​СТРЕСТЕН мына ТОҒЫЗ түрлі АУРУ пайда болады

0
1 768

Стресс алудың қаншалықты қауіпті екенін біле жүріңіз...


​СТРЕСТЕН мына ТОҒЫЗ түрлі АУРУ пайда болады

фото: insights.vitalworklife.com


Медицина мамандары барлық дерттің дендеуіне жүйке себеп болады дейді. Әсіресе ұзаққа созылған стресс бүкіл ағзаңызды улап, әлсіретеді. Салдарынан адам аурушаң күйге түседі. Стресс алудың алғашқы белгілері:


  • бас ауру, тітіркену, терлеу, аяқ-қолдың мұздауы, тез шаршау;
  • көкірек айналасының ауруы және тахикардия;
  • бұлшықеттердің ауырсынуы;
  • тісті шықырлату;
  • асқазан-ішек жолдарының ауруы, іш қату, іш өту, тік ішектің қабынуы, құсу;
  • салмақ жоғалту;
  • суықтау, инфекциялық ауруларға шалдығу, иммунитеттің төмендеуі;
  • өз-өзінен оқшауланып, тұйықталу;
  • ұйқының қашуы.

Міне, бұл белгілер стресстен хабар береді.


Кез келген адам стресс алады. Ал оны жеңу жігері мықты жанның қолынан ғана келеді. Десе де, стрессті жүк секілді арқалау жақсылыққа жетелемейді. Керісінше бір емес бірнеше аурудың ағзаңызды жаулауына жол бересіз. Сонымен стресстің кесірінен қандай аурулар белең алады:

фото: alteregoo.ru


ҰЙҚЫНЫҢ бұзылуы

Түнгі ұйқыға жата салып ұйықтап кетесіз бе, әлде неге мен бұлай айтпадым, неге мен оны жасамадым, неге олай, неге бұлай деп өз ойыңызбен арпалысып жатасыз ба? Жұмыстағы келеңсіздіктер, үйдегі берекесіздік, кішкентайлардың «кішкентай» проблемалары, ақшаның жетіспеушілігі, кредиттің уақытының жақындауы, түрлі төлемақылар... Міне, мұның бәрі сіздің ұйқыңызды қашырады. Тәтті ұйқы құшағына енудің орнына, бітпейтін проблемаға көмілесіз. Әрине, бұл тығырықтан бірден шыға алмайтыныңызды, сәті келгенде бәрі өз орнына түсетінін білесіз. Алайда, бәрінің тезірек болғанына асығасыз. Санаңызды шарпыған сан ойлар миыңызға, арқаңызға жүк болады да, нәтижесінде стресс алғаныңызды байқамай қаласыз.


АСҚОРЫТУ жүйесінің бұзылуы

Стресс – гастрит, язвалық жара, ішектің зардап шегуіне әкеледі. Арамыздағы көп адамдар стресті тамақ жеу арқылы жеңемін деп ойлайды. Сөйтіп бір күнде 3-5 рет емес, тынымсыз тамақтанып жатады. Арасында тәтті тоқаштар да, торт та желінеді. Мұндай тамақты қорыта алмаған асқорыту жүйесі өз кезегінде жұмысын дұрыс атқара алмайды.


ЖҮРЕК ауруы

Эмоцияға берілу жүрекке зардабын тигізеді. Адам қатты ашуланған кезде жүрек соғысы өзгереді. Бірде қатты, бірде баяу соққан жүрек ауруға шалдығуға бейім келеді. Егер жүректің саулығын сақтағыңыз келсе, сабырлылықты серік етіңіз.


НЕСЕП жүйесінің жолдары

Несептің уақытында шықпауына стресс себеп болады. Оған қоса, бүйрек ауруларының салдарынан да несеп шықпайды. Егер сіз зәрді уақытында шығара алмасаңыз немесе шыдап жүре берсеңіз, зәр құрамындағы бактериямен бірге керісінше бүйрекке барып құйылады да, бүйрек ауруына шалдығасыз.

фото: women-life.ru


ІШІМДІІКЕ салыну

Стресс алған адам сөзсіз ішімдік пен темекіні серік етеді. Күйінгеннен ішіп жүр деген жұбаныш сөздің соңы ішімдікке беріліп кетіпті, деумен аяқталады. Сондықтан да санаңызды жаулаған стресті арақпен емес, таза сумен жуыңыз.


ЖҮЙКЕ аурулары

Бірден ашулану, жұдырық ала жүгіру, көз жасына ерік беру, күйгелектену бәрі-бәрі стресс алудың салдары. Жүйкеге тыныштық сыйласаңыз, еркіңізден тыс ештеме болмайды. Ашуды ақылға, шыдамсыздықты сабырға жеңдіріңіз. Сонда өзіңіз стресті жеңесіз.


Стресстің салдырынан ЖӨТЕЛ, ҚЫШЫМА, АСТМА, ЭКЗЕМА секілді аурулар да белең алады. Аты аталған аурудың алдын алып, жаныңызға тыныштық сыйлау өз қолыңызда. Ол үшін стресске ЖОҚ деңіз.


СТРЕССТІ қалай ЖЕҢУГЕ болады?


ҰЙҚЫНЫ ҚАНДЫРУ

Зерттеушілер стресске түсу – ең алдымен ұйқының бұзылуына әкеледі дейді. Сондықтан стресті жеңудің бірінші қаруы – ұйқыны қандыру екенін біліңіз. Мүмкіндігінше бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұруға дағдыланыңыз. Кез келген аурудан арылу үшін 7-8 сағаттық ұйқыны қанағат етіңіз.

Ұйқыға жатар алдында теледидар көрмеңіз, телефон шұқыламаңыз, мейлінше жарықты сөндіріңіз. Сонда ұйқы құшағына алаңсыз енесіз.


ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ОЯТЫҢЫЗ

Сізге міндетті түрде спорт залына барып пәленбай шақырым жүгір демейміз. Бастысы, жүрек қалауын тыңдаңыз. Жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз. Асықпай, аптықпай, секірмей, жүгірмей тек қана жаяу жүріңіз. Физикалық жаттығу ағзадан эндорфинді жақсы бөледі. Ол өз кезегінде көңіл-күйіңізді керемет көтеретінін біліңіз.


АЙНАЛАҢЫЗДАҒЫЛАРМЕН АРАЛАСЫҢЫЗ

Ішкі проблемамен алысу – стресске жол береді. Жалғыз қалып ойыңызбен күресудің орнына, көршіңізбен, туысыңызбен, айналаңыздағы адамдармен сөйлесіңіз. Ең жақын адамыңызға ішкі жан-сарайыңызды ақтарыңыз. Құпияңызбен бөлісіңіз. Жүгіңіз жеңілдейді, көңіліңіз көтеріледі, тығырықтан шығатын жол табасыз.


ДҰРЫС ТАМАҚТАНЫҢЫЗ

Тамақ – ағзаның саулығын арттыратын бірден-бір ем. Оның дұрыс, құнарлы әрі таза болғаны маңызды. Құрамы минералдарға, дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну арқылы денсаулығыңызды жақсартады, теріңізді жасартасыз әрі стресс алудан сақтанасыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АВИТАМИНОЗДЫҢ маңызды ТОҒЫЗ белгісі


КҮКІРТІ жоқ СІРІҢКЕ терідегі СҮЙЕЛДІ кетіреді


ПИЯЗ бен СУ – ішекті ҚҰРТТАН тазалайды

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет