Сүт безінің қатерлі ісігін болдырмау тәсілі анықталды

0
3 357

Сарапшылар 2002-2017 жылдары 3325 әйел қатысқан екі рандомизацияланған бақылау сынағы мен қан құрамында D тобына жататын дәрумендерінің көлеміне қарай топтастырылған 1713 ерікті қатыстырылған топтық зерттеудің нәтижелерін сараптамадан өткізді.


Сүт безінің қатерлі ісігін болдырмау тәсілі анықталды

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес D дәрумені сүт безі қатерлі ісігі тәуекелін төмендететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері EurekAlert сайтында жарияланды.

Сарапшылар 2002-2017 жылдары 3325 әйел қатысқан екі рандомизацияланған бақылау сынағы мен қан құрамында D тобына жататын дәрумендерінің көлеміне қарай топтастырылған 1713 ерікті қатыстырылған топтық зерттеудің нәтижелерін сараптамадан өткізді. Жасы 55-тен асқан әйелдердің барлығының дені сау болған және ғалымдар төрт жыл бойы олардың денсаулығын бақылап отырған.

Барлығы 77 жағдайда сүт безі рагы тіркелген. Анықталғандай, қан құрамында D тобына жататын дәрумендер көп болғандардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі қан құрамында 1 милилитрге шаққанда 20 нанограммнан аз дәрумен бар адамдардан бес есе төмен болған.

Зерттеушілердің айтуынша, зерттеу нәтижелерін эпидимиологиялық мәлімметтер толықтырып отыр. Оларға сәйкес D дәруменінің ағзадағы жетіспеушілігі мен егде жастағы әйелдердің сүтбезі рагына шалдығуы арасындағы байланыс байқалуда. Ағзадағы дәруменнің қажетті көлеміне қол жеткізу үшін диеаталық қосымшаларды және 4-6 мың халықаралық дана (ХД) тамақты тұтыну керек. D дәрумені үшін бір халықаралық дана 0,025 микрограммға пара пар. Бұл көлемді күнделікті күн көзіне 10-15 минутқа шығу арқылы азайтуға болады.

Бұған дейін D дәруменінің ұсынылатын көлемі күніне 600-800 ХД болған. D дәруменінің қауіпсіз межесін арттырған жағдайда жүрек айну, іш қату, салмақ тастау, жүрек соғысының бұзылуы мен бүйрекке зақым келтіру қаупі артуы мүмкін.

Дереккөз: Baq.kz