​ЖҮКТІЛІК кезіндегі АНЕМИЯНЫ жеңудің ЕКІ жолы бар

0
9 747

Мұны білу өте маңызды


​ЖҮКТІЛІК кезіндегі АНЕМИЯНЫ жеңудің ЕКІ жолы бар

фото: etoglaza.ru

Анемия – қауіпті ауру. Әсіресе жас балалар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті. Анемия анадан анемия бала туылатыны анық. Сондықтан да анадан балаға өтетін аурудың алдын алып, уақытында емделу керек.

Анемияның салдары көптеген аурудың белең алуына ықпал етеді. Жалпы ағзаны әлсіретіп, қуаттан арылтады. Гемоглобиннің төмендеуінен ағза қажетті оттегіні ала алмайды. Ал гемоглобинді темір элементі толықтыратынын білесіздер. Темірдің жетіспеушілігі жүкті аналарға кері әсер етіп, саулығын нашарлатады.


Жүктілік кезіндегі анемия неден пайда болады?

Жоғарыда айтқанымыздай темірдің жетіспеушілігінен анемия болады. Минералды элементтің жетіспеуіне – дұрыс тамақтанбау, құрамы темір элементіне бай тағамдарды тұтынбау себеп болады. Одан бөлек:

фото: tostpost.com

Қан жоғалту

Темір қанның құрамында болады. Егер сіз белгілі бір себептермен көп қан жоғалтқан болсаңыз, онда анемия ауруына шалдығасыз. Сонымен қатар, етеккір тым көп әрі уақытынан бұрын не кейін келсе, ауыр ота жасалса, денеңізді қатты жарақаттап алсаңыз, онда қан жоғалтасыз. Салдарынан анемияға шалдығатыныңыз анық.


Теміртапшылығы

Анемия қабылдаған темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуінен пайда болады. Құрамы темір элементіне бай тағамдарды жеу арқылы ағзамызды аталған элементке байытамыз. Оны қабылдау бөлек те, ағзаға сіңіру бөлек. Сондықтан да дәрігеріңіз ұсынған дәрумендерді, диеталық тағамдарды жеуге әдеттеніңіз.


Жүктілік

Жүктілік кезіндегі темірдің жетіспеушілігі, анемия – кең таралған ауру. Оның салдары құрсақтағы балаға да тиетінін ұмытпаңыз. Егер гемоглобин мөлшерінен шамалы болса да төмендесе міндетті түрде терапевт және гинеколог дәрігердің кеңесін алыңыз. Дәрігерлер тағайындаған дәріні, екпені уақытылы алып, қажетті тағамдарды тұтыныңыз.


АНЕМИЯҒА КІМДЕР ШАЛДЫҒАДЫ?

Көпшілік тым арық, әлсіз, аурушаң адамдар ғана анемия болады деген пікірде. Бұл өте қате ұғым. Тау қопаратын азамат та, салмағы сексеннен асатын әйел кісі де анемия болуы мүмкін. Өйткені анемия салмақ, бой, дәреже таңдайтын ауру емес. Оған кез келгеніміз шалдығуымыз мүмкін. Мәселен:


Вегетариандар

Ет жемей, көбінесе өсімдіктен жасалған тамақпен қоректенетіндердің ағзасы темір элементіне зәру болады. Сондықтан да ет жеуге әдеттену керек. Егер мүлде ет жей алмайтын болсаңыз, онда тамақтану мәзіріңізге құрамы темір элементіне бай бұршақ, астық дақылдары мен теңіз өнімдерін көбірек қосыңыз. Сонда жоғалтқан темірдің орнын толтыра аласыз.


Етеккірі көп келетіндер

Етеккірдің шамадан артық көп келуі қалыпты жағдай емес. Гинеколог дәрігерге тексеріліп, анықтау қажет. Етеккірдің көп келуі ең алдымен теміртапшылығына әкеледі. Жүкті кезіндегі темірдің тапшылығы өте қауіпті. Тіпті, қайғылы жағдайға әкелуі де мүмкін. Ананың саулығына кері әсерін тигізеді, түсік тастауы ықтимал, баланың уақытынан бұрын туылуы мүмкін, тіпті, дені сау бала туылғанымен оның ары қарай дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

фото: mag.103.kz


АНЕМИЯНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:

Анемия ұзаққа созылатын ауру. Түрлі белгілер арқылы білінеді. Нақтырақ айтқанда:

  • әлсіздік пен шаршау;
  • бас айналу;
  • жүрек соғысының жиілеуі;
  • шаш пен тырнақтағы өзгеріс, сынғыштығы мен жылтырлығын жоғалту;
  • терінің қуылдануы;
  • ентігу;
  • бас ауру;
  • аяқ-қолдың мұздауы;
  • ауыз қуысының ауруы (уылу, қызыл иектің ағаруы, тілдің қабынуы);
  • тәбеттің төмендеуі байқалады.


АНЕМИЯНЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?

Алдымен қан сараптамасын жасату керек. Сараптама қанның көлемін, түсін және пішінін көрсетеді. Ферритин мен гемоглобиннің деңгейін анықтап береді.


АНЕМИЯНЫҢ ЕМІ ҚАНДАЙ?

Жүктілік кезіндегі анемияны емдеу кезінде өте сақ болған жөн. Өйткені жүкті анаға кез келген дәріні, екпені, дәруменді қабылдауға болмайды. Тіпті, тамақты да талғаммен жеу керек.

Анемияның емі:

  • құрамы темір элементіне бай тағамдарды қабылдау;
  • дұрыс тамақтану;
  • темір элементі бар дәрумен ішу.

Дәрігерлер кез келген жүкті әйелге құрамында темір элементі бар дәрумен жиынтығын ішуге кеңес береді. Оны дәрігердің тағайындаған уақытында міндетті түрде қабылдау керек. Бұл дәрумендер мен дәрілер ауруды емдеумен қоса, анемияны болдырмайды.

Емделу мерзімі аптадан бірнеше айға дейін созылады.

Одан бөлек, бұршақты, астықты өнімдерді, қызыл етті, цитрусты және кептірілген жемістерді, көкөністерді, салат жапырағы мен көктерді көбірек жеңіз. Соя, жүгері, кебек, шай, кофе, сүт және минералды суды жиі тұтыныңыз. Оған қоса, қарақұмық, анар, брокколи мен түрлі жаңғақты да үзбеңіз.

Өйткені, анемияның емі – дәрумен қабылдау және дұрыс тамақтану болып табылады.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КАТАРАКТА: себебі, белгілері және емі


Кімге ҚАУЫН жеуге БОЛМАЙДЫ?


МҰРЫННАН аққан СУДЫ аскөк МАЙЫ тоқтатады