​«Әйелім түнімен қинайды»: Шымкенттік жігіт 15 жыл отасқан келіншегін түсінбей жүр

0
18 088

" Қалай болғанын өзім білмей қаламын..."


​«Әйелім түнімен қинайды»: Шымкенттік жігіт 15 жыл отасқан келіншегін түсінбей жүр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Отбасын құрған екеудің арасындағы мұндай жағдайлар тым жеке болса да, шымкенттік жігіт ашығын айтуға бел буыпты. ERNUR.KZ тілшісіне айтып берген оқиғасында ол әйелінің соңғы кезде қатты өзгергенін, сол қылықтары араларына сызат түсіріп жатқанын жеткізді.


Айтуынша, 34 жастағы азаматтың жары төртінші баласын дүниеге әкелген соң өзгере бастаған.

- Кішкентайымыз екіге толған соң жұмысына шықты. Қай жерде қызмет істейтінін айтпай-ақ қояйын. Бірақ, бұрындары мұндайын көрген емеспін. Кейде әдейі ол ұйықтаған соң кіремін бөлмеге, болмаса қонақ бөлмеде жатып ұйықтай саламын. Бірде үстіме көрпе жауып кетсе, екіншісінде оятып алып кетеді. Ондай күндері мен қаламай тұрсам да өзі қалағанын орындайды... Шаршап тұрсам да қинап жібереді... Кейде таңертең ертемен де әрекет жасайды... Сондай кездері шыдай алмай кетемін, - деген ол әйелінің төсекте тым белсенді боп кеткенінен шошитынын айтады.


- Әсіресе, қонаққа барып келгенде балаларды жайғастыра салысымен түртпектей бастайды. Бәлкім, менікі дұрыс емес шығар. Бұрындары тек өзім бастайтын болғандықтан ба, оның мұнысы маған ұнап жүрген жоқ. «Менің енді ашылған кезім, мені қанағаттандыра білуің керек» деп ашық айтады. Бұрын төсекте менен ұялушы еді, қазір тым еркін.


Қасына жақындап кетсем, бір қылық көрсетуге дайын тұрады. Сүйіп алады, мойнымнан иіскейді, денесін, омырауын тигізіп өтеді. Бұрын ол «балалар көріп қояды, ұят болады» деп тұра қашушы еді, қазір мен жалтақтаймын. Үйдегі әке-шешем, балаларым байқап қоймады ма деп... Бұрын сыртқа шыққанда қолынан ұстасам да ұялатын. Қазір паркте, көпшілік орында сүйіп те ала салады. Автобуста да маған тақалып, көздері ойнақшып тұрады.


Рас, бір жағынан онысы ұнайды да. Екінші жағынан, ойыма күдік келе береді. Неге әйелім соңғы жылдары өзгеріп кетті? Оған не әсер етті? Әлде расында әйел отыздан соң «ашыла» бастай ма? Артық ақшаны үйге жапсырып, «анау-мынау алайық» деп үнемдеп отыратын әйелім қазір сыртқа шығып демалғанды қалайды. Әдемі киініп, боянады. Балаларды ата-әжесіне тастап екеуміздің ғана бірге қыдырғанымызды қалайды. Бұрынғы талғамы, таңдауының бәрі өзгерген.


Сол үшін жиі ұрысып қаламыз. "Бұлай етуді қайдан үйрендің?" десем, "бәрі сен үшін" деп ренжіп жылап қалады. Кей күні ұрыс-керісіміз әжептеуір дай-дамайға ұласады. Апталап сөйлеспей жүреміз. Бірақ ондай кезде де төсекте татуласып аламыз. Тағы да сол әйелім бірінші... Қалай болғанын өзім білмей қаламын...


Жақында үйленгенімізге 15 жыл болады екен. Жалақымыздан депозит ашып жинаған қаржымыз бар. «Сол ақшаға шетелге барып үйленгенде болмаған бал айымызды өткізіп келейік» дейді. Мен әлі ойланып жүрмін, - дейді төрт баланың әкесі.


«Бұлай өзгеріп кетуіне не себеп? Бұрынғы ұялшақ әйелімді сағынып, қазіргі еркін де әдемі әйелімді көрінгеннен қызғанып жүрмін» дейді ол.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Түсік тастай беремін»: алматылық келіншек күйеуін кінәлайды


«Бірінші әйелі күйеуімнен екіқабат»: шардаралық келіншек ақыл сұрайды