​Жиі АУЫРАТЫН балаға МЫНА әдісті жасаңыз

0
6 919

БАЛАСЫ жиі АУЫРАТЫН ата-аналарға арналған


​Жиі АУЫРАТЫН балаға МЫНА әдісті жасаңыз

фото: calgaryherald.com

Балаңыз жиі ауыра ма? Жейтін тамағы мен ішетін суын мұқият қадағалайсыз ба? Балаңыз балмұздақ жей алмай, кәмпиттен өзін шектей ме? Салқын су ішсе дереу тамағы ұстай ма? Оның бірден-бір шешімі – иммунитетті көтеру.

Балаңыздың иммунитетін көтеру үшін дәрумен қабылдау жеткіліксіз. Оған қоса педиатр дәрігер ұсынған мына әдісті қолданып, иммунитетті көтере аласыз.


1. Үйді тазалаңыз. Барлық бөлмені, сөрелерді, шкафты шаңнан тазартыңыз. Жұмсақ ойыншықтарды, кілемді, диванды шаңсорғышпен тазалап, ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Еденді сүртетін суға ешқандай қоспа қоспағаныңыз жөн. Тазалықты күніне 2 рет жасап жүрсеңіз, балаңызда тұмау, суықтау, аллергия секілді аурулар болмайды.

2. Бөлмеңізді үй гүлдерімен толтырыңыз. Өздеріңіз білетіндей гүл оттегі шығарып, көміртегіні өзіне жұтады. Нәтижесінде ауаны вирустан тазартады. Ылғалды әрі таза бөлмеде бала еркін ойнайды. Ешқандай ауру жұғады деп қорықпасаңыз да болады.

Бірақ, бөлмені гүлмен толтырумен іс бітпейді. Гүлді де уақытылы суғарып, шаңнан тазартып тұрасыз.

фото: fb.ru

3. Бөлмені жиі желдетіп отырыңыз. Әсіресе, таңғы уақытта 5-10 минутқа міндеті түрде терезені ашыңыз. Балаңыз ұйқысынан сергек оянады әрі көңіл-күйі де керемет болады. Сосын түнгі ұйқыға жатардан алдын 5 минут терезені ашсаңыз пайдасы орасан болмақ. Ауасы таза бөлмеде баланың ұйқысы да жақсы болатынына сеніңіз.

4. Таңертең жеңіл жаттығу жасатыңыз. Балабақшаға, мектепке баратын балақай ұйқысын қимай, таңертең жылы төсектен тұруы қиын болады. Сондықтан ерте ұйықтатуға әрекет етіңіз. Сонда таңертең еш қиналмай тұрады. Уақыт тым шектеулі болса да жаттығу жасатыңыз. Ең болмағанда 10 рет отырып-тұрудың өзі баланың денсаулығына айтарлықтай пайдалы екенін ескеріңіз.

5. Сыртқа шығатын кезде балаңыздың мұрнына Виферон немесе оксолин секілді мазь жағуды ұмытпаңыз. Мазь сырттағы вирустан, инфекциядан 99 пайыз қорғайтынына сеніңіз. Егер балапаныңыз кішкене түшкіріп, жөтеліп жүрсе, онда бетперде тағу керек.

6. Балабақшадан, мектептен, жалпы сырттан келген кезде тамағын, мұрнын тұз сумен (1 стақан жылы суға 1 ас қасық тұз араластырасыз) шаюын қадағалаңыз. Тұз су мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысындағы вирусты әп-сәтте-ақ өлтіреді.

7. Балаңызды таза ауада жиі серуендетіңіз. Баланың дені сау болуы үшін күніне кем дегенде 4 сағат таза ауада ойнауы керек. Әрине ауарайына қарай балаңызды сыртқа шығарыңыз. Қатты жел мен дауыл тұрмаса қар мен жаңбыр балаға таза ауаға шығуға кедергі емес. Ендеше түске дейін және түстен кейін 30-40 минут баламен бірге сіз де серуендеңіз. Таза ауа – иммунитет қалыптастыратынын ескеріңіз.

8. Баланы қарама-қарсы душқа түсуге үйретіңіз. Бала салқын не ыстық судан шошымауы керек. Қарама-қарсы душ бойына қуат, сергектік сыйлайды әрі иммундық жүйені нығайтады. Қарама-қарсы душ қабылдаған бала ыстық-салқын ауаға төзімді келеді.

Қарама-қарсы душты ем ретінде қабылдау үшін күніне 1 рет 1 уақытта жүргізу керек.

Алдымен жылы суға түсіріңіз. Осылайша 15-20 минут қабылдау керек. Емнің соңын жылы сумен аяқтайсыз.

фото: shutterstock.com


9. Баланы ешқашан қалың киіндірмеңіз. Тым қымтап орай беру бала денсаулығына зиян. Жеңіл киініп үйренген баланың денесі суыққа төзімді келеді. Тез жаурағыш болмайды.

10. Балаңыздың ұйқысын реттеңіз. Тыңғылықты әрі жақсы ұйқы баланың денсаулығына пайдалы. Балаңыздың ұйқысы қанғанша ұйықтауына мүмкіндік беріңіз.

11. Тамақтану да маңызды рөл ойнайды. Көкөністі көбірек жегізіңіз. Жасыл түсті жемістер мен көкөністер баланың иммунитетін көтереді. Күнделікті тамақтану мәзіріне құрамы А, С, Е, Д және В тобындағы дәрумендері бар тағамдарды қосыңыз. Оған қоса, калий, магний, мыс, мырыш және йод элементі де бала ағзасы үшін өте қажет минералдар. Бала күнделікті жеп-ішетін тамағы арқылы ағзаны минералмен, ақуызбен және дәрумендермен толықтыру керек. Қара-көк шайдың орнына жаңадан сығылған жеміс шырынын ішкізгеніңіз дұрыс. Әсіресе калий, магний элементтеріне бай итмұрын қайнатпасын үзбеңіз.

Итмұрын – иммундық жүйені нығайтатын ең күшті «дәрі».

Сосын баланы тамақ жеуге қыстамаңыз. Өзіне ұнаған тамақты жесін және мөлшерін де өзінің таңдауына беріңіз. Ал суды шектемеңіз. Жай судың орнына нәрсу, морс, шырын ішуге болады.

12. Бала стресс алмауы керек. Ол иммунитетті қатты әлсіретеді. Баланың еркелігін көтере алсаңыз ғана еркелетіңіз. Көпшілігіміз еркелікті шолжаңдықпен шатастырып аламыз. Ойындағы ойыншығын алмаған, қалаған тәттісін жей алмаған баланың жер тепкілеп жатқанын көреміз. Мұнысына еркелік деп қарайтын ата-аналар бар. Бірақ, бұл еркелік емес! Тап осы жағдайда балаңыз стресс алды. Ол әрине денсаулыққа зиян. Сондықтан балаға бар мен жоқтың не екенін ұғындырыңыз. Ақшаңыз аз болса, баламен бірге базарға бармаңыз.

13. Суық тиіп жөтеліп немесе мұрнынан су аға бастаған балаға ингаляция жасаңыз. Ол үшін арнайы аппарат пен сұйықтық сатып алудың қажеті жоқ. Ыдыстағы қайнаған суға қалампыр, қырмызы немесе бергамот қосып, үстелге қойыңыз. Балаңызды жанына отырғызып, басын жақындатасыз. Басына жылы орамал жабуды ұмытпаңыз.

Ингаляция – мұрындағы, тыныс жолындағы, ауыз қуысындағы микробты, вирусты, бактерияны өлтіріп, аурудың алдын алады.

14. Егер балаңыз түшкіріп, мазасыздана бастаса, дереу аяқ-қолын жылымық суға салыңыз. 5 минуттай осылай жылы оранып отыру керек. Сосын аяқ-қолын құрғатып сүртіп, қыша себілген шұлық кигізіңіз. Осылайша жылы оранып жатса, бала терлеп, бойындағы суық шығады.

15. Гигиена сақтауы шарт. Балаға тазалықты бөпе кезінен үйреткеніңіз дұрыс. Әжетханадан шыққанда, сырттан келгенде, тамақтан алдын, тамақтан соң міндетті түрде қолын сабындап жуу керек. Әр тамақтанудың алдында да осыны ұмытпауы ләзім. Жемісті де, көкөністі де алдымен салқын сосын ыстық сумен жуып жесін. Таңертең және кешке тісін тазалауды, бетін, мойнын жууды ұмытпаңыз.


Оқып отырып, күнделікті қайталайтын жұмысымыз ғой дерсіз! Сондықтан да сіздің балаңыз 3 күн балабақшаға барып, 10 күн үйде ем алып жатқан жоқ. Бірақ осыны жасамайтын балалар бар екенін ескерейік. Білгенімізбен бөлісіп, жиі ауыратын балалардың санын азайтайық. Ауруды дәрімен ғана емес, түрлі жолмен де ауыздықтауға болатынын біле жүрейік!


Дереккөз: formula-trav.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛДІ емдегендегі 7 ҚАТЕЛІКТІ біле жүріңіз


Қалқанша безі ауруын өз бетінше емдеуге болмайды – дәрігер


БАЛ + ШАЙ = ҰЙҚЫСЫЗДЫҚТАН арылтады