​ЖӨТЕЛДІ емдегендегі 7 ҚАТЕЛІКТІ біле жүріңіз

0
10 778

Жөтелді уақытында емдемесеңіз бүкіл ағзаны әлсіретіп, басқа да аурудың қозуына себепші болады.


​ЖӨТЕЛДІ емдегендегі 7 ҚАТЕЛІКТІ біле жүріңіз

фото: ru.freepik.com

Жөтел – тыныс алу жолдарының ауруының бірден-бір белгісі. Адам жөтелу арқылы іштегі микробты, вирусты сыртқа шығарады. Осылайша ағза өзін-өзі тазалайды. Жөтел 3 аптадан 8 аптаға дейін мазалайды. Осы уақытта жөтел басылады деп әрекетсіз отыруға болмайды. Дәрігерге тексеріліп, қажетті ем-шараларын жүргізу керек.


Егер жөтелді дер кезінде емдемесеңіз, созылмалы ауруға ұласады. Ол кезде шамалы салқын су ішсеңіз де, балмұздақ жесеңіз де, тәттінін артығымен жеп қойсаңыз да жөтеліп бастайсыз. Адам жөтелген кезде бірнеше энергия жұмсайды. Сондықтан да жөтелді уақытында емдемесеңіз бүкіл ағзаны әлсіретіп, басқа да аурудың қозуына себепші болады.


Жөтелдің түрлері

Жөтелдің өнімді және өнімсіз деген екі түрі болады. Бірінші түрінде жөтел қақырықпен көрініс берсе, ал екіншісінде құрғақ жөтел болады. Өкпедегі, көкіректегі қақырық шыққан кезде жөтел де басылады. Сондықтан да ем кезінде қақырықты түсіретін дәрілер де қоса ұсынылады. Негізінде жөтеліп бастаған кез келген адамда құрғақ жөтел болады да асқына келе қақырық қосылады. Оны сыртқа шығару арқылы ауруды біршама жеңілдетесіз. Сондықтан қақырықты жөтелден тезірек құтылғаныңыз жөн.

Біз жөтеліп бастаған кезде мынадай қателіктерге жол береміз де, ауруымызды асқындырып аламыз. Мейлінше саулығыңызға сақ болғаныңыз абзал. Ендеше, жөтелді емдеуде жіберетін қателіктерді біліп жүрейік:

фото: medmafia.ru


1-қателік – Жөтелдің түрін түсінбеу, анықтаму

Жөтеле бастасымен-ақ біз ем іздеуге әрекеттенеміз. Жалпы, жөтел ауру емес, ол тыныс жолдарын тазартатын «құрал». Жөтелу арқылы біз ағзадағы қақырықтан құтыламыз. Қақырықты сыртқа шығармасақ, ол өкпеге түсіп, жайғасып алады. Ал оны күтудің орнына күресуге асығамыз. Сөйтіп жөтелдің түріне қарамай, қолымыздағы дәріні ішеміз де ауруды асқындырамыз. Құрғақ жөтел мен ылғалды жөтелге ұсынылатын дәрі екі бөлек екенін ескермей жатамыз. Сол үшін жөтеліп бастағанда қақырықты оңай шығаратын муколитин немесе қақырыққа қарсы дәрі ішіңіз.


2-қателік – Антибиотик қабылдау

Біздің түсінігімізде кез келген антибиотик – барлық ауруды бір күнде емдейтін ғажайып деп қабылдаймыз. Алайда бұл өте қате түсінік. Егер сіздің жөтеліңіз ұзақ уақытқа созылса және қатты жөтеліп жүрсеңіз, онда антибиотик қабылдайсыз. Антибиотикті көп қабылдау –

  • ішектің жұмысын бұзады;
  • авитаминозға шалдықтырады;
  • бауыр мен бүйрекке зиян келтіреді.

Дәрігердер ауру қатты асқынған кезде ғана антибиотик ұсынады. Сондықтан да өз бетіңізше ем жасап, ауруды асқындырып алмаңыз.


3-қателік – Муколитикалық дәрі ішу

Жадыңызда жүрсін! Құрғақ жөтел үнемі вирустық респираторлық ауру бола бермейді.

Басқа ауру басталып жатқан да да жөтелуіңіз мүмкін. Құрғақ жөтел кезінде адамда қақырық болмайды. Сондықтан да ағзаны муколитикалық дәрі ішіп уламаңыз.

Сіз мұрныңыз бітелгенде, аллергия кезінде де жөтелуіңіз ғажап емес.


4-қателік – Өз бетінше емделу

1. Тұмау тигенде, суықтап ауырғанда ешқашан ауасы тар құрғақ бөлмеде отырмаңыз. Ауаның тарлығы ауруды одан сайын асқындырып, вируспен күресуге ағза дәрменсіз келеді. Аурудан айығу үшін күніне 2-3 рет үйге ылғалды тазалық жүргізіңіз. Еденді, сөрелерді сулы шүберекпен сүртіңіз. Бөлменің шетіне ыдыспен су қойсаңыз да болады.

2. Дәрі ағзаға зиян химияға бай деп ойламаңыз. Оның орнына шөптермен емделетін науқастар бар. Бұл да өрескел қателік екенін ұғыңыз. Шөп ауруды емдемейді, уақытша ғана басуы мүмкін. Уақыт өте қайтадан ауру басталады.

3. Қыша мен банкінің көмегіне жүгінбеңіз. Әсіресе жөтеліп жүрген кезде бұл ең қауіпті әдіс. Біріншіден қақырық толы өкпенің тесігін тарылтып, қақырықтың сыртқа шығуына кедергі болады. Екіншіден, теріңіз күйіп қалуы мүмкін.

4. Жөтел өзі кетеді деген ойдан арылыңыз. Мұрынның бітелуі, су ағуы уақыт өте басылады. Сол секілді жөтел де жазылады деп бей-жай қарамаңыз. Дерттің алдын алу ағзаға әлде-қайда пайдалы екені есіңізде болсын!

фото: ocoronavirus.ru


Жөтелді дұрыс емдеу

Басты тапсырма – өкпені қақырықтан тазалау. Алғашқы күндері өкпеге қақырық жиналып, жөтел құрғақ күйінде көрініс береді. Уақыт өте келе ол сұйылып, ағзадан шығу керек болады. Міне, осы кезде қақырықты түсіретін дәрілерді ішу керек.

Қақырыққа қарсы дәріні күндіз ішу керек. Себебі таңертең қақырық жақсы бөлінеді де сыртқа шығару оңай болады. Ал егер түнде ішетін болсаңыз, ұйқылы-ояу оны шығаруға ерінесіз.


Қақырық деген не?

Қақырық – тыныс жолдарында жиналатын сұйықтық. Оның ауруға байланысты түрлері болады:

  • суық тигенде немесе тыныс жолдары қабынғанда қақырық шырышты болады;
  • бактериялық ауруға шалдыққанда қақырық іріңді болады;
  • өкпе ісінгенде – ұйыған қақырық бөлінеді;
  • туберкулез немесе тыныс жолдары қатерлі ісік ауруына шалдыққанда қан аралас қақырық пайда болады.

Қайсы түрі болса да тыныс жолдары қақырықтан таза болу керек. Әтпесе, ауру асқынған үстіне асқына береді.


Қақырық түспесе не істеу керек?

Оның сыртқа шықпай жиналуы көптеген аурудың асқынуына себепші болады. Оны өкпеге жеткізбей тыныс жолдары арқылы сыртқа шығаруымыз керек. Егер қақырық түсіретін дәрі көмектеспесе, онда:

  • жылы суды көбірек ішіңіз;
  • ингаляция жасаңыз;
  • зімбір қосылған шай ішіңіз;
  • тыныс жолдарына жаттығу жасаңыз.


Бастысы, саулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз. Жөтеліп бастағаннан-ақ пульмонолог немесе терапевт дәрігерге тексеріліңіз. Ол сізді толық тексеруден өткізіп, қажетті ем-шараларын ұсынады. Жөтелді өз бетіңізше үйде емдеуден сақтаныңыз. Жоғарыда жазылған қателікке жол бермеңіз!


Дереккөз: gorzdrav.org


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Кіші ДӘРЕТКЕ жиі БАРУ ненің БЕЛГІСІ?


Қызыл түсті ШЫРЫН балаңыздың ИММУНИТЕТІН көтереді


ИНФЕКЦИЯНЫ жою үшін қияр ТҰЗДЫҒЫН ішіңіз