, ішектің жұмысын жақсартады. Іш қату, іш өту секілді мазасыздықтан біржолата арыласыз әрі стоматолог дәрігердің де креслосына жақындамайсыз.

Сізде жоғарыда жазылған белгілер болса, дәрумен қабылдап, қамыңызды жасаңыз. Егер дәрумен ішу қиындық тудырса, онда құрамы В тобындағы дәруменге бай түрлі тағамдарды жеңіз.


«D» дәрумені

«Күннің нұры» атанған бұл дәруменнің жеткіліксіздігі қимыл-тірек жүйесінің, бұлшық еттің, тырнақтың және тістің саулығына кері әсер етеді. Сонымен қатар диабет пен гипертониялық аурулардың асқынуына себеп болады.

Ал егер бұл дәрумен балаларға жетіспесе, онда терлегіш әрі әлсіз келеді. Оған қоса, тісі мен сүлдесі нашар дамиды. Тіпті, рахит ауруының белгілері пайда бола бастайды.

Егер тырнағыңыз сынып, тісіңіз жиі қанап ауыратын болса, еш ойланбай Д дәруменін қабылдаңыз және де құрамы осы дәруменнің қайнар көзі болып табылатын тағамдарды тұтыныңыз.

фото: zeolite-rus.com


«С» дәрумені

Егер сіз түрлі инфекциялық ауруларға шалдыққыш болсаңыз, бойыңызды шаршау мен қалжырау басып алған болса, ұйқыдан бас алмай, жұмысқа қабілетіңіз төмендесе, онда сізге С дәрумені өте қажет. Өйткені бұл белгілер осы дәруменнің тапшылығын білдіреді.

С дәрумені сонымен қатар сыртқы сұлулығыңыз бен сымбатыңызға да жауап береді. Теріңізде қандай да бір жағымсыз өзгерістер байқалса, ұрып алған жеріңіз көгеріп шықса, қызыл иек қанап, тісіңіз ауырып, түсе бастаса, онда С дәруменін үзбей қабылдаңыз.


«РР» дәрумені

Көпшіліктің аузына түсе бермейтін бұл дәрумен асқазан-ішек жолдарының саулығына жауап береді. Егер аузыңыз жиі құрғаса, лоқсып, құсқыңыз келсе, үлкен дәретке ұзақ уақыт бармайтын болсаңыз немесе тамақ жегіңіз келмей, бас тартсаңыз, онда сізге РР дәруменін ішу керек.

Аталған дәруменнің жетімсіздігі асқазан сөлінің бөлуін бәсеңдетіп, асқазанның жұмысын нашарлатады. Сонымен қатар теріге де түрлі дақ пен безеу шығады.


«Е» дәрумені

Жыныс жолдары мен бауырдың саулығына жауап береді. Егер ағза осы дәруменнің тапшылығын сезінсе, онда жыныс жолдары мен бауырда өзгеріс орын алады. Ағзаны май басып, жұмыс істеуі нашарлайды.


Жалпы, ағзаны әлдендіріп, қуаттандырғыңыз келсе, мезгіл сайын дәрумендер жиынтығын қабылдаңыз. Сонымен қатар құрамы дәруменге бай тағамдарды көбірек жеңіз. Бойыңызда қажетті дәрумендердің бәрі жеткілікті болса, ағза кез келген аурумен айқасуға қабілетті болады. Сондықтан ағзамызға көмектесейік, саулығымызды сақтайық!


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БІР қасық КУРКУМА өкпені ҚАҚЫРЫҚТАН тазалайды


Бұл СЕГІЗ әдіс ЖҮРЕК ауруынан САҚТАЙДЫ


ТЕМПЕРАТУРАНЫ бес минутта ДӘРІСІЗ түсіруге болады

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет