​«3 МИНУТ» техникасы күйеумен қарым-қатынасты "ЖЫЛЫТАДЫ"

0
3 241

Кез келген адам білуі тиіс.


​«3 МИНУТ» техникасы күйеумен қарым-қатынасты

фото: cdn5.vectorstock.com

Кез келген адаммен қарым-қатынасыңызды түзегіңіз келсе немесе байланыс орнатуды ойласаңыз, «3 минут» деп аталатын техниканы біліп алуыңыз керек-ақ.

Иә-иә, алғашқы таныстықта да, ата-енемен, күйеумен, құрбымен, әріптеспен, ұл-қызыңызбен де салқындаған қарым-қатынасты жылыту үшін де бұл психологиялық техниканың көмегі зор.



ҚАНДАЙ ТЕХНИКА?

Өте оңай. Тек эмоцияңызды басқарып үйренсеңіз болғаны. Көңіл күйіңіз болмаса да езуіңізді екі жаққа тартып, ыржия білу жеткілікті. Небәрі 3-ақ минут!


Түсінікті болу үшін, бірнеше мысал келтірейік.

1-МЫСАЛ: Күйеуіңіз басқа қалаға тойға кетті. Бір күннен (немесе екі-үш) соң үйге оралды. Қалай қарсы аласыз?

«Күніне бірнеше рет телефонда сөйлесіп жүрміз ғой. Видеоқоңыраумен де сөйлестік», - деп есікті ашып әдеттегідей күтіп алатынын айтады бір келіншек. «Бір ай емес қой, екі-күн көрмегенге сағынып қалмаймыз. Сәлем-сәлем дейміз тек қана», - дейді екінші бір әйел.

«Қол алысып, бет сүйеміз. Сосын дастархан жайып жүріп, ол жоқта жиналып қалған проблемаларды айтамын», - дейді тағы біреу.

Ал психологтар бір күн ғана емес, тіпті кешке келген күйеуіңізге есік ашқанда да күлімсіреп, оны көргеніңізге қатты қуануыңыз керек дейді. Кез келген кездесу, күтіп алуда алғашқы 3 минут адамның көңіл күйіне әсер етеді екен. Егер күйеуіңіз шаршағанын жылдам ұмытсын, үйге келуге асығып тұрсын десеңіз, оны әр күні күліп қарсы алыңыз. Мейлі, ауырып тұрсаңыз да, көңіл күйіңіз нәскиге түсіп кетсе де өзіңізді қинап 3 минут ыржиюға тырысыңыз. Үш-ақ минут қой.

Үш минуттан соң әріптесіңізбен керісіп қалғаныңызды, банктен шалынған қойңырауды т.б. айтып үлгересіз.

Жарты күн көрмесеңіз де, бір жыл көрмегендей қуанып алдынан шығыңыз. Бұл эмоциялық байланысты, жақындықты арттырады.



2-МЫСАЛ: Қызыңыз қалада оқиды, студент. Апта сайын ауылға келеді. Қалай қарсы аласыз?

Ата-аналардың көбісі бастысы аман екен деп, бетінен сүйіп қоя салады. Сөйтеді де таусылмайтын тірлікке қайтадан кірісіп кетеді. Тіпті перзентінің бетінен сүймейтін суық ата-аналар да бар.

Психологтар балаңызды құшақтаңыз дейді. Құшақтауға, жағдайын, денсаулығын, оқуын сұрауға 3-ақ минут кетеді ғой.

Кішкентай баланы балабақшадан алып кетуге барғанда да құшақтаңыз дейді жантану мамандары. Бұл бала үшін өте маңызды.

Үш минутыңызды оған арнаңыз. Содан соң басқа шаруаларыңызды істей беріңіз.

Осы 3 минут ана мен баланың, ер мен әйелдің, ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынасты нығайтады. Ол сіздің алдыңызда тұйықталмайды, ешнәрсе жасырмайтын болады. Диалог құрылады.



3-МЫСАЛ: Үйіңізге келген қонақ та алғашқы үш минутқа аса мән береді. Алыстағы ағайыныңыз, мейлі бағана ғана тілдескен көршіңіз есігіңізден бас сұққанда міндетті түрде күлімдеңіз.

Бұл орайда көп мысал келтіруге болады. Алғашқы кездесуде, сауда саласында жұмыс істейтіндер де ол адамды тағы да көргісі келсе, алғашқы 3 минутта күлімдей білуі қажет.


«3 минут» техникасы адамдардың бір-біріне керек екенін сездіретін психологиялық әдіс. Ал адамды алға ұмтылдыратын, үзілейін деп тұрған үміт жібін қайта жалғайтын, ауруды жеңуге қуат беретін, көңіл күйді көтеретін нәрсе ол – өзіңнің өзгелерге (әйтеуір біреуге) керек екеніңді білу. Психологтар «өзіңді керек» сезімі ең күшті қуат дейді.

Олай болса, жақын адамыңызды көргенде, қарсы алғанда «3 минут» техникасын орындауды ұмытпаңыз!


Дайындаған: Жазира Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бала ҚАТЕЛЕСІП те ҮЙРЕНУІ керек - психолог ата-аналарға кеңес береді

Неге ЕРКЕК әйелін ҰРАДЫ?