Отырарда күніне 1 тонна шұбат өндіріледі

0
5 634

Отырар ауданындағы "Гүлмайра" шаруа қожалығы 2003 жылдан бері шұбат өндірумен айналысып келе жатыр. Ал 2011 жылы жаңа цех ашып, онда "Отырар шұбаты" деген арнайы ыдыспен шығара бастайды.


Отырарда күніне 1 тонна шұбат өндіріледі

Қазіргі күні базардан сатып алынған ағарғанға күмәнмен қарайтынымыз жасырын емес. Өйткені табысы мол болу үшін түрлі қоспалар қосады деген қорқыныш бар. Ал бүгін сіздерге таныстырғалы отырған шұбаттан олай күдіктенбеуге болады.

Отырар ауданындағы "Гүлмайра" шаруа қожалығы 2003 жылдан бері шұбат өндірумен айналысып келе жатыр. Ал 2011 жылы жаңа цех ашып, онда "Отырар шұбаты" деген арнайы ыдыспен шығара бастайды.

Қожалықтың төрағасы Мұстафин Оразәлінің айтуынша, қазір шаруашылықтағы мал басы 500-ден асқан. Күн сайын үш мезгіл сауып, шамамен 1-1,5 тонна дайындалған шұбат Оңтүстік елді-мекендерінен бөлек Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларының тұрғындарына да қол жетімді болып отыр. "Ешқандай қоспа қосылмайды,100 пайыз табиғи өнім. Шұбат арнайы сүзгіштен өткізіліп, залалсыздандырылады" деген шаруа қожалық басшысы шұбаттың адам ағзасына да пайдалы екенін айтады.

15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұжымда қазір 16 адам қызмет етеді. 2 мерзімге жарамды емдік сусынның нарықтағы бағасы шамамен 500-600 теңге.

Фото жеке мұрағаттан алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ