​Ақшаны көбейтетін СУПЕР техника

0
3 740

Бұны жаңа жыл күні орындаңыз.


​Ақшаны көбейтетін СУПЕР техника

Фото: medaboutme.ru

Кез келген іс-әрекет алдымен мида жоспарланады. Бұны бәрі біледі. Ақша табу, табысты көбейту де солай.

Осы орайда көп арасында тараған техниканың ең оңайын назарларыңызға ұсынамыз. Бұны әсіресе жаңа жыл күні және жаңа жылдан кейінгі аптада 2-3 рет орындау қажет. Бар болғаны 30-ақ минут уақыт арнайсыз.


Ешкім мазаламайтын оңаша бөлмеде орындаңыз. 20-30 минут жалғыз өзіңіз отырып, бір параққа «Маған мыналарды алу үшін ақша керек» деп тақырып қойыңыз.


2022 жылы не алғыңыз келеді? Нені қалайсыз? Тізіп, бірінің астына бірін жазып шығыңыз. Мысалы:

  1. көлік
  2. шаңсорғыш
  3. смартфон
  4. әмиян
  5. қол сағат
  6. алтын жүзік
  7. күннен қорғайтын көзілдірік
  8. әдемі қойын дәптер...


Осылай тізіп жаза беріңіз. Шектеу қоймаңыз. Бұл тізімді тіпті 100-ге жеткізуге де болады. Бірақ шынымен де сізге қажетті, «алу керек» деп ойлап жүрген заттар болғаны дұрыс.

Сосын әрқайсысының қасына шамамен бағасын (теңге) жазып шығыңыз. Сізге қажеттілерді алу үшін жалпы қанша ақша қажет екен? Есептеп жалпы соманы да жазу міндетті.

Тізімді дауыстап оқып шығыңыз. Жалпы соманы ойға алып, «2022 жылы маған мынынша ақша керек» деп айтыңыз.

Келесі қадам – қажетті заттар тізімі жазылған қағазды далаға шығарып өртеп, күлін ұшырып жіберіңіз.


Міне, осы техникадан кейін түпсанаңыз сізге қажетті ақшаны іздей бастайды. Айналаңызда қосымша жұмыс ұсынып, басқа жұмысқа шақыратындар көбейе бастайды. Сондай-ақ табыс табу туралы ұтымды ойлар қаумалайды. Бұны бәрі де техниканың көмегі. Ары қарай ойланып, қорытып, әрекетке көшу – сіздің еншіңізде. Іске сәт!


Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ерте тұруға ҚАЛАЙ әдеттену керек?

Бұны орындамай ұйқыға ЖАТПАҢЫЗ!