ТӘТТІГЕ құмарлық қандай ҚАУІПТІҢ белгісі екенін білесіз бе?

0
8 272

​Ауырмаудың 6 әдісін біле жүріңіз


ТӘТТІГЕ құмарлық қандай ҚАУІПТІҢ белгісі екенін білесіз бе?

фото: 4tololo.ru

Иммунитет – ағзаның қорғаныс күші. Ол мықты болған сайын адамның денсаулығы жақсарады, ал әлсізденген сайын ағза әлжуазданады, түрлі ауруға бейімділік пайда болады. Иммунитеттің әлсіреуіне ең алғашқылардың бірі болып:

  • стресс;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • гиподинамия;
  • жаман әдет себеп болады.


Жалпы, біздің күнделікті ішіп-жегеніміз, демалғанымыз, тыныс алуымыз, жүріс-тұрысымыз, тіпті, ауырғанымыздың өзі ағзада иммунитет қалыптастырады. Оның дамуына тек себепші болуымыз керек. Ал егер жоғарыда аталғандардан бөлек, мына белгілерді байқасаңыз, иммундық жүйеңізді тексертуге тура келеді. Өйткені бұл 5 белгі иммунитеттің әлсірегенінен дерек береді.

фото: like-site.ru


1. ТӘТТІГЕ құмарлық

Күніне қабылдаған 100 гр. қант сіздің иммунитетіңізді бақандай 5 сағатқа «ұйықтатады». Сондықтан да мейлінше тәттіні аз тұтыну керек. Тәттігеқұмарлық иммунитетті әлсіретіп, ағзаның қорғаныс күшін төмендетеді.


2. ҰЙҚЫНЫҢ қанбауы

Түнгі ұйқы дене мен мидың жаңаруына ықпал етеді. Сондай-ақ иммундық жүйенің де нығаюына септігін тигізеді. Иммунитет кез келген бактерия мен вирусқа қарсы төтеп беру керек. Сондықтан да оның неғұрлым мықты болғаны маңызды. Егер сіз түнде демалудың орнына басқа шаруамен айналысатын болсаңыз, фильм қарап, телефонға шұқшисаңыз, онда иммунитет өз жұмысын қалыпты жасай алмайды. Салдарынан оның күші әлсіреп, саулығыңызға кері әсер етеді.

Иммунитетті дұрыс қалыптастырғыңыз келсе, ғалымдар дұрыс деп тапқан 8 сағат ұйықтауды әдетке айналдырыңыз.


3. МАЙЛЫ тамақ жеу

Әсіресе, қанықпаған майдан келер қауіп басым. Ол ағзаны қабынуға бейім етуге күш салады. Май – иммундық жүйенің жұмысына кедергі келтіріп, оның әлсіреуіне ықпал етеді. Мейлінше тамақтану мәзіріңіздегі қаныққан майларды шектеп, оның орнына қанықпаған өсімдік, балық майларын және жаңғақты тұтыныңыз. Бұл азықтар ағзаны аурудан қорғайды, қабынуының алдын алады.


4. СУДЫ аз ішу

Алдымен өзіңіздің жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіп жүргеніңізді анықтаңыз. Ол үшін арнайы сараптамадан өтіп немесе дәрігерге барудың қажеті жоқ. Бар болғаны, зәріңіздің түсіне мұқият қараңыз. Егер зәрдің түсі ашық сары болса, онда сізге алаңдауға негіз жоқ. Ал егер зәрдің түсі қанық болса, онда су ішу тәртібін қолға алуыңыз керек. Өйткені ағзаны ауруға шалдықтыратын да, аурудан қорғайтын да – су екенін ұмытпаңыз. Көптеген дерттің емі – су.

Суды тым аз ішу – иммундық жүйенің әлсіреуіне алып келеді. Иммунитетті қалыптастыру үшін күніне 1,5-2 литрдей су ішуге әдеттеніңіз.

фото: u-f.ru


5. Мұрыннан СУ ағу немесе ҚҰРҒАУ

Мұрынның шырышты қабаты – бактерия мен вирустың жүретін жолы екенін ескерсек, оның саулығы бәрінен де маңызды. Ауаның тарлығы, шырышты қабаттың құрғауы вирустың ішке оңай енуіне жол ашады. Сондықтан да таза ауаға жиі серуендеу немесе мұрын қуыстарын тұз сумен шаю аурудан қорғайды әрі иммундық жүйенің нығаюына себепші болады. Өйткені мұрыннан су ағу немесе құрғау қауіпті аурудың бастамасы екенін біле жүріңіз.

ЕСКЕРТУ! Мұндай жайсыздық туындаса дереу ЛОР дәрігеріне тексеріліңіз.


6. ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ аздығы

Бұл да өз кезегінде бірнеше дерттің дендеуіне себепші болады. Қозғалмайтын денеге ауру да жабысқыш келеді. Өйткені оның қорғаныс қабілеті тым әлсіз. Иммунитетті қалыптастырудың ең тиімді әрі оңай жолы – жаяу жүру. Күніне 3 рет 15 минуттан жаяу жүріп отырсаңыз, сіздің деніңіз сау болады. Теріңіз бен денеңіз жасарады, жүрек соғысы реттеледі, тәбетіңіз ашылады, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Ішек, асқазан жолдары шлактан тазарып, өзіңізді жайлы сезінесіз.


Міне, біз ұсынған 6 әдіс орындалуы қиын шаруа емес. Егер күнделікті әдетке айналдырсаңыз, иммунитет деген қаруыңызды сайлап, саулығыңызды сақтай аласыз. Ендеше, ауырмаудың 6 әдісін қолданыңыз.


Дереккөз: goodhouse.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әйелдердің ІШІ ШЫҒЫП кетуіне мына 7 жағдай СЕБЕП болады


СӘБІЗ жесеңіз ДЕПРЕССИЯДАН арыласыз


Мына ҮШ тұнба ҚАН ҚЫСЫМЫН түсіреді