Отандық сүт өнімдерінің қайсысын таңдайсыз?

0
6 633

Адамзаттың бірінші сұранысы - тамақ. Еліміздегі статистикаға жүгінсек, тамақ өндірісімен айналысатын 2,1 мың кәсіпорын бар екен, соңғы он жылда сүт өнімдерін өндіретін орындар 2,7 есеге өскен. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша елімізден 40 тонна сүт өнімі өзге елге экспортталған. Оның ішінде көбі шекаралас Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанға тасымалданады.


Отандық сүт өнімдерінің қайсысын таңдайсыз?

Адамзаттың бірінші сұранысы - тамақ. Еліміздегі статистикаға жүгінсек, тамақ өндірісімен айналысатын 2,1 мың кәсіпорын бар екен, соңғы он жылда сүт өнімдерін өндіретін орындар 2,7 есеге өскен.

Сүт өнімдерін өндіретін компаниялар көп болғанымен, олардың сапасы әр түрлі деңгейде. Ал қайсы өнімдер сұранысқа ие екенін білу мақсатында тұтынушылардың пікірін сұрап көрген едік.

Назгүл Назар: Осыдан 3-4 жыл бұрын "Адал" отандық өнімімен танысқан болатынмын. Құрбым кәсіби xимик болғандықтан, өнімнің таза әрі сапалы екендігіне тәжірибелері арқылы көз жеткізген. Содан бері мен де қолданып келем. Сонымен қатар, "Foodmaster” сүт өнімдерін де жақсы көремін.

Жадыра АҚҚАЙЫР: Үйде үнемі болуы тиіс азық-түліктің бірі – сүт. Өйткені өз басым кофені өте қатты жақсы көремін. Бір қызығы, шайға сүт қоспайтын болсам, кофені тек сүтпен ғана ішемін. Сонымен бірге таңғы асқа нанға қаймақ жағып жеп не болмаса сүтке езетін дайын тағамдар жейтініміз бар. Осыны есепке алсақ, үйімде неге үнемі сүт болады деген сауалға жауап алуға болады. Енді отандық сүт өнімдеріне келейік. Шыны керек, бұрын бағасына қарай ғана сатып алатынмын. Қайсысы қолжетімді болса, соның тұтынушысы едім. Бүгінде арзан болуына емес, сапасына мән береміз. азық-түлік аларда тәжірибе жасағанды ұнатамын. Бір жолы бір фирманы алсам, келесіде – басқасын. Осылайша өзім үшін шешім шығарамын. Сүт өнімдерінде де солай. Мәселен, айран алғым келсе – «Амиранның» 2,5 пайыздық «Табиғи айранын», сүт болса, 3,2 пайыздық «Айналайын», қаймақтан «Адалдың» өнімдері дегендей әрбірінде фавориттерімізді белгілеп алғанбыз. Байқап отырсам, дастарханымызда тұратын отандық өнімдер екен. Бағасы жөнінен де аса қымбат емес. Үнемдеуді ұнататындар үшін де қаптамалардың түр-түрі бар. Сүт өнімдері жайлы айтқанда, құрт, сүзбе де ұмытылмауы тиіс. Мәселен, Алматыдағы дүкендер сөрелерінде облыстық фермалардың құрттарын көп көреміз. Кейбірінің бағалары тым қымбат. Арзандарының ішіне көбіне әк қосылады. Жалпы алғанда ауылдың құртын таныс арқылы арнайы тапсырыспен алдырған дұрыс деп ойлаймын. Қымыз, шұбатсүйер қауым үшін де таңдау аз емес. Яғни айтқым келгені отандық сүт өнімдерін тұтынушылар жетерлік, өндірушілер көбейе түссе екен. Өйткені импорт тауарларының үлесі әлі де болсын жоғары. Бәсекенің артуы үшін бәсекелес компаниялардың көбеюі шарт.

Елназ Қапарова: Алматы облысын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған бірнеше зауыт бар. Білсеңіз, Алматы қаласында сатылатын сүт өнімдерінің 60 пайызы өзіміздің облыстан өндіріледі. Талдықорған қаласындағы JLC зауытының өнімдерін отбасымызбен жақсы көреміз. Күнделікті дастарxанымызда тұрады. Одан бөлек "Арқабаев" зауыты өнімдері мен "Текелі", "Үштөбе-Айдын" өнімдері де мақтауға тұрарлық.

Бұдан өзге тұтынушылар аймақта өндірілетін өнімдерді көбірек тұтынады және халыққа таныс атауларға да мән беретінін айтады. Ал сіз отандық қай компанияның өнімін пайдаланысыз?

Өткен жылғы көрсеткіш бойынша елімізден 40 тонна сүт өнімі өзге елге экспортталған. Оның ішінде көбі шекаралас Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанға тасымалданады.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ