Аурудан ЖЫЛДАМ емделудің сіз білмейтін ТӘСІЛІ

0
3 523

​Күніне үш-төрт мезгіл дәрі ішудің, ине салдырудың қажеті жоқ. Күніне бір рет осыны жасасаңыз жетеді.


Аурудан ЖЫЛДАМ емделудің сіз білмейтін ТӘСІЛІ

фото: muzhik.guru

Өмірдің ғажаптарын сезінуге, қуануға ауру-сырқатыңыз кедергі боп жатыр ма? Не істеу керек?

Басыңызға түскен қиындықтармен күресесіз ғой, мәселеңізді шешпейінше тыным таппайсыз. Олай болса, дертпен де солай күресіңіз.


Осы орайда «емі жоқ деді ғой», «ем-шаралардан нәтиже болмады» дейтіндер табылады. Сіз тек дәрігерлердің емін қолдандыңыз. Ал барлық дерттің түбірі тәнде емес, жанда. Сондықтан жантану мамандарының да еміне жүгініп көрген дұрыс-ақ.

Өйткені жүйкесін тыныштандыру арқылы, мінезін өзгертудің нәтижесінде ауруынан айыққандар әлемде көп. Соның бірі – американдық Луиза Хей. Ол өзінің өмірлік тәжірибесінде адамның мінезі расында да ауруларды «тудыратынын», ал жағымсыз мінезді түзеу арқылы дерттен құтылуға болатынын айтады.


Әрине, ауруды емдеу үшін, алдымен оның себебін біліп алған жөн. Мысалы:

Жауапсыздық – созылмалы ауруларды

Мақсатсыздық – бөртпе, иммунитеттің төмендеуі, әлсіздік, қан қысымының төмендеуін

Кекшілдік – гепатит, ұйқысыздық, гастрит, асқазан қышқылының артуын

Дөрекілік – вирустық аурулар, геморрой, холецистит, бронхит, қалқанша безінің дерттерін

Сараңдық – семіздік, өт ауруларын

Қаттылық, қатаңдық – астма, онкологиялық аурулар, эпилепсия, импотенция, анемия ауруларын

Қызғаншақтық пен іштарлық – жүрек қан тамыр дерттерін, психикалық ауруларды

Ашуланшақтық – өңеш, жұтқыншақ сырқаттарын

Өкпешілдік – қант диабеті, артрит, циститті

Өзімшілдік, эгоистік – геморрой мен баспа ауруларын тудырады екен.

Мінезіңіз түзуленсе, ауруыңыз да өздігінен емделеді дейді белгілі психотерапевт Л. Хей.


Мінезді түзеудің ең тамаша тәсілі айналаңыздағы барлық адамды жақсы көруді үйрену керек. Олардың бәріне күніне бір рет тілек жақсы тілектер тілеңіз.

Егер ем жылдам жүрсін десеңіз, ұзақ жылдан бері ренжіп жүрген адамдардың тізімін жасаңыз. Көңіліңіз қалған, сізді алдап кеткен, сатқындық жасаған, жылатқан, ашуландырған адамдардың да есімдерін жазып, күнде оларға денсаулық, байлық, ақыл, бақыт, сәттілік, баспана, көлік, жақсы жұмыс тілеп, дұға жасаңыз.

Егер бір ай бойы арасын үзбей, күнде осы тәсілді орындасаңыз, ауруларыңыздың қалай жазылып жатқанынына таң қаласыз. Егер бұны ары қарай жалғастыра берсеңіз, тәніңіз бен жаныңыз ғана емес, өміріңіз де «сауығып», бақытты күндеріңіз көбейеді, мәселелеріңіз жойылады...

Сенбесеңіз, бір ай орындап көріңіз.

Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Мынандай 6 түрлі әйелге ҮЙЛЕНБЕ!


ҚАНДАЙ түсті ӘМИЯН ақшаны магнитше тартады - тест