Ерекше фермуарлы қол сөмкелерді Шымкенттен алуға болады

0
3 193

​"Қолөнерді құрақтан бастадым" дейді сүйікті хоббиін табыс көзіне айналдырған - Майра Алпысова. Негізгі Майра медицина саласындағы балаларды оңалту орталығында педагог-психолог қызметін атқарады, ал бос уақытында тігін тігеді.


Ерекше фермуарлы қол сөмкелерді Шымкенттен алуға болады

"Қолөнерді құрақтан бастадым" дейді сүйікті хоббиін табыс көзіне айналдырған - Майра Алпысова. Негізгі Майра медицина саласындағы балаларды оңалту орталығында педагог-психолог қызметін атқарады, ал бос уақытында тігін тігеді.

Қазір қолөнермен айналысып, өткен мұраны жаңғыртып жүрген жандар көп. Солардың бірегейі Майра өзіндегі өнер нағашыларынан келген деп біледі. "Қолөнер қасиеті нағашыларымнан жеткен, әжемнің әкесі зергер болса, ал әжемнің өзі тігінші болатын, бұрынғының адамдары кілемді де, текементті де жасау технологияларын жақсы білгені білеміз. Әр үйдің бір бұрышында өз қолдарынан жасалған, көздің жауын алар, кілемдер мен ағаштан жасалған сандықтар болатын. Балалық кезде ауылда апамның қасында отырып құрақты тігуін көретінмін, тек балалық шақ өз күшін алғаннан болар, бір жерде отыруға шыдамым жетпей далаға қашып ойнап кететінмін" - деп кішкентай күнін еске алып күлген қыз өз қолынан шыққан туындыларымен таныстырды.

Бұрын балалықпен мән бермеген қыз бірде мата қиындыларын тастауға обал көріп, көрпеше жасауды ұйғарады. Апасынан құрақ тігуді үйретуді сұраған Майра: "Апам қыр сырын түсіндіріп, қиындыларды бір-біріне геометрикалық тәсілмен қосып, бірінші құрағымды тіккенмін" -, дейді. Кейіннен тігу шеберлігін жақсарту мақсатында және осы бағытта білімін толықтырғысы келіп жазғы тігін курсын оқып бітіреді.

Содан бері Майраның жасаған бұйымдары Алматы, Шымкент сынды қалаларда өтетін қолөнер жәрменкелеріне қатысып жүр. "Сүйікті хоббиім үлкен де болмаса табыс табуымның бір кілті болды" деген Майра қазір қыз-келіншектерге арналған сәнді фермуармен жасалған қолдорбаларын тігуде екен. Тұрақты жұмыс істеп жүріп сүйікті ісіңмен шұғылдану үшін, Майраның айтуынша, шабыт пен махаббат болса жеткілікті.

Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

ERNUR.KZ