​Жұқарған ЖҮЙКЕНІ қалпына келтіруге АЛТЫ минут жетеді

0
9 149

Бұл ӘДІС сабақты ОНЛАЙН оқып жүрген ОҚУШЫЛАР мен СТУДЕНТТЕРГЕ және АТА-АНАЛАРҒА арналған.


​Жұқарған ЖҮЙКЕНІ қалпына келтіруге АЛТЫ минут жетеді

фото: cugetliber.ro

Бүгінде сабырлы адамды кездестіру мүмкін емес шығар. Әсіресе сабақ басталғалы ашуға мініп жүрген ата-аналарды, ызақор балалар мен ашушаң студенттерді көріп жүрміз. Мұғалімдерді ғой айтпаса да түсінікті. Десе де, уақытша болып жатқан келеңсіздіктер үшін бүкіл өмірімізге қажет болатын жүйкемізді сау күйінде сақтауымыз керек. Әрине айту оңай. Амалын тапсаңыз ол да оңай екенін ескеріңіз.

фото: pravda.ru

Медицина мамандары жүйкенің әсерінен ми шаршаса қауіпті, жұмыс істеп шаршаған денсаулыққа пайдалы дегенді айтады. Сондықтан да барлық ағзаның саулығына жауап беретін жүйкемізді сақтайық. Мейлінше ашуға бой алдырмай, шыдамдылық танытайық.

Жүйкені тынықтыру үшін көп нәрсе қажет емес. Тіпті, оған қалтаңызды қағатын қаржы да керек емес. Өзіңізді өзіңіз емдейсіз. Шаршаған ЖҮЙКЕНІ тынықтыруға КӨЗІҢІЗ, ҚҰЛАҒЫҢЫЗ, ҚОЛЫҢЫЗ және АУЗЫҢЫЗ көмектеседі. Мүшелерді достастыра отырып, қауіптің алдын алуға болады. Сонымен, сіз дайын болсаңыз, біз бастаймыз...


ЖҮЙКЕНІҢ тозуының алғашқы белгілері:

  • ұйқының бұзылуы;
  • күйгелектік;
  • тәбеттің төмендеуі;
  • селқостық;
  • әлсіздік;
  • созылмалы аурулардың өршуі.


ЖҮЙКЕНІҢ шаршағанын қалай білеміз?

Ол үшін жайғасып отырып алып, өткенімізге ойша көз жүгіртеміз. Бір кездері төсегімізден тұрмай, басымызға дейін көрпеге оранып жатқан күн болды ма? Иә дейсіз бе? Онда сіздің жүйкеңізге тыныштық керек. Бұл стресстің соңғы кезеңі екен. Жалпы, стресске шалдығу 3 кезеңнен тұрады:

  1. Қорғану
  2. Бейімделу
  3. Берілу яғни жеңілу.

1-кезеңде жүйке жүйесі барлық жүйелер мен ағзалардың жұмысын оңтайландырады, қандағы адреналин мен гормондардың деңгейі күрт көтеріледі.

2-кезеңде ағза демалыссыз, ұйқысыз жұмыс істей береді. Бұл ағзаның тозуға жақын қалғанын білдіреді.

Ал 3-кезеңде жүйке жасушалары өледі. Бұл ағзалардың жұмыс істеуін төмендетеді.

Міне, 3 кезеңмен танысып алдық. Өздеріңіз білетіндей, жүйке жасушаларын қалпына келтіру – кезек күттірмейтін негізгі міндет болып табылады. Өйткені кез келген аурулардың белең алуы жүйке бұзылысының әсерінен туындайды. Ұзақ уақытқа созылған күйзеліс – бас ауруын, мидың ісінуін, жүрек-қан тамырлары жүйесі, қалқанша без ауруларының пайда болуына ықпал етеді. Сондықтан да ертеңгі қауіптің алдын алу үшін ашу мен ренішті, шыдамсыздық пен күйгелектікке бүгін нүкте қою керек.

САБЫРДЫ қалай серік етуге болады?

Мәселен, апай математика сабағын «Zoom» арқылы өтеміз деп ескертті. Бірақ сіздің интернетіңіз дұрыс істемей, сабақты өткізіп алдыңыз. Салдарынан есептің шығару жолдарын көрмей қалдыңыз. Енді сізге үй тапсырмасын орындау қиындық тудырды. Қандай жолмен шығарсаңыз да нәтижесі дұрыс болмайды. Міне, осы кезде біздің миымыз жұмыс істеуін тоқтатады, санамызды сабырсыздық, бойымызды ашу билейді. Тап осы кезде, қаламсапты сындырып, дәптерді мыжып, тіпті кітапты лақтырып жіберуге шақ қаласыз.

Бұл әрекет сізге жақсылық әкелмейді. Ешкім келіп сізді сабырға шақырмайды, есебіңізді шығарып бермейді. Бәрін де өзіңіз жасайсыз. Бірақ өте кеш. Сыныптастырыңыздың соңында қалғаныңыз үшін өзіңізге ашуланасыз.

Дәл осы кезде ашуды ақылға, шыдамсыздықты сабырға жеңдірсеңіз, бәрі де ойдағыдай болады. Ең бастысы, көңіл-күйіңіз түспейді, жүйкеңіз жұқармайды әрі ойлануға мүмкіндік болады.

Ол үшін НЕ ІСТЕУ керек?

Өте оңай. Ең алдымен:

  • ұйқыны қандыру;
  • дұрыс тамақтану;
  • су ішу тәртібін қалпына кетіру керек.

Жүйкеге салмақ салу – адамды астан шектейді. Таңғы ас, түскі ас уақытында ішілмегендіктен адам авитаминозға шалдығады. Салдарынан ағза жұмысын белсендіретін дәрументапшылығына ұшырайды. Оның орнын толтырып, жүйкені қалпына келтіру үшін В тобындағы дәрумендерді ішу керек. Ал аталған дәруменді сарымсақтан, ірімшіктен, картоптан, жаңғақтан және сүт өнімдерінен таба аласыз.

Сонымен қатар, А, Е және Д дәрумендерін қабылдау арқылы, шаршауды, әлсіздікті, енжарлықты жеңесіз.


ШЫРТ ҰЙҚЫ – бір емес бірнеше дерттің дауасы екенін ұмытпаңыз. Ұйқыңыз қанбаса ең алдымен жүйке клеткалары сыр береді. Жүйкені тынықтыру үшін ұйқыны реттеу керек. Ұйқысы бұзылған адамның жұмысқа қабілеті төмендеп, тәбеті нашарлайды әрі күйзеліске берілгіш келеді. Өзіңізге тәтті әрі тыныш ұйқы сыйлағыңыз келсе, ұйқыға жатар алдында 1 стақан сүт ішіңіз.


СУ – ағзаны қуаттандырады. Сондықтан да суды көбірек ішіңіз. Судың аздығы бүйректің жұымысн бәсеңдетеді. Дені сау адам күніне кем дегенде 2 литр сұйықтық ішу керек. Бірақ қою демделген шай мен кофені, газдалған тәтті сусынды шектеңіз. Кофеинді шамадан артық қабылдау – ағзадағы сұйықтықты жояды. Бұл кальций элементінің жойылуына әкеледі. Ағзаның саулығын, жүйкенің тыныштығын ойласаңыз таза суды ішіңіз.

СУ – жүйкені тыныштандырады. Бұл жолы су ішпейсіз. Тек суға қарап тыныштық табасыз. Сіздің үйіңіздің айналасында су ағатын арық жоқ шығар, бәлкім. Бұл мәселе емес. Ашулана бастағанда дереу құбырдағы суды ашып, көз ілмей қарап тұрыңыз. Салдырап аққан су сізге тыныштық сыйлайды, бойыңызды уайымнан, қорқыныштан, үрейден, күйзелістен арылтады.


ДӘРІ – тыныштандырады. Бірақ уақытша ғана әсер етеді. Дәріні ішуді тоқтатқан күні-ақ жүйкеңіз қайтадан сыр бере бастайды. Нәтижесінде тыныштандыратын дәріге тәуелділік пайда болады. Сондықтан да жүйке мәселесін дәрісіз-ақ шешудің жолын таңдаңыз.


Міне, бұл әдіс жүйкенің саулығын сақтайтын ең тиімді әрі төте жол. Бойыңызды ашу билей бастағанда, дереу тұншықтыруға тырысыңыз:

  • 1 стақан суды аз ұрттамнан ішіңіз.
  • Тәбетіңіз тартқан жемісті жеңіз.
  • Таза ауаға шығыңыз.
  • Күлкі шақыратын видео көріңіз.
  • Әуен тыңдаңыз.
  • 2-3 минут жеңіл жаттығу жасаңыз.
  • Ең жақын адамыңызбен сөйлесіңіз.

Осыдан соң-ақ, тамаша әрі көңілді қалпыңызға келесіз, ойыңыз жинақталып, бойыңызға сергектік сыйлайсыз. ЖҮЙКЕНІ сақтау – ЖҮРЕКТІ сақтағанмен бірдей екенін ұмытпаңыз!


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ұйқы безінде ҚАТЕРЛІ ісіктің БАР-ЖОҒЫН өзіңіз АНЫҚТАЙ аласыз


Бұл БЕС тұнба БАУЫРДЫ тазалайды әрі емдейді


Мына ТӨРТ тұнба ҚАНДЫ тазалайды